Мектеп тарихы

Біздің  мектебіміздің тарихы 1965 жылдан бастау алады.

Омар Төртбаев

   1990-1991 оқу жылында  «№12 орта мектебінде» мемлекеттік тілде оқытатын сынып ашылады. Мектептің ашылуына бірден-бір мұрындық болған, қоғам қайраткері — Омар Төртбаев деген ақсақал болды. Үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде небәрі  он баланың басын қосып, ең алғашқы мұғалімі болған Әлия Әліпованың қолына табыс етіп, алғашқы қадамдарын бастап кетті.

  1993-1994 оқу жылында қазақ сыныптары «№15 орта мектебінде» жеке шаңырақ болып көтерілді. Мектептің алғашқы  директоры  болып Есмұханбетова  Зоя Құббиқызы тағайындалды. Жыл сайын мектептегі оқушылар саны артып, жұмыстары  тұрақталып, ұлғая түсті. Сол уақытта 300-ге жуық оқушымен, 22 мұғалім жұмыс бастаған еді.

 2000 жылы мектеп директоры болып Серік Қайырқанұлы Мырзахметов тағайындалды.

 2001 жылы аталған  қазақ мектебі алғашқы түлектерін мектеп қабырғасынан ұшырды.

 2004 жылы мектеп директоры болып, Қайыржан Рақымжанұлы Нұрмағанбетов тағайындалды.

Нұрмағанбетов Қайыржан Рақымжанұлы

2004-2005 оқу жылында №15 мектеп іргесінде қасиетті қазақ тілінің қорғаушысы, қазақ мектебінің негізін қалаушы- Омар Төртбаев ақсақалға ескерткіш тақта орнатылды.

2022-2023 оқу жылында мектеп директоры болып,  Ағатай Абзал Әміржанұлы тағайындалды.

Ағатай Абзал Әміржанұлы

2022-2023 оқу жылында қараша айында «Рудный қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ   ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ҚР-ның Заңының 27 бабына «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 17 бабына ҚР Үкіметінің «Қостанай облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы» 22 жылғы 21 қыркүйектегі № 714 қаулысына сай Қостанай облысы әкімдігі қаулы етті, яғни мектебіміз «Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ болып ауыстырылды.

     Бүгінгі таңда мектепте 1065 оқушы білім алуда. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. Мектебімізде қазіргі таңда 41 топтама сынып бар, оның ішінде  3  мектепалды сыныбы кіреді және 25 балаға арналған 1 шағын орталық жұмыс істейді. Педагогтар саны-76.