«Балдәурен» жазғы лагері

1 күн . Лагердің ашылуы

2 күн

Жазғы мектепішілік «Балдәурен» лагері Рәміздер күнін атап өтті.Балалар би билеп, түрлі ойындар ойнады. Балалар Балдәурен лагерінде үйірме секцияларға қатысып жақсы демалды.

3 күн

4 күн

06.06.24 ж. Мектеп жанындағы “Балдәурен” лагерінің “Кемпірқосақ” тобының 4-ші күні.Жоспарға сәйкес “Әртістер” күні.
Мақсаты:Балалардың қабілеттерін шыңдап,өнерге баулу.0
Тәрбиешілер:С.А.Оспанова
А.Б.Кузембаева

5 күн

0️⃣7️⃣.0️⃣6️⃣ күні.»Балдәурен» жазғы лагерьнің Кемпірқосақ тобы таңғы жаттығу жасап, әр түрлі ойындар ойнады. Содан кейін Мұражайға саяхат жасады. Мақсаты: Балаларды қаланың тарихы мен ондағы жануарлар, құстармен таныстыру.
Бүгінгі күн балаларға өте қызық болды. Топ тәрбиешілері: Кузембаева А.Б. Оспанова С.А

ETHNO LIFE лагерь 2025

3 маусым күні 1 жасақ «Дала дарындары»тобы «Ұлттық құндылықтар-елдің рухани негізі» бойынша «Жұмбақ пен мақал – тапқырлық пен білімнің сыны» атты сайысы өткізілді.
Мақсаты: «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Жұмбақ жасыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Жалпы сайысқа 4 жасақ оқушылары атсалысты. Әр жасақ 20 оқушыдан құралған. Сайысқа жасақтар кезектесіп,белгіленген уақыт бойынша қатысты.
Алдымен мақал — мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өттік. 1-ші кезең: Сурет арқылы жасырылған әртүрлі мақалдар үлкен экран арқылы балаларға көрсетілді. Балалалар жасырылған мақал-мәтелдерді ойлана отырып,дұрыс жауабын табуға белсене атсалысты. Бір қуантарлығы балалар ата бабамыздан қалған өшпес мұрамызды ұмыт қылмай мақал-мәтелдерді бір-бірінен қалсыпай,жарыса айтып,білетініне куә болдық.
2-ші кезең: Балаларға әртүрлі тақырыптарда жұмбақтар жасырылып,ойлана отырып жауаптарын таба білді.
Қорытынды: Балаларды ынталандыру мақсатында дұрыс жауап берген оқушыларға жетон тарату арқылы соңында қорытындыланып, көп жетон жинаған балаларға
«от шашу» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін болашақ бүлдіршіндерімізге толық сенім артамыз.
Жауаптылар: Акмуханбетова Б.А; Шагаева Ж.Д.

4 маусым күні 1 жасақ «Дала дарындары»тобы«Ұлттық ойындар күні: дәстүр мен болашақ арасындағы көпір» бойынша«Қол күрес» «Бәйге»ұлттық ойындары ойнатылды.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары қол күрес, бәйге ойындары арқылы балалрға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Негізгі бөлім: Тақырып бойынша ұлттық ойындарды ойнауға 1 жасақ қатысты. Жалпы бала саны 20 қатысушы. Ойынымызды бастамас бұрын балаларға жалпы ұлттық ойындар туралы қысқаша мәлімет айтылып өтілді. Бұлалалар мұқият зейін қойып тыңдады. Ойынды бастамас бұрын ойын барысындағы қауіпсіздік ережелер ескертіліп айтылды.
Қол күрес ойынынан күш сынасып өзінің мықтылығын көрсеткен балалар финалға шығып,тағы бір мәрте күш сынасты. Олар: Кауменов Ерасыл, Алибеков Бекарыс, Камбар Мадияр, Маулен Бауыржан оза шықты. Бәйге жарысында балалар қызығушылықтарын айқын көрсетіп,бір-бірінен қалыспай топ жарыса білді.
Жауаптылар: Акмуханбетова Б.А; Шагаева Ж.Д.

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар-елдің рухани негізі»
«Тұлға тану» ақпараттық сағат бойынша өткізілген жұмыс талдауы.
Мақсаты: оқушыларды «атақты тұлғалар» түсінігімен таныстыру, еліміздегі әйгілі атақты тұлғалар туралы әңгімелеу. Тұлғалар туралы білімдерін шыңдауға тәрбиелеу.
Жалпы сайысқа 4 жасақ оқушылары қатысты. Әр жасақта 20 оқушыдан болды. «Тұлға тану» ақпараттық сағатқа жасақтар кезектесіп,белгіленген уақыт бойынша қатысты.
Балаларға тұлға тану туралы түсінік берілді. Жасанды интеллект арқылы ұлы тұлғаларды сөйлетіп, өздері туралы сұрақтар қойылды.
Атақты тұлғалар: М. Дулатұлы:Менің атақты шығармаларым қандай және «Оян қазақ» өлеңін айтып бер?
А. Құнанбаев :Менің өмірге келген жылым және қанша қара сөзі бар?
А. Байтұрсынов: Мен қай жерде дүниеге келдім және қай жылы дүниеге келдім?
Ә. Бөкейханов: Мен кіммін және шығармаларымды атаңдар? деген сұрақтар болды.
Балалар тұлғалардың қойғанын сұрағына қызыға жауап беріп, ат салысты. Балалар өз білімдерін одан әрі шыңдай түсті. Балалар бір бірінің жауаптарын толықтырып, шығармаларын атап, өлеңдерін жатқа айтып берді.
Қорыта келе айтарым әр жасақтан атсалысқан балалар бар. Оларға кері байланыс беріліп отырды. 1- жасақтан Бәлдік Алтыншаш, Алибеков Бекарыс, 2 – жасақтан Ғалымжанов Айсұлтан,Бердигалиев Исагали, 3 –жасақтан Бәлдік Нұрәли, Мырзағалиев Айдын, Батурбекова Зарина, Жұмағұл Сезім, 4- жасақтан Искендирова Инаят, Аскар Санжар,Жұмағали Асқар осы балалар барлығын айтыа, атсалысып отырды. Оқушылардың атақты тұлғалар туралы білетіндері анық байқалды.

3- жасақ жетекшілері: Оспанова С.А.
Әмірқайдаров Ж.А.

Тақырыбы: «Ұлттық ойындар күні: дәстүр мен болашақ» арасындағы көпір»
«Бес асық – баблар ойыны» бес асық жарысы бойынша өткізілген жұмыс талдауы.
Мақсаты: Оқушыларға бес асық ойынының ойналу ережесін түсіндіру, ой өрістерін дамыту, икемділікке, шапшаңдыққа,ептілікке тәрбиелеу.
Жалпы ойынға 4 жасақтың қыз балалары қатысты. Әр жасақта 5 қыз бала болды. Бес асық ойынын қыз балалар ойнады.

3- жасақ жетекшілері: Оспанова С.А.
Әмірқайдаров Ж.А.

3 маусым күні 2 жасақ «Рух» тобы «Бата -рухтың күші, елдің тұғыры» бата айту, бата жаттау мақсатында «Ата-жол, ана -ұлағат» қалалық ата-әжелер ұйымының мүшесі, Халыққа білім беру үздігі, еңбек ардагер ұстаз Доскұлова Күнжәмила Мырзағалиқызымен кездесу болды. Әжеміз балаларға батаның маңыздылығын, батаның түрлеріне тоқтала отырып , балаларға батасын берді.
Негізгі мақсаты: Игі тілек айту арқылы жақсылық тілеу, рухани қолдау көрсету және өмірлік бағыт-бағдар беру.
Бүгінгі іс -шарада өздерінің білетін баталарын жатқа айтқан: Айсултан, Мирхат, Нурдаулет .

Тақырыбы: «Мұражай әлеміне саяхат»
«Мұражай әлеміне саяхат» бойынша өткізілген жұмыс талдауы.
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін,мұражай туралы түсінікті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,оқылым,сөйлесім,жазылым дағдыларын дамыту.т
Жалпы мұражайға 4 жасақ оқушылары барды. Әр жасақта 20 оқушыдан болды. «Мұражай әлеміне саяхат» бойынша сағатқа жасақтар кезектесіп,белгіленген уақыт бойынша қатысты.
«Кешегі бұйым-бүгінгі мұрағат» демекші: Балаларға мұражайды толығымен Аханова Айда Темірханқызы таныстырды.Бірінші Рәміздеріміз туралы айтып өтті.Екінші Мұражайда оқушыларға Рудный қаласын таныстырды.Қостанай «Наурызым қорығы» жануарлар әлемімен толықтай таныстырып өтті. Бұл қорық 1931 жылы 30 маусымда құрылғанын жәнеде Қорықты құрудағы мақсат қорықта сирек кездесетін,жануарлар мен —өсімдіктер әлемін табиғи жағдайдан сақтау керек екенін айтып түсіндіріп өтті. Одан кейін Алексеевка қорымы Тобылдың сол жағалауында орналасқанын 1921 жылы студент геолог ол қорымды Б.В Соколов тапқанын айтып мәлімет берді.
Оқушыларды қазақ халқының этнографиясымен таныстырып өтті. Киіз үй туралы айтып, киіз үйдің жалпы салмағы шамамен 300-4000 кг Кереге,шаңырақ,уық сыңғырлау осылар туралы және де киіз үй алты қанат Ақ ала орда сегіз қанат барлығын жеке-жеке түсіндіріп өтті.
Киіз үйдің ішінде сол жағында ер адамның заттарын оң жағында әйел адамның заттарымен толығымен таныстырды.
Оқушыларды ағаштан жасалған заттар және де тастан жасалған заттармен таныстырды.
Ер қаруы- бес қару шоқпар,найза,садақ айбалта қылыш туралы атап өтті.
Қорыта келе «Мұражай ел шежіресі» деп бекер айтылмаған.Мұражайдан бірнеше ғасырлар тарихын көруге болады. Бүгін біздің оқушылар көріп көптеген мәліметтер алды.Саяхатымыз оқушыларға ұнап, өте қызықты өтті.

3- жасақ жетекшілері: Оспанова С.А.
Әмірқайдаров Ж.А.

«Салт-дәстүр-ұлттық кодымыз» бойынша өткізілген жұмыс талдауы.
Мақсаты: Қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер арқылы балаларға ұлттық құндылықтарды таныту, дәстүрдің мәнін ұғындыру, ұлт рухын ояту және ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрмет пен қызығушылықты арттыру.
11-күнгі бағдарламада ерекше тәрбиелік мәні бар ұлттық дәстүр — тұсаукесер рәсімі өткізілді. Шара киіз үй ішінде ұйымдастырылып, 20 бала белсене қатысты. Мерекелік рәсімнің басында Шамшия Ғазизқызы балаларға тұсаукесер салтының шығу тарихы, маңызы мен тәрбиелік мәні туралы кеңінен айтып, тәрбиелік бағытта терең ой қозғады.
Тұсауы кесілген сәбидің рөлін лагерьге келген кішкентай бүлдіршін атқарды. Тұсау кесу құрметі Роза Айдашовнаға берілді. Ол баланың болашақта «тіл-көзден аман, аяқ-қолы балғадай, жолы ашық болсын» деген ниетпен тұсауын кесті. Сонымен қатар, баланың тұсауын өз немересінің орнына деп Күлшария әже ырымдап кесті.
Тұсау кесу рәсімін Бағдина Мағауияқызының арнайы тұсаукесер әнімен әрлеп, киелі дәстүрді рухани тұрғыда көркем жеткізді. Балалар қызығушылықпен қарап, дәстүрдің мазмұны мен мәнін терең ұғына білді.
Қорытынды:
Балалар бұл күннен үлкен әсер алды. Қазақ халқының бай мұрасын көзбен көріп, ұлттық дүниетанымды терең сезінді. Салт-дәстүрге деген қызығушылық пен құрмет арта түсті.
3 — жасақ тәрбиешілері: С.А. Оспанова
Ж.А.Әмірхайдаров

Атауы: «ETHNO LIFE» шатырлы, киіз үй лагері
Күні: 10.06.2025 ж
Өткізілген орны: Мектеп, киіз үй алаңы
Уақыты: 08:45-13:00
Тақырыбы: «Қызықты күн-әрбір сәті ерекше»
«Қызықты күн-әрбір сәті ерекше» бойынша өткізілген жұмыс талдауы.
Мақсаты: Балалардың көңіл күйін көтеру, эмоционалдық көңіл-күйін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілетін арттыру және белсенді қатысу арқылы қызықты күн сыйлау.
«Қызықты күн-әрбір сәті ерекше» бойынша сағатқа жасақтар кезектесіп,белгіленген уақыт бойынша қатысты.
Алдымен таңғы уақытта (08:45–09:00) балаларды шат-шадыман көңілмен қарсы алып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Сағат 09:15-те балалар қызықты музыка әуенімен 15 минут билеп, көңілді жаттығу жасады. Содан кейін, 09:30-да лагерь жетекшілері балаларға қауіпсіздік ережелері мен тәртіп сақтау туралы қысқаша әрі түсінікті ақпарат берді. Осылайша, балаларға лагердегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді.
10:00-11:00 аралығында мәжіліс залында балалар «Алдаркөсе» мультфильмін тамашалады. Бұл мультфильм балаларға ұлттық құндылықтар мен тапқырлықты дәріптеді. Көңілді әсер алған соң, балалар
11:00-11:30 аралығында сахнаға шығып, «Kazakh Star» караоке кешінде ән салып, өз шығармашылығын көрсетті. Кейін балалар мектеп ауласына шығып, 11:30-12:00 аралығында ұлттық би биледі.
Соңғы бөлімде (12:00-12:45) «Water Fun Fest» – су шашу ойыны өткізілді. Балалар бір-біріне су шашып, шаттыққа толы көңілді сәттерді бірге өткізді.
Қорыта келе,бұл күн балаларға ерекше көңіл күй мен жарқын эмоциялар сыйлады. Әрбір бала белсенді қатысты, достарымен бірге шаттық пен қуанышқа бөленді.
3- жасақ жетекшілері: Оспанова С.А.
Әмірқайдаров Ж.А.