









2024-2025 оқу жылындағы Мектеп парламенті мүшелері.

Мектебіміздің президенті Рудный қаласы балалардың құқығын қорғау министрі атанды!

“Құтқарушылар күніне” орай пікірталас сайысы

Тәуелсіздік күніне орай ер балалар арасында пікірталас

2024-2025 жыл қорытындысы нәтижесінде «Жұлдызды сәт-2025» атты белсенді оқушыларды марапаттау іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде: Мектеп парламентінен-9 оқушы, «Жас ұлан» ұйымынан -8 оқушы марапатталды.

1-мамыр күніне қалалық әр ұлттың киімімен парад өткізілді. Мектеп парламенті Қазақ ұлты болып киініп, іс-шараға белсенді түрде ат салысып қайтты.

Мектеп парламенті арасыда қалалық «Мектеп парламентінің слеті»өткізілді. Әр мектеп өз тандап алған фракция бойынша жасаған жұмыстарын көрсетіп, тәжірбиелерімен бөлісті. Іс-шара соныңда барлық белсенді қатысқан мектептерге білім бөлімініен алғыс хат табысталды.

«Лидерлер апталығы» аясында экология және еңбек фракциясы «Жасыл әлем» квест ұйымдастырды. 7 сынып командалары бақ сынап, командада жұмыс істеп үйренді. Барлық оқушылар қатысқандарына мадақтама алды.
Ұйымдастырушы: мектеп парламенті
Өткізгендер:
Нұрлыбаева Гульниса Нургисаевна
Аман Римма Ерполатқызы
Асанова Амина Алтынбекқызы
Райханова Нұрсила Талғатбекқызы

5-8 сынып президенттерімен “Өзін-өзі басқару” ұйымы президенті жиналыс өткізді .Жиналыста сынып фракциясы министрлерінің міндеттері толықтырылып түсіндіріліп өтті.Кейін кері байланыс үшін топтық тапсырма берілді. Оқушылар фракцияларға бөлініп қызметтері туралы нақтылап постер арқылы түсіндіріп өтті!

Мектеп парламентінің алғашқы жетістігі «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты Республика күніне орай ұйымдастырылыған қалалық акциясы қатысқаны үшін білім бөлімінен алғыс хат.

Мектеп парламенті челленджге белсенді қатысқаны үшін қалалық білім бөлімінің мадақтамасын иеленді!
парламент #тәуелсіздіккүні

Асық атудан республика чемпиондары. Спорт министрі: Сәндібек Еркебулан!

Темекі және зияны тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда вейб тұтынатын жастардың саны артуда. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, шығармашылық белсенділіктерін дамыту болды.Өткізгендер: Мәдениет министрлері -Нургазина Аида
Төлендин Данагүл

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» қалалық кезеңіне қатысып, «Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы бойынша 2 орын алған Нұрлыбаева Гульниса мен Досмурзаева Назерке. Құттықтаймыз!!

24.10.2024 күні өткізілген “25 қазан- Республика күні” концерті аясында, өзін-өзі басқару ұйымының президенті мен министрлерін ұлықтау рәсімі өткізіліп, куәліктер табысталды.

1- сәуір Күлкі күніне орай мектеп парламенті мектепшілік жайдарман ойындарын өткізді. 3- команда қатысты. Жеңіген команда мүшелеріне кинофильмге билет берілді. Төреші ретінде мектебіміздің түлектері қалалық «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» командасының мүшелері шақырылды.

22 -наурыз қамқорлық күніне орай мектебімізде жәрменке ұйымдастырылды. Түскен қаржыға азық-түлік алынып, тұрмыстық жағдайы төмен екі отбасына жеткізілді. мектеп парламенті мүшелері өз көмектерін ұсынған болатын.

«Жас ұлан» ұйымы оқушылары «Лудаманияға жол жоқ!» тақырыбында 8- сынып оқушыларымен трениг өткізді. Мақсаты: Лудомания туралы ақпарат беру, зияны туралы түсіндіру. Алдын-алы жолдарын проблема ретінде оқушыларға ұснып, шешу жолдарын бірге табу.

Мектеп парламенті мүшелері мен экология министрлері қалалық Эко-квиз атты ойынға қатысып қайтты. Нәтижесінде 88 ұпаймен қатысқаны үшін деген сертификатқа ие болды.

Қамқорлық министрлері 15 ақпан — Еріктілер күніе орай «Өз қолыңмен сыйлық жасап, жақын адамынды қуант» атты акция өткізді.

«Жас ұлан» ұйымы оқушылары жол қаупсіздігін қамтамасыз етуде барлық мектеп оқушыларына «жол да жүру қауіпсіздігі» атты буклет тараптып шықты.

“Балалармен жасөспірімдерді дамыту сарайында” 1 — желтоқсан спидке қарсы күрес күніне орай “Өмір үшін биле” акциясы өтті. Мектебіміздің оқушылары іс- шараға қатысқаны үшін мадақтама берілді. Сонымен қатар қалалық өзін- өзі басқару ұйымының мүшесі- Ахметбекова Аружан мен Досмурзаева Назеркеге акцияны ұйымдастыруға ат салысқаны үшін білім бөлімінен мадақтама табысталды!

«Біз таланттыларды іздейміз” атты мектепішілік іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашып, өнер мен таланттарын көрсетуге мүмкіндік беретін ерекше мереке болды. Іс-шараға мектептің әр сыныбынан өнерлі оқушылар қатысып, өз дарындарын ән айту, би билеу, көркем сөз оқу, сурет салу және басқа да шығармашылық бағыттарда танытты.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ұлттық құңдылықтарды насихаттау мақсатында 15 минуттық қоңырауды тиімді ұйымдастыруда өзін- өзі тану және бақыт фракциясы мүшелері
“ Суретке қарап мақал- мәтелді тап!” ойынын өткізді!

28.10 күні өзін — өзі басқару ұйымы мүшелерінің отырысы өтті. Отырыс барысы ұйымшылдықты арттырып, көңіл- күйді қалып келтіру мақсатында тренингтен басталды. Кейін осы 1 тоқсан бойынша атқарған іс — шараларымызды талқыға салып, кемшілік тұстарымызға сараптама жасалынып,алдағы күндерге жұмыс жоспары құрылды!

Еңбек күніне орай біздің оқушылардың құттықтауын назарларыңызға ұсынамын! 🌟 Бұл бейнероликте жас ұрпақтың еңбекке, білімге және болашаққа деген ынта-жігері көрініс тапқан. 💪 Мектеп қабырғасынан бастап, олардың әр қадамы үлкен жетістіктерге бастайтынына сенімдіміз! 🏫💼 #ЕңбекКүні #БілімМектебі #ОқушыларТалабы #БолашақБізбен

Мектеп парламенті мүшелері 1-11 сынып оқушыларына жаңа жылдық кеш ұйымдастыру. Түрлі ойындармен мен заманауи билеп дайындап оқушыларға мерекеде көңіл-күй сыйлауға тырысты.

5- сәуір күні “Ұлттық ғашықтар күні” осыған орай мектеп парламенті шағын мерекелік іс- шара ұйымдастырып, ұстаздар мен 9-11 сынып оқушыларын көрермен ретінде шақырды.
mektepparlamenti









