Педагогикалық-психологиялық қызмет

-🔴 «Жедел қызмет 111» — отбасы, әйелдер және балалар құқықтары мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жанынан отбасы, әйелдер және балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кешенді көмек көрсету. Тұрмыстық өткір мәселелердің, буллингтің және балалардың құқықтарының бұзылуының алдын алу;

🔴 8(714-2)37-08-58, 8-708-087-42-01 – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдерге (ата-аналарға) арналған сенім телефоны. Психологиялық көмек, қолдауды білікті психологтар көрсетеді. Тегін. Анонимді және тәулік бойы;

🔴 112 нөмері –жедел ден қою қызметтерін шақырудың бірыңғай нөмірі: өртке қарсы қызмет, полиция және жедел медициналық көмек.

«Психологиялық алаң» жазғы уақытта оқушылармен тығыз жұмыс жасауда, атап айтсақ: ойын, тренинг жаттығулар және т.б. Бұл алаңда ерікті оқушылармен қатар оқу жылы барасында мазасыздануы жоғары көрсеткіші анықталған оқушыларда қатынасуда.

Мектепалды даярлық сыныбының педогогикалық консилиумы барысы.
Педагогикалық консилиумда педагог-психолог Шакирова А.А балалармен жүргізілген диагностикалық жұмыстар нәтижесімен таныстырды. Сынып жетекшілер сынып оқушылары туралы толық мәлімдеме жасалынды.
4-сынып оқушыларының орта буынға өту даярлығына арналған педогогикалық консилиум.
Сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар және пән мұғалімдердің қатысуымен өткен педагогикалық консилиум күн тәртібіндегі мәселер қарастырылып, талқыланды
10 мамыр күні мектебімізде педагог-психологтардың қалалық семинары өткізілген болатын. Қалалық семинарға мектеп психологтары Шакирова А.А және Маханбетжанова М.М
«Білім алушылардың алаңдатарлық жай-күйін жою.
Жағдайларды ойнау арқылы мектептегі қорқыныштарды пысықтау бойынша практикалық жұмыс; мінез-құлықтың икемділігіне жаттығу» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен тренинг жаттығуларын көрсетті. Семинарға қала мектептерінің педагог-психологтары қатысты. Семинар барысында оқушылар әр жаттығуды еркін орындап, ойларын, эмоцияларын ашық түрде білдіре алды. Жаттығулардың басым көпшілігі мектептегі мазасыздық, қорқу, қобалжудың алдын алу, ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Семинар соңында оқушылар алған әсерлерін түрлі эмоциялар суреттелген смайликтарды таңдау арқылы білдірді
Мектеп психологтары Шакирова А.А және Маханбетжанова М.М өзін-өзі реттеу бойынша педагогтармен жүргізілген тренинг барысы.
Өзін-өзі реттеу — адамның өзінің оң қасиеттерін жетілдіру және теріс қасиеттерін жою жөніндегі саналы және мақсатты іс-әрекеті. Осы орайда мектеп психологтары педагогтармен қорқынышты жеңу, жағымсыз эмоциядан арылу мақсатында “Жәшік” және “Дем алу жаттығулары” атты эмоцияны басқару, ең басты сана,ой,қабылдауға арналған тренинг жүргізді.
Мектеп психологі Маханбетжанова М.М 5-11 сынып оқушыларының мазасыздық деңгейін алдын-алу бойынша “Сигнал” авторлық автоматтандырылған бағдарламасын пайдаланып, диагностикалық зерттеулер жүргізу барысы…
9-сынып оқушыларының
кәсіби бағыттылығына
бағыт-бағдар беру мақсатында “9-сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығына бағыт-бағдар” беруіне арналған педагогикалық консилиум өтті. Консилиумда мектеп психологі Маханбетжанова М.М
✔️Голландтың тұлғаның
типтерін анықтау тесті;,
✔️”Мамандыққа дайындық» саралаушы-диагностикалық сауалнамасы;,
✔️Қызығушылық картасы
(А.Е.Голомшок әдістемесі
бойынша);,
✔️Кәсіби бағыт-бағдар
сауалнамалары бойынша жүргізілген жұмыс қорытындысымен әр сыныпқа жекелей тоқталып, мәлімет берді.
Сынып жетекшілер “сынып туралы мәлімдеме жасап, ата-ана, оқушылармен кәсіби бағыт-бағдар бойынша жүргізген жұмыстарымен таныстырды.
Пән мұғалімдері әр сынып бойынша оқушыларға жекелей тоқталып, үлгерімі, жүргізілген жұмыстарын айтып, пікір білдірді.
Педагогикалық консилиум соңында мамандық таңдауда нақтыланбаған оқушы және ата-аналармен жұмыс жасау жалғасатынын және ата-аналардың назарын балаларының қалауына, қызығушылықтарына, қабілеттеріне аудару және оларды әрі қарай дамуына ықпал ету.
МС және ШО бірлестігінің апталығы аясында мектеп психологі Шакирова А.А 0 “А,Ә” сынып оқушыларымен “Танымдық қабілеттерін дамытуға арналған ойын-тренинг” өткізді. Оқушылардың моторика, сезім мүшелерін дамытуға, зейін, есте сақтау танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған бірнеше ойын-тренинг ұйымдастырылды. Оқушылар қызығушылықпен ойын ойнап, белсенділік танытты
26-29 ақпан аралығында «Егер қиын болса-жай ғана қоңырау шалыңыз» ақпараттық – түсіндіру акциясы басталуда.
 
Акцияның мақсаты-кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы хабардар ету, білім алушыларға психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар жұртшылығының, сондай-ақ педагогтардың психологиялық сауаттылығын арттыру.

5-наурызда 5-11 сынып жетекшілері сынып оқушылары үшін «Бұл әлем қандай керемет,қарашы!» Бірыңғай сынып сағатын өткізді.

Сынып сағатының мақсаты: өміршеңдікті, стресске төзімділікті, позитивті өзін-өзі тануды және тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Кәмелетке толмағандардың өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету;
  2. Позитивті өзін-өзі тану мен өзін-өзі бағалауды дамыту және қолдау;
  3. Жасөспірімдерде өміршең позицияларды қалыптастыру;
  4. Жасөспірімдерді өнімді ойлауға, талдауға белсендіру;
  5. Жасөспірім тұлғасының эмоционалды-сезімтал саласы мен құндылық қатынастарын қалыптастыру;
  6. Жасөспірімдерде өзінің жеке басы мен басқа адамдардың жеке басы туралы жағымды өзін өзі тануды қалыптастыру;

“Бұл әлем қандай керемет, қарашы!” бірыңғай сынып сағаты аясында 2 блокты қарастырылды: бейнероликтерді қарау және талқылау, практикалық тапсырмаларды орындау. Сынып сағаты барысында позитивті дүниетанымның маңыздылығын және өмірге құндылық ретінде қарауды көрсету қажет.

“Бұл әлем қандай керемет, қарашы!” Бірыңғай сынып сағаты

Жасөспірімдерге өміршеңдікті қалыптастыру бойынша ұсыныстар:

✔️Есіңізде болсын, сіз ерекше адамсыз! Әрқашан өз күштеріңізге және мүмкіндіктеріңізге сеніңіз!
✔️Күн тәртібін сақтаңыз.
✔️Сіздің өміріңізде болып жатқан жақсы нәрселерге назар аударыңыз!
✔️Кез-келген жағдайда позитивті іздеуге тырысыңыз.
✔️Кез келген жетістігіңізді мақтаныңыз
✔️Қиын жағдайларда сіз психологиялық қолдау өңірлік орталығына (Қостанай қ., Толстой к-сі, 49-үй) жүгіне алатыныңызды әрқашан есте сақтаңыз. Егер сіз психологқа баруға дайын болмасаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін «Сенім телефоны» (87142370858, 87080874201) қызметтерін пайдалана аласыз. Сіз өзіңіздің атыңызды атамай-ақ жасырын қоңырау шала аласыз, көмек пен кеңес алу үшін қиын уақытта жүгіне аласыз.

Ең бастысы, әлем әдемі! Есіңізде болсын: «Кемпірқосақты көру үшін жаңбырдан аман қалу керек!», «Бұлттардан кейін әрқашан күн болады!»

15-минуттық қоңырауда мектеп психологтары оқушылармен ойын-тренинг өткізу барысы
Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту, зейін аудару, есте сақтау үрдістерін жетілдіру мақсатында мектеп психологі Шакирова А.А “Капитан” тренинг-ойын ұйымдастырды. Оқушылар берілген шартты оңай орындай білді. Топтық жұмыс оқушылаидың ой процессінің жылдамдығын арттыруға, жағымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Бұл психологиялық тренинг оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас дамуына, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мектеп психологі Маханбетжанова М.М нұсқауымен оқушылар шеңберге тұрып, жіптің көмегімен өрмекші торын жасайды. Тоқылған тордың ортасына қаламды орналастырып, құтыға дәл түсеру керек. Тренингті оқушылар шыдамдылықпен,сабырлықпен орындай білді.
Құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу мақсатында 7-8 сынып оқушыларына 15 минуттық үзілісте мектеп психологі Маханбетжанова М.М тренинг-ойын өткізді. “Ойлан да ойна” тренинг-ойыны оқушылардың зейін және ойлау қабілетін, моторикасын дамытады. Тапсырмаға сай оқушылар бір қатар стаканға допты дәлдеп түсеру керек. Тренинг барысында оқушылар бойынан еркіндік, позитивті көңіл — күй байқалды.
Мектеп психологі Шакирова А.А құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу мақсатында сынып оқушылары және сынып жетекшілерімен бірге “Қақпа” тренинг-ойынын ұйымдастырды. “Қақпа” тренинг — ойыны А 4 форматтағы қағаздан қайшының көмегімен қақпа қиып, қатысушылар қақпадан өту керек. Оқушылар сынып жетекшілерімен бірге топтасып, берілген тапсырманы сәтті орындай білді.
“Отбасы және мектеп арасындағы байланыстың маңыздылығы” атты 9- сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы барысы. Жиналысқа сынып жетекшілермен бірге мектеп психологі Маханбетжанова М.М қатысты. Психолог ата-аналарға баламен қарым — қатынас барысында баланың орны, баланың мамандық таңдауда қолдау білдіру, ата-ана тарапынан көзқарас, қолдау туралы әңгіме жүргізіп, тренинг ұйымдастырды.
Буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушылары ата-аналарымен өткізілген ата-аналар жиналысы. Ата-аналарға буллинг, кибербуллинг туралы ақпараттандырылды, “егер бала қорқытудың құрбаны болса не істеу керек?”, “қорқытушыны қалай тану керек?”, “ күресу жолдары” сынды сұрақтар талқыланды. Мектеп психологтары тренинг өткізді және жадынама ұсынды.
Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда “қорқыту”, “кемсіту”, “мұқату” дегенді білдіреді. Буллинг — агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Буллингтің алғашқы 10 белгісімен таныс болыңыздар…
Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” науқаны аясында мектеп психологтары 6 А сынып оқушыларымен бірлесе өткізген “Зорлық-зомбылыққа қарсымын” атты тәрбие сағаты барысынан. Сынып сағатында оқушылар түрлі тренинг-ойындарға белсене қатысты. Оқушылар тақырыпты талқылай отырып “ зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлуда әсем болар еді” деген оймен қорытындалады. Сынып жетекшісі: Кенжебекова К.К
15 минуттық үзіліс кезінде мектеп психологтарының оқушыларға ұйымдастырған тренинг-ойын барысы. “Мұнара” тренинг-ойыны оқушыларымызды ұйымшылдыққа, көшбасшылыққа, төзімділікке баулиды. Оқушыларымыз белсене қатысып, жақсы әсер алды
15 минуттық қоңырауда мектеп психологтары оқушылармен “Құбыр” психологиялық тренинг ойынын өткізу барысы. Мақсаты: топты біріктіру, көшбасшылықты дамыту. Оқушылар қолдарына астау тәріздес иілген А 4 парағының көмегімен құбыр жасайды, психолог кішкентай допты жібереді, ал оқушылар құбырдан допты өткізеді. Доп себетке түспеген жағдайда, ойын қайтадан басталды. Оқушылар тренингтен соң алған әсерлерімен бөлісті

“Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ” ақпараттық науқаны аясында мектеп психологтары оқушылармен тренинг-ойын өткізу барысы. Ойын барысында оқушыларымыз эмоциональды көңіл-күйі көтеріліп, жеңіске ұмтылып, позитивті әсер алды.

Оқушылардың жеке тұлғасын тереңірек зерттеу мақсатында сабақ беретін мұғалімдердің кеңесуі және оқушылармен жұмыс жасауда олардың ерекшеліктерін ескеріп, жұмысты дұрыс ұйымдастыруға бағытталған 5-сыныптың орта буынға бейімделуіне байланысты педагогикалық консилиум өтті. Сынып жетекшілер сынып туралы толық мәлімет ұсынса, мектеп психологі Маханбетжанова М.М оқушылардың орта буынға бейімделуі: есте сақтау, зейін, қабылдау деңгейі, мұғалімдермен қарым-қатынасы, эмоционалды өзін басқара алуы және интернетке тәуелділігін анықтау бойынша жүргізілген жұмыстарымен таныстырды. Мұғалімдер өзара пікір алмасып, алдағы уақытта жұмыс бағыты нақтыланды.
Мектеп жоспарына сәйкес 1-сыныптың педагогикалық консилиумы өткізілді. 1-сыныптың сынып жетекшілері өз сыныптарына толық сипаттама беріп, туындаған мәселелерді белгіледі, олардың шешу жолдарын ұсынды. Педагог-психолог Шакирова А.А 1-сынып оқушыларының мектеп өмірінің жаңа жағдайларына бейімделу қорытындылары туралы анықтама ұсынды. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне ұсыныстар берілді.
15-минуттық үзілісте мектеп психологтары оқушыларға ойын-тренинг өткізу барысы

15 минуттық қоңырау уақытында мектеп психологтары оқушыларға тренинг ұйымдастырды. “Түтікше” тренингі оқушылардың зейінін, қызығушылығын және өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді. Оқушылар қызығушылықпен орындады

Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру, жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау мақсатында мектеп психологтары жас мамандарға арналған “Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман” атты тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында жас мамандар өздерін еркін ұстап, ашық ойларын жеткізіп, белсенді бола білді.

2024-2025 оқу жылының 5-сыныптарға арналған педконсилиумы.Оқушылардың жеке тұлғасын тереңірек зерттеу мақсатында сабақ беретін мұғалімдердің кеңесуі және оқушылармен жұмыс жасауда олардың ерекшеліктерін ескеріп, жұмысты дұрыс ұйымдастыруға бағытталған 5-сыныптың орта буынға бейімделуіне байланысты педагогикалық консилиум өтті. Сынып жетекшілер сынып туралы толық мәлімет ұсынса, мектеп психологі Маханбетжанова М.М оқушылардың орта буынға бейімделуі: есте сақтау, зейін, қабылдау деңгейі, мұғалімдермен қарым-қатынасы, эмоционалды өзін басқара алуы және интернетке тәуелділігін анықтау, оқушылардың әр пәнге қызығушылығы бойынша жүргізілген жұмыстарымен таныстырды. Мұғалімдер өзара пікір алмасып, алдағы уақытта жұмыс бағыты нақтыланды.

Жас мамандар отырысында мектеп психологтары Маханбетжанова М.М және Шакирова А.А
эмоционалды көңіл-күйді орнатып, сенімділік қалыптастыру, эмоцияны басқара білуге және де ұжымшылдыққа баулитын “Маған жетері жоқ”, “Кім жылдам?”, “Актерлік мектебіне кастинг” тақырыбында тренингтер өткізді. Жас мамандар белсене қатысып, жағымды әсерде болды.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
17-25 желтоқсан аралығында “Психология онкүндігі” өткізілетінін хабарлаймыз.
Онкүндік аясында психоэмоционалды әл-ауқатыңызды қолдауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған тренингтер, жеке қабылдау / кеңестер, сауалнама және т.б қызықты да пайдалы іс-шаралар күтуде.

“Психология онкүндігі” аясында педагог-психологтар 11 “А” сынып оқушыларымен шығармашылық жаттығу “Футболка. Барлығы мен туралы” өткізді.
Мақсаты: жағымды көңіл -күйді қалыптастыру, өзіңіз туралы ақпаратты өзгеге жеткізу мүмкіндігі. Тапсырмалары шығармашылық атмосферада психоэмоционалды шиеліністі жеңілдету арқылы ақпарат бөлісу.

“ Кім жылдам?” тренингінде оқушылар жылдам әрі тез ойлану арқылы берілген нұсқаулықпен орындайды.
“Лабиринт” тренингі эмоция тұрақтылық, көшбасшылыққа бағытталған.

«Community Power» Халықаралық жобаны жүзеге асыру мақсатында, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік бейімділікті уақытылы анықтау үшін мектеп психологі Маханбетжанова М.М әріптестерге QPR технологиясының таныстырылымын өткізді. Жиын барысында жаңа тиімді әдістің мінез-құлық белгілері, триггер, тәуекел факторлары, қорғаныс факторлары туралы арнайы мысалдарды атап өтті. Топқа бөлінген әріптестер берілген “кейс” арқылы “суицидке тәуелділіктің бағалау парағы” арқылы кейсті талдап, маман ретінде ұсыныстарын білдірді.

«Community Power» Халықаралық жобаны жүзеге асыру мақсатында, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік бейімділікті уақытылы анықтау үшін мектеп психологі Маханбетжанова М.М әріптестерге QPR технологиясының таныстырылымын өткізді. Жиын барысында жаңа тиімді әдістің мінез-құлық белгілері, триггер, тәуекел факторлары, қорғаныс факторлары туралы арнайы мысалдарды атап өтті. Топқа бөлінген әріптестер берілген “кейс” арқылы “суицидке тәуелділіктің бағалау парағы” арқылы кейсті талдап, маман ретінде ұсыныстарын білдірді.

Буллинг бойынша 6-сынып оқушыларымен тренинг барысы

14-сәуірде “Мектепалды сынып және шағын орталық” бірлестігінің “Ойынмен дамимыз, оймен асқақтаймыз” атты апталығы басталды.
Шағын орталық әдіскері: Маханбетжанова М.М апталықтың мақсаты, міндеттері, жоспарлы жұмыстарымен таныстырып және
“Мектеп жасына дейінгі білім берудегі ойын тиімділігі” атты шеберлік сағатын өткізді. Мақсаты:
педагогтерге ойын технологиясының маңызын түсіндіру, оның балалардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы тиімді жолдарын көрсету.
Шеберлік сағатында психологиялық ахуал орнатып, теориялық, практикалық бөлімдермен қамтылды. Әр топқа бес дағды қалыптастыру бойынша, жасанды интеллект көмегімен тапсырмалар ұсынып, өзара ойнады. Соңында көрмеге қойылған ойын түрлерімен таныстырылып, кері байланыс жасалынды.