Мектеп кітапханасы

“Демалыста кітап оқимыз” 2 сыныптар арасында кітап оқу сағаты
Нургазина Мадина Кабдулиевна — Кітапхана меңгерушісі. Еңбек өтілі: 29 жыл.
Шакирова Амина Адильхановна — кітапханашы. Еңбек өтілі: 12 жыл

Көктемгі демалыс кезінде мектеп кітапханасы 5-сынып оқушыларымен “Менің сүйікті кейіпкерлерім. Сүйікті кітаппен фотосессия” атты іс-шара өткізді.
Іс -шара барысында оқушылар өздері оқыған кітаптардың кейіпкерлері туралы өз ойларымен бөлісті және фотоға түсті.

1 наурыз — «Алғыс айту күніне” орай мектеп кітапханасы 1 сынып оқушыларына “ Менің ең алғашқы кітабыма алғысым шексіз” атты кітапханамен танысу түрінде саяхат өткізді. Саяхаттың мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Кітапты сүюге баулу, күтіп ұстау ережелерін білу.
Мектеп  кітапханасында «Сөңбес жарық жұлдыз» атты кітап көрмесі өтті. Бұл көрме тұңғыш геолог, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған. Бұл көрмеде оқырмандарға ғалымның еңбектері және ол туралы жазған жазушылардың кітаптары таныстырылды.
19 қаңтарда оқушылар мен ұстаздар  үшін мектеп кітапханасы Буккроссинг «Менің сүйікті кітабым» атты бұрыш ашты.
 «Менің сүйікті кітабым» атты буккроссинг акциясы мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың ат салысуымен өткізілетін акция.
Бұл акцияның негізгі мақсаты мектеп кітапханасындағы кітап қорын молайту және байыту. Сонымен қоса игі іс жасау ,яғни өзіңіздің сүйіп оқыған кітабынызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Бұл акцияның ерекшелігі ешқандай оқырманға формуляр ашылмайды және акцияға берілген кітапты алған оқырман өзінің кітапқа жауапты екенін білу керек. Яғни кітапты кері қайтаруы оқырманның негізгі жауапкершілігі болып табылады.

“Оқитын-мектеп,оқитын- ұлт”жобасы аясында 4”Ә” сынып оқушылары кітапханаға саяхаттап барды.Саяхат барысында кітапханашы Нургазина М.К кітапхана жұмысымен таныстырып,кітапханаға келген жаңа кітаптарға шолу жасады. Оқушылар қызығушылық танытып,ұнаған кітаптарын оқуға алды.Бос уақыттарында отбасымен кітап оқу жалғасуда .

«Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасының аясында мектеп кітапханасының кітапханашылары : Нургазина М.К. , Шакирова А.А ұстаздармен 9 – сынып оқушыларына қысқаша жоба туралы презентация көрсетіп және оқырмандар назарына Міржақып Дулатұлының алғашқы романы «БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ» кітабынан қысқаша үзінді фильм көрсетті. Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.П.Шайкибекованың бастауымен осы романға зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Күзгі демалыс

Күзгі демалыста мектеп кітапханасы 2,3,4,5,6 сынып оқушыларына
«Оқитын мектеп — Оқитын ұлт»
атты жобасының аясында оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Оқу барысында оқушылармен кітап оқумен шектелмей , викториналық ойындар өткізілді. Өздеріне ұнаған әдеби кітаптарды жаздырып алды.

Мектеп кітапханасы туралы мәлімет.

1. Мектеп кітапханасы оқу-тәрбие процесін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін мектептің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Ол оқушылардың білім үйрену негіздеріне көмектеседі,бағыттайды және  оқу тәрбие жұмысына белсене араласуына ықпал жасайды.Кітапхана оқу жылынан бастап 700 оқушыға,70-ке жуық мектеп ұжымына қызмет жасады.1сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін оқушылар оқулықпен қамтамасыз етілген. 1051 оқушының 100 пайызы оқулықпен қамтылған.. Жаңа бағдарлама бойынша биыл 2 сыныптарға оқулықтар келіп түсті. Кітапхана қорына 1602  дана жаңа буын оқулықтары мен  дана мұғалімдерге арналған әдістемелік кітаптар түсті.Соңғы екі жылда 1035 дана көркем әдебиетттер түсті.Бұл дегеніміз жақсы нәтиже.өткен оқу жылдарындағы түсу бойынша. Біздің мектеп кітапханасында 16066 дана көркем әдебиет бар. Мәселен өткен ғасырдың соныңдағы кітаптарға назар аударсақ, оның ішінде көркем-әдеби кітаптардың жиырма-отыз пайызы жарамсыз екендігі белгілі болды.Кітапханда кітапханашылардың жұмыс орны және оқырмандарға арналған орындар бар:14 орындық оқу залы,ғаламтор пайдаланушылар үшін 1 компьютер бар,оқулықтарды сақтау үшін жабдықталған кітап қоймасы бар.Кітапхананың оқу залы кітапхана абономентімен бірге орналасқан.Оқу залында маңызды ақпараттық хабарламаны қамтитын 5 көрме шкафы бар.Жарықтандыру санитарлық- гигиеналық талаптарға сай келеді.

Кітапханада 2 адам жұмыс істейді. Кітапхана меңгерушісі Нұрғазина Мадина Қабдоллақызы  басқарады.Мадина Қабдоллақызының 29 жылдан астам уақыт бойы кітапханшы  мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар,аталған мектепте 20 жыл жұмыс жасайды.Кітапханашы Шакирова Амина Әділханқызы осы мектеп кітапханасында 12 жыл еңбек етіп келеді.Кітапханда жұмыс істеуге  қолайлы психологиялық жағдай қалыптасқан.Көркем безендірілген қажетті энциклопедиялар,анықтамалық материалдар,танымал ғылыми әдістемелік әдебиеттер жинақталған.Жұмыстың әртүрлі формалары қолданылады:кітап көрмесі,кітапхана сабақтары,әңгімелер,кітап шолулары,тақырыптық стендтер,викториналар.Жұмыстар мұғалімдермен тығыз байланыста жүргізіледі,әр түрлі мектеп іс-шараларына дайындалуға,олимпиадаларға,ғылыми конференцияларға,пәндік апталықтарға,ашық сабақтарға,семинарларға т.б.ғылыми жобаларды дайындауда үнемі көмек көрсетеді,Әрбір мектептің іс-шарасы үшін кітап көрмесі ұйымдастырылады және ұсынылған әдебиеттер тізімі жасалады.