Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы
- 2023 жыл, Рудный қ.
Мазмұны
2.1. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар…………………………………………
2.2 Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы………………………………………………………………………………………………………..
2.3 білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру………………………….
2.4 білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көртөмендік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру………………………………………………….
2.5. білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі)…………………
2.6. ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру…………………………………………
2.7. ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру;………………………………………………………………………………………
2.8. 7«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын игеру;………………………………….
2.9. «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру;………………………………….
2.10. білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау………………………………………………………………………………………………………
2.11. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:………………………………………………………
Білім беру ұйымы туралы негізгі мәліметтер
| Білім беру ұйымының толық атауы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
| Білім беру ұйымының орналасқан жері туралы мәліметтер | |
| Облыстың атауы | Қостанай облысы |
| Қала/ауыл | Рудный |
| Көше атауы | Ленина 99 |
| Пошта мекен-жайының индексі | 111500 |
| Білім беру ұйымының сайтына сілтеме | |
| Бірінші басшының аты-жөні | Ағатай Абзал Әміржанұлы |
| Лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | |
| Бірінші басшының байланыс нөмірлері (жұмыс/ұялы телефон) | 87143144950 |
| Бірінші басшының электрондық поштасының мекен жайы (жұмыс мекен жайы) | |
| Правоустанавливающие документы | Устав Справка о государственной перерегистрации от |
| Есептің дайындалған уақыты | 11 қыркүйек 2023 жыл |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі 20.01.2023жылғы № KZ46LAA00033226 білім беру қызметіне арналған лицензияға (қоса беріліп отыр) сәйкес жүзеге асырылады
2-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар:
2022- 2023 оқу жылында
- «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының №1 қосымшасына сәйкес 1-4 сыныптар жұмыс жоспары құрылды.
Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 1-сыныптарына мынадай өзгерістер енгізілді: «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылды, «Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмады. «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»
2022-2023 оқу жылында бастауыш сыныптардағы апталық оқу жүктемесінің көлемі
| Сыныптар/сынып-жиынтықтар | Жалпы білім беру сыныптары | ||
| Апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі | Инвариантты оқу жүктемесі | Вариативті оқу жүктемесі | |
| 1/4 | 19,5/78 | 18,5/74 | 1/4 |
| 2/4 | 24/96 | 23/92 | 1/4 |
| 3/4 | 26/104 | 25/100 | 1/4 |
| 4/4 | 26/104 | 25/100 | 1/4 |
| Барлығы 16 сынып жиынтығы | 95,5/382 | 91,5/366 | 4/16 |
Жоспардың оқу жүктемесінің көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 05 тамыздағы ҚР ДСМ №76 бұйрығы негізінде «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялогиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес келеді.
Мектептің жұмыс жоспары педагогикалық кеңестің 31 тамыз 2022 жылғы №1 хаттамасымен бекітілді.
2022- 2023 оқу жылында
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығының«Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары» 6-қосымшасы;
2022-2023 оқу жылында негізгі орта буын сыныптардағы апталық оқу жүктемесінің көлемі
| Сыныптар/сынып-жиынтықтар | Жалпы білім беру сыныптары | ||
| Апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі | Инвариантты оқу жүктемесі | Вариативті оқу жүктемесі | |
| 5/4 | 28,5/114 | 28/112 | 0,5/2 |
| 6/4 | 28,5/114 | 28/112 | 0,5/2 |
| 7/4 | 31,5/126 | 31/124 | 0,5/2 |
| 8/4 | 32,5/130 | 32/128 | 0,5/2 |
| 9/4 | 34/136 | 33/132 | 1/4 |
| Барлығы 20 сынып жиынтығы | 155/620 | 152/608 | 3/12 |
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиалогиялық талаптар» 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы (2021жылғы 28шілде ҚР ДСМ №20 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) талаптарына сай жұмыс жоспары құрылды. Жұмыс жоспары 31 тамыз 2022 жылғы №1 педагогикалық кеңес хаттамасында қаралып, бекітілді.
10-11-сыныптарда білім беру процесі:
2022-2023 оқу жылында
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты(2022жылғы 03 тамыздағы № 348 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген );
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары 2022жылғы 12тамыздағы № 365 бұйрығының (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)86-қосымшасына сәйкес «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарымен» 10,11-сыныптарға оқу жұмыс жоспары құрылды.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2021жылғы 26наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығына сәйкес 11-сыныптарға оқу жұмыс жоспары құрылды
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиалогиялық талаптар» 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы (2021жылғы 28шілдедегі № 20 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылдың 30 қыркүйектегі №412 бұйрығы негізінде 07 қазан 2022 жылғы № 2 педагогикалық кеңес хаттамасы негізінде оқу жұмыс жоспарына өзгерістер енгізілді. Жоспар бойынша 10,11 сыныптарды элективті курстар санына өзгерістер енгізілді. Қыркүйек айында 10,11 сыныптардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі – 34 болса, 2022 жылдың 30 қыркүйектегі №412 бұйрық өзгерістері әсерінен оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі – 35 сағатты құрады.
2022-2023 оқу жылында жалпы орта буын сыныптардағы апталық оқу жүктемесінің көлемі 01.09.2022жыл
| Сыныптар/сынып-жиынтықтар | Жалпы білім беру сыныптары | ||
| Апталықоқужүктемесініңеңжоғарыкөлемі | Инвариантты оқу жүктемесі | Вариативті оқу жүктемесі | |
| 10/1 | 34 | 32 | 2 |
| 11/1 | 34 | 32 | 2 |
| Барлығы 16 сынып жиынтығы | 68 | 64 | 4 |
2022-2023 оқу жылында жалпы орта буын сыныптардағы апталық оқу жүктемесінің көлемі 07.10.2022жыл
| Сыныптар/сынып-жиынтықтар | Жалпы білім беру сыныптары | ||
| Апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі | Инвариантты оқу жүктемесі | Вариативті оқу жүктемесі | |
| 10/1 | 35 | 32 | 3 |
| 11/1 | 35 | 32 | 3 |
| Барлығы 2 сынып жиынтығы | 70 | 64 | 6 |
Жұмыс оқу жоспары мен сабақ кестелері бекітілген, көшірмелері қоса беріледі
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
Бастауыш сыныптардағы инвариантты компоненттің жалпы білім беретін пәндерінің базалық мазмұны келесі қосымшаларға сәйкес іске асырылады: «Әліппе» оқу пәні №1, «Ана тілі» №2, «Қазақ тілі» №12, «Әдебиеттік оқу» №13, «Орыс тілі» №22, «Ағылшын тілі» №23, «Математика» №26, «Цифрлық сауаттылық» №27, «Жаратылыстану» №28, «Дүниетану» №29, «Бейнелеу өнері» №30, «Еңбекке баулу» №31, «Көркем еңбек» №32, «Музыка» №33, «Дене шынықтыру» №34 қосымшаларына сәйкес.
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі орта буын сыныптарындағы инвариантты компоненттің жалпы білім беретін пәндерінің базалық мазмұны мынандай қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылды.5-6-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәні №56, Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Алгебра» пәні №53, «Геометрия» пәні №54, «физика» №57, «Химия» пәні №58, «Биология» пәні №59, «Қазақстан тарихы» пәні №61, «Дүниежүзі тарихы» пәні №62, «Орыс тілі және әдебиеті» №48, «Ағылшын тілі» №49, «Қазақ тілі» пәні №35, «Қазақ әдебиеті» №36, «География» №60, «Информатика» №55, «Көркем еңбек» №66, Дене шынықтыру» № 67, «Музыка» №65 қосымшалары бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «16» қыркүйегіндегі №399 бұйрығының «жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары» бұйрығына сәйкес жасалды.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» №104, «Геометрия» №106, «Химия» №110, «Физика» №112, «Биология» №115, «Қазақстан тарихы» №118, «Дүниежүзі тарихы» №119, «Құқық негіздері» №121, «Ағылшын тілі» №98, «Қазақ тілі» №74, «Қазақ әдебиеті» №77, «География» №116, «Информатика» №108, Дене шынықтыру» №126, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» №127 қосымшаларға сәйкес жасалды.
3) Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады. Мектебіміздегі тәрбие процесінің толыққанды жүзеге асырылуы барлық мүдделі тараптарды қамтуға негізделген. Мектеп-Ата-ана-Қоғамдық ұйымдар.
Мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне», «ҚР-дағы барлық білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу процесінде тәрбие компонентін күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарға» сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
| 2022-2023 жж | тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады. «Толық адам» тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақалаларында және басқа да мемлекеттік тұжырымдамаларда айқындалған құндылықтар мен басымдықтарды жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей жүйелік тәсілімен қамтамасыз ету үшін біріктіріліп, іс-шаралар барысында, пәндік апталықтар аясында жүзеге асырылды. Негізгі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылып, тәрбие процесінде ескерілді. |
| 2023-2024 жж | тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады делінген. Бағдарлама жалпыдамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Үш құндылыққа негізделеді. |
«Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ тәрбие жұмысының негізі – «Атамекен» бағдарламасынан бастау алады. «Атамекен» тәрбие бағдарламасы – бұл жетістіктер мен проблемаларды, негізгі тенденцияларды, тәрбиенің негізгі мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын, оқушыларды дамытуды және тәрбие процесін кадрлық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін, білім беру жүйесінің инновациялық өзгерістерін, жоспарланған негізгі нәтижелерді сипаттайтын нормативтік және басқарушылық құжат болып табылады.
Мектептің тәрбие жүйесі тұжырымдамасының мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың қабілеттерін дамыту үшін толыққанды жағдай жасау, білім алушылардың бойында рухани-адамгершілік, құқықтық және азаматтық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және көпұлтты мемлекеттің мәдени-тарихи құндылықтары негізінде білім алушылардың азаматтық-патриоттық сезімдері мен санасын қалыптастыру, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
Тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:
- https://www.instagram.com/p/Ccm2BfxNidZ/ (сілтемеде ауқымды іс-шарадан суреттер 2022 оқу жылы) діни қызметкермен кездесу барысынан 2022 оқу жылында…
- https://www.instagram.com/p/CUwZonJN5B-/ (сілтемеде оқушылардың суреттері берілген) «адалдық дүкені», «Адалдық сағаттары» жұмысы арқылы білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті бойынша жұмысты жетілдіру;
Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерсісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттарына сүйенеміз:
Тәрбие жұмысын жан-жақты жүзеге асыру барысында қазақстандық және шетелдік авторлардың әдістемелік ұсынымдары, әдістемелік әдебиеттері мен журналдары пайдаланылады.
Жалпы тәрбие бағдарламасын іске асырудың мақсаты: бәсекеге қабілетті, дәстүрі мен ғұрпын білетін, санасы ашық, сыни ойлай білетін, өмір сүруге бейім, мақсат қоюға жауапты әрі таңдауға қабілетті ,жалпыдамазаттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға моделін құруға бағытталған.
Саралай келе төмендегі бағдарлар басым:
— қамқорлық;
— еріктілік;
— жетістік;
— білім;
— көшбасшылық;
— денсаулық;
— құқықтық тәртіп;
— талант;
— ізгілік, әдемілік;
— тәртіп;
— белсенділік
-қауіпсіздік.
Қазіргі таңда мектептегі тәрбие үрдісі өз бағытын жоғалтқан жоқ. Тек заманның ағымына байланысты түрлі алдын-алу жұмыстарының қажеттілігінен бейімділікті қажет етеді.
Жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» клубының енуі, «Адалдық сағаттарының» іске асырылуы, «Қамқоршылық кеңесінің» жұмысы, ата-аналармен жұмысты жандандыруда 2022-2023 оқу жылындағы Қостанай облыстық «Үндестік жобасы», 2023-2024 оқу жылындағы міндет «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру, оқушыларды жан-жақты құндылықтарға тәрбиелеуде «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел» бағдарламалары, «Жол картасы» бағдарламасы, «Дәстүр және ғұрып», «Үнем қоғам қуаты» жобалары, «Еңбек елдің мұраты», 2022 оқу жылынан бастап мектебімізде «Батыр партасы» жобасы жоспарға сай ай сайын іс-шара өткізуді қолға алғаy 2022-2023 оқу жылында өткізілген іс-шаралар осы сілтемеде https://www.instagram.com/batyr15990/#, «Экологиялық мәдениет», «Құқықтық сананы қалыптастыру» жобасы, «Балалар жылына» арналған ҚР-ның жоспарын іске асыру, «Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру», «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобаларын іске асыру, «Татуластыру қызметін ұйымдастыру», 2022-2023 оқу жылында «Жас сарбаз» сыныбын ашу жұмыстары https://www.instagram.com/p/CwowgEOt-Ga/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== (сілтемеде «Жас сарбаз» сыныбының жасақталуы, киім үлгісімен)
Ұлттық құндылықтар негізінде қарым-қатынас, мектеп қоңырауында күй ойнату, әр дүйсенбі сайын ҚР-ның гимні Әнұран орындау ,20 минуттық және 10 минуттық кітап оқу, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыру , «Қауіпсіз орта құру» тағы басқа міндеттермен толығып, мектебімізде аталған жұмыстарды 8 бағыт аясында жан-жақты жүзеге асырылуда. Психологиялық қолдау бағытында да «Мен өмірді сүйемін» марафоны 3 жыл қатарынан өтуде, түрлі психологиялық диагностикалық жұмыстар, сыныптардың бейімделуін бақылау, 5,9 сыныптарға жыл сайын өткізілетін педконсилиум, мамандық таңдауға бейімдеу сауалнама жұмыстары, мамандыққа байланысты түрлі оқу орындарымен кездесулер жыл бойы үздіксіз, суицидтің алдын алу жұмыстары, тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау, жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу , діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу барысындағы кездесулер мен сынып сағаттары, мектеп медбикесімен әңгімелер, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымдарын тарту, жолдағы қауіпсіздік, өмір қауіпсіздігі, экологиялық сағаттардың өтуі, сыныпты ұжымдастырудағы экскурсиялар мен бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру (үйірме-секция) мониторингі, жыл бойын қорытындылау рейтингі, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторы , басқа мекемелермен байланыс орнату тәрбиелеу жұмыстарын бірлесіп жоспарға сай түрлі лекциялар, алдын алу шараларын өткізуде. Сонымен қатар қамқорлықтағы оқушылар, өгей әкемен тұратын оқушылар, толық толық емес, сәтсіз отбасылар , аз қамтылған, көп балалы отбасылармен ыстық тамаққа байланысты да жұмыстар кезегімен жүзеге асырылуда. Мектептегі кітапханашылар «Оқитын мектеп оқитын өлке» жобасы аясында түрлі жұмыстар жүргізіп, сынып жетекшілермен тығыз қарым-қатынаста аптаның әр сейсенбі күні 10 минуттық кітап оқу режимі 2021 оқу жылынан бастап енгізілген. Қалыптасқан біржолға қойылған патриоттық тәрбиені дамытуда мектебіміздегі «Айбын» үйірмесінің 10 жылдан бері жұмысының жүруі, кейбір үйірме-секция жұмыстарының тұрақтылығының нәтижесінде қуантарлық жетістіктерге жетуі , патриоттық әндер байқауы 5-6 сыныптар арасында жыл сайын 100% қатысу талабымен өткізілуі, патриоттық әнге флешмоб байқауы 8 сыныптар арасында 100% қатысумен ұйымдастырылып, бірнеше жыл эстетикалық тұрғыдан күшейуі, «Еліміздің ұландары» жобасы биік ғимараттар бойынша киім тіктіріп, қорғау бастауыш сыныптарда 2 ші жыл үрдіске айналып, ата-аналар мен оқушылардың арасында бәсекелестік тудырып, өте жоғары қызығушылыққа ие болғаны мектебіміздегі тұрақты түрде іс-шаралардың өтуінің нәтижесі деп білемін. Оқушылар түрлі байқауларға қатысуда, мерекелік іс-шаралар, сынып сағаттары назардан тыс қалып жатқан жоқ, түрлі акциялар, онкүндіктер, кездесулер, саяхаттар, басқа мекемелермен байланыс жоспарлы түрде және жоспардан тыс өткізілуде. Оқушылар арасындағы қатыгездік, буллинг, антибуллинг, кибербулинг және балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге бейімделуі мәселен электронды сигарет, қатыгездіктің алдын алу, жан-жануарларға құрмет көрсету сияқты өзекті мәселелер алдын-ала қозғалып, іс-шаралар жоспарланып, ата-аналар жиналыстарында қаралады жекелей жұмыстар жүргізіліп журналға тәртіпсіздіктер тіркеліп отырады. Сынып жетекшілері оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнатып дер кезінде анықтауға үлестерін қосады. Қауіпсіз орта қалыптастыруда жан-жақты іс-шараларға оқушыларды қамтуда мектебімізде түрлі көрсеткіштер орын алуда. Мектептегі әрбір сыныптың оқушыларының отбасына жылына екі рет әлеуметтік төлқұжат жасалады және сыныптар бойынша жасалған төлқұжаттардың негізінде мектептің жалпы төлқұжаты жасалды, онда отбасы түрлері, оқушылардың,ата-аналардың санаттары, әр түрлі есепте тұрған ата-аналар мен оқушылар анықталады. Кестеде көрсетілгендей:
| Оқу жылы | 2021-2022 | 2022-2023 |
| Сәтсіз отбасылар | 0 | 2 |
| Көп балалы отбасы | 120 | 140 |
| Аз қамтылған отбасы | 13 | 17 |
| Қамқорлықтағы оқушылар | 1 | 1 |
| Мүгедек оқушылар | 5 | 6 |
| Ата –анасы мүгедек оқушы | 5 | 7 |
| Мектепішілік есепте тұрған оқушы | 0 | 0 |
| ІІБ есепте тұрған ата-ана | 0 | 2 |
| ІББ есебінде тұрған оқушы | 0 | 1 |
Мектеп төлқұжатының негізінде әлеуметтік қажеттілікке мұқтаж оқушылар анықталып,әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға «Мектепке жол», «Қайырымдылық» акциялар аясында жеке кәсіпкерлер, мектеп ұжымы тарапынан материалдық көмектер көрсетіледі және мектептің алқалық комисиясының шешімімен мектептің жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан әртүрлі санаттағы оқушыларға, жалпы оқу қоры есебінен тегін лагерьлерге жолдама беріледі.
Ауқымды жұмыстарды жүйелі атқаруда , жақсы нәтижеге қол жеткізудің бірден-бір жолы- үздіксіз жұмыс түрін ұйымдастыру және түрлендіріп отыру арқылы жауапкершілік жүктеу.
Жоғарыда аталған бағдарламалар мен жобаларды үздіксіз іске асыру олқылықтардың алдын алу мен жоюға және жаңашылдыққа ұмтылуға бағыттайды нәтижесінде тәрбие процесін жан-жақты қамтамасыз етудің негізгі құралдарын іске асыруда қалыптасқан жұмыс түрлері:
- Мектептің өзін-өзі басқару ұйымымен жұмыс: «Жасұлан», «Жас қыран» балалар ұйымы, «Полицияның жас достары» ұйымы, «Жас көшбасшылар» үйірмесі, «Жол қозғалысының жас инспекторлары» шығармашылық бірлестігі құрылған; «Адал ұрпақ» клубы жұмыстары;
- Ата-аналармен жұмыс: Қостанай облыстық «Үндестік жобасы», «Қамқоршылық кеңесі», «Отбасы клубы» психологиялық қолдау мақсатында құрылған; марапаттау;
- 1-4 бастауыш буында барлығы-16 сынып, 5-7 орта буында барлығы- 12 сынып, 8-11 жоғары буында барлығы- 10 сынып жас ерекшеліктеріне сай жұмыс түрлері жоспарланып отырады; 5-11 сыныптар 1 және 2 ауысымда мектеп басшысының бекітілген кестесіне сәйкес кезекшілік атқарады.
- сыныптағы өзін-өзі басқару ортасын құру, қолайлы,қауіпсіз орта құру, сынып сағаттарын өткізу, ауқымды іс-шараларға оқушыларды тарту, ата-аналармен бірлескен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, үйірме-секция жұмыстарын қадағалау, байқаулар мен шараларға қатысу мониторингін жасау;
- жалпымектептік ұжымдық – шығармашылық іс-шаралар: атаулы даталарға арналған іс-шараларға , жауапты тұлғаларды белгілеу, қатысу , ұйымдастыру деңгейі және оқушыларды дайындау;
- үйірме қызметі: оқушылардың мектептегі және мектептен тыс уақыттағы бос уақытын ұйымдастыруда ата-аналармен жұмыс, монитронг көрсеткішін саралау, жетістіктерін атап өту;
- спорттық-сауықтыру қызметі: секциялардың өту барысы мен сапасын, оқушылардың қатысу деңгейін бақылау, түрлі мерекелік іс-шараларды өткізуді жоспарлау, пән апталығында басқа мекемелермен байланыс орнату, жетістіктер мониторингі;
- мерекелер, концерттер: іс-шараның тәрбиелік құрылымына мән беру, балалардың дайындығы мен жауапкершілігін қадағалау, түрлі идеялармен түрлендіріп отыру, әр түрлі буын оқушыларын ашуға талпыну;
- Тәрбие саласындағы қызметкерлер жұмысын тиімді ұйымдастыру: сынып жетекшілері, сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік жетекшілері, оқушылар, әлеуметтік педагог, ата-аналар, ата-аналардың төрайымдары, мектеп жантанушылары , үйірме-секция жетекшілері, пән бойынша бірлестік жетекшілері, балалар ісінің ұйымдастырушысы, кітапханашылар, мектеп медбикесі, кезекшілер (сыныптар кезекшілігі, ұжым кезекшіліг).
Жоғарыда аталған жұмыстардың сапалы іске асырылуы үнемі бақылауда мәселен: мектепішілік бақылау үрдісінде талқыланады, директор жанындағы отырыстарда , педагогикалық кеңесте, сынып жетекшілердің әдістемелік отырыстарында, сынып жетекшілер отырысында, педконсилиум барысында.
Заман талабына сай білім беру ұйымдарының атқарылған жұмыстарын ақпараттандыру цифрлық заманауи үрдіс екені белгілі. Мектептің ақпараттық кеңістігінің құрамдас бөліктерінің бірі — білім беру мекемесінің сайты және инстаграмм желісі тұрақты түрде білім беру процесіндегі өзгерістерді, тәрбие бағытындағы ақпараттарды интернет-ресурстар арқылы танымал ету және қолдау көрсетілген. Аталған іс-шаралардың барлығы жарияланымға уақытында шығып отырады.
| Инстаграмм желісі ең тиімді ресурс қолжетімді кез-келген тәрбие іс-шараларын қарауға мүмкіндік жасалған: | http://school15kaz.kz/ 2020-2021 жж 2021-2022 жж 2022-2023 жж 2023-2024 жж |
| Мектепің аталған сайтында мектептің тәрбие жұмысы «Ресми бөлімінде» орналасқан. | https://instagram.com/rud15mektepkaz?igshid=OGQ5ZDc2ODk2ZA== |
Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыруда мектептегі тәрбие жұмысының жоспары жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысы төмендегі тұрақты бағыттар арқылы өтеді және сабақ және сабақтан тыс жұмыстар тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша жүзеге асырылады, олар келесі құндылықтар жүйесін құрайды:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
2023-2024 оқу жылындағы ерекшелік біртұтас тәрбие тұжырымдамасына сай үш құндылыққа «Ар-ұят, Мүдде,Талап» жоғарыда аталған бағыттар біріктіріледі.
Оқушылардың мәденитетті зерделеуге баулуда ең маңыздысы еліміздегі мереке күндерді
Мектепте қалыптасқан өзіндік жүйеге түскен жыл сайын жоспарланып өткізілетін іс-шаралар туралы атап айтар
- орай «Полиглот» 3 тілде сайыстар; «Тіл – асыл қазына» атты сынып сағаттары; «Тіл халықтың жаны» 3 тілде эссе байқауы; «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөре және сыртқы мекемелермен байланыс орнату: мемлекеттік тілдегі кітапхана және тілді дамыту орталықтары;
- мерекесіне орай «Менің отбасым,менің үйім» апплекация бастауыш сыныптар бойынша, «Менің отбасымның бақытты сәттері» отбасылық суреттер көрмесі орта және жоғары буын оқушылары үшін, «Отбасы – бақыт мекені» атты сынып сағаттары, «Отбасы бақыты рецептері» сурет байқауы; ата-аналар үшін челлендж «Отбасы деген не?» ата-аналар арасында челлендж;
- –«Ұстаз – ұлы тұлға» мерекелік құттықтаулар, өзін-өзі басқару күні, «Ұстаздар күніне» орай мерекелік іс-шаралар;
- «Мен Отанымның бақытты баласымын» ең үздік киім дизайны («Бәйтерек», «Ханшатыр», «Пирамида», «Алтын адам», қобыз, домбыра, қызғалдақ, Рухани жаңғыру т.б) байқауы 1-4 сынып оқушыларына арналған жоба қорғау, тарихын сипаттау; Сынып сағаттары, «Егемен елім менің» иллюстрация байқауы; «Патриотизм дауысы» Әнұран орындау акциясы, «Республикам менің» пневматикалық қарудан көздеп ату байқауы 8-10 сынып; «Балалар және театр» жобасы аясында Қостанай облыстық І.Омаров атындағы драмалық театрға саяхаттар;
- Пневматикалық қарудан нысана дәлдеуден жарыс. «Кім мерген» 8-10 сыныптар
- мерекесіне орай «Қарттарым – асыл қазынам!» сынып сағаттары, «Құрметтеймін қарттарды» ашық хаттар мен құттықтаулар 1-5 сынып оқушылары үшін; мектебіміздегі «Жан жылуын сыйлаймыз» акциясы аясында іс-шаралар 6-10 сынып оқушылары үшін; қаламыздағы қарттарға «Жақсылық жасап жарысайық» атты акцияларға ат салысу; «Өз қолыммен жасаған сыйлық» көшедегі қарияларға күлкі сыйлау акциясы;
- » орай, «Қыз өссе, елдің көркі» қыздармен СӨС маманымен кездесу, «Қыздар белсенді өмірді сүйеді» флешмоб, «Қазақ қызы қандай болу керек?» сұрақ-жауап, «Қыз елдің болашағы» тренинг психологтармен бірлескен түрде;
- –Міржақып Дулатұлының туған күніне орай іс-шаралар; 2022-2023 оқу жылында мектебімізге М.Дулатұлының есімі берілуіне байланысты маңдайша тақтайшасының салтанатты түрде ашылуы аталып өтті, қалалық деңгейде ғылыми практикалық конференция «Міржақып Дулатовтың ағартушылық идеялары» тақырыбында, «Балалар көзімен» иллюстрация байқауы, әдеби кеш «Алаштың шынары -Міржақып», «Міржақып Дулатұлы» оқу кабинеті ашылды, шығармашылықтары жинақталды, «Адалдық» сынып сағаттары, «Байтақ елім сурет байқауы» ата-аналар мен оқушылар арасындағы сайыс, «Өзін-өзі басқару» ұйымына іріктеуден өткен, мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі, Оқушылар мен қызметкерлер арасында «Қылмыстар мен суицидтердің алдын алу» бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары, «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» айлығына қатысу, «Сүйікті кітабым» селфи байқауы 1-4 сынып оқушылары, «15 қараша-Ұлттық валюта» күніне орай сынып сағаттары, «Жасыл аула» акциясы;
- – Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, басқа мекемемен байланыс «Әлем әдебиетін оқудың қажеті жоқ деп есептейді» пікірсайыс, «Біз отбасымызбен оқимыз» видеосайыс, «Менің сүйікті шығармам» буктрейлер сайысы, «Мен оқыған кітап» постер қорғау сайысы, «Әдептілік — әдемілік» атты тәрбие сағаты,
- – «Төрлет-жаңа жыл» суреттер көрмесі, «Үздік безендіру» кабинет байқауы, «Өз қолыңмен жасалған сыйлық – ең керемет сыйлық!» бұйымдар жасау, «Жаңа жылдық» сахналық қойылымдар марафоны, «Көңілді аққала» байқауы, қалалық «Қар қалашығы» байқауына дайындық; «Ауылдағы бүр күн» акциясы
- – Өзін-өзі басқару күні, «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы онкүндігінің ашылуына орай, «Үміт отын сыйлау» қойылым, «Сүйіспеншілік сабағы» челлендж, «Мейрім төгетін ана» атты көрме, «Алтын жүрек анамыз», «Жылы жүрек – жақсы тілек» атты жылылық шеңбер акциясы, «Балаға жүрек жылуы» атты сынып сағаттары, «Алтын жүрек» челлендж, «Адамгершілік басты құндылық» пікірсайыс ойыны, «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты суреттер байқауы, «Мини-футбол» жарыс, «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында сынып сағаттары, «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб би байқауы, «Құстарға қамқормыз» атты челлендж, «Ұлт ұстазымен үндесу» А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы қарсаңында өткізілген ата-аналар арасындағы челлендж;
- – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым!» видеоқұттықтаулар, Мектепшілік «Екі жұлдыз» ән байқауы, «Келіндер байқауы-2022», «Қыз көркімен», «Бұрымды қыз» байқауы, мерекелік видеоқұттықтаулар, «Бауырсақ пати»,
- «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тақырыбында сынып сағаттары, «Ұлттық ойындар» жарысы, ойыны байқауы, «Тоғызқұмалақ» жарысы, «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» отбасылық байқауы, «Бес асық» ойыны сайысы, «Салт дәстүрді дәріптеу» байқауы.
- — «Құстар біздің досымыз» құстарға ұя жасау, қалалық байқау «Тырналар ұшады-2022», «Тырналар ұшады-2023» байқауларына дайындық, қатысу, «Ғарышкерлер күні» мерекесіне сынып сағаттары, «Интернетсіз бір күн» акциясы «Ұрпаққа үлгі- Омар ата» кездесу. 5-6 сыныптар
- — «Жолдағы қауіпсіздік, судағы қауіпсіздік» туралы сөрелер мен ақпараттар, жаз мезгіліндегі сауықтыру орталықтарыың жазғы демалысын «Жаз-2022» , «Жаз-2023» жұмыстарын ұйымдастыру, соңғы қоңырау мерекесі «Сыңғырла, соңғы қоңырау» , көгалдандыру жұмыстары «Біз біргеміз» акциясы.
- «Саптыға ән байқауы»
- ҚР-ның рәміздер күнін атап өту;
- «ҚР-ның Конституция күні», «10 тамыз-Абай күні»
Мектебімізде атаулы мерекелерді салтанатты түрде атап өту, жыл сайын әр түрлі жаңа элементтер қолданысқа еніп, іс-шаралар тәрбиенің 8 бағытына кіріктіріліп, іске асыру кезінде жоспарланып отырады. Атаулы даталар оқу жылының басында мектеп басшысымен бекітіліп жауапты тұлғалар белгіленеді.
Жас өспірімдерді және оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу барысында «Айбын» әскери-патриоттық клубы мен «Атамекен» бағыты жыл сайын жоспар бойынша жұмыс атқарады, бұл біздің мектебіміздегі тәрбие саласына енгізілген бағдарлама екені жоғарыда айтылған. Тәрбие саласының жан-жақты дамуының атап өтер тұсы осы екі бағытта. Мектептегі тәрбие үрдісінің дамуы жыл сайын артып, қалыптасқан дәстүрлі шаралардан тыс мектептен тыс іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттары мен басқа мекемелермен байланыс артып нығая түсуде. Бұл тәрбие саласы ынтымақтастығының артуы оқушыларымыздың тәрбиесі мен білімінің жан-жақты дамуына әсер ететіні белгілі.
6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие:
- қашықтық форматта сурет сайысы өткізіліп, қалалық байқауларға берілді. Сонымен қатар асфальтта сурет байқапуы суретшілер арасында өткізілді. Оған барлығы 8 оқушы ат салысты. Сонымен қатар «Балдәурен» мектеп алаңындағы жазғы лагерьдің ашылуы өтті.
- https://www.instagram.com/tv/CORnqMdg5_u/?utm_source=ig_web_copy_link


7) Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу:
Қауіпсіздік бойынша өткізілген іс-шаралар: https://www.instagram.com/p/CBkzFlnA07X/ https://www.instagram.com/p/CBkzS-UgIMX/
https://www.instagram.com/p/CAfA_v0Alqk/
https://www.instagram.com/p/CAa8sORgcKi/
https://www.instagram.com/p/CAe_8_ygVIH/

мектеп оқушылары мен ата-аналар үшін өткізілген алдын-алу жұмыстары. жолда жүру ережесіоқушылардың үйдегі қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік,жазғы мезгілдегі қауіпсіздіктері, өрт қауіпсіздігі туралы сонымен қатар кибербулинг,антибуллинг туралы алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. түсініктер берілді. Ата-аналар жиналысында да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Республикалық деңгейдегі түрлі акцияларға оқушыларымыз қатысып, өздерінің шығармашылықтарын дамыту мен қатар қатысты. «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акция аясында өткен 2-4 сыныптар арасындағы «Жол тәртібін білейік» сурет сайысы https://www.instagram.com/p/CEq4C9ugsZ8/
https://www.instagram.com/p/CEq4IPTgQvg/






«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы
«Жол ережесін білу — бәріне міндет» 1-4 сыныптарға онлайн бейнероликтер көрсету https://www.instagram.com/p/CEq4UcbgZCU/
Сәуір айында жолда жүру ережесі бойынша 1-8 сыныптарға арналған ойын өтті. Оқушылар қызығушылықпен қатысты.Барлығы 600 дей оқушы тартылды. https://www.instagram.com/p/CN-UZxvgone/
Құқық айлығы бойынша сынып сағаттары мен қоса кездесулер мен алдын алу жұмыстары жүргізілді. Құқықбұзушылық пен қатар жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық бойынша жұмыстар жыл бойы үздіксіз жүргізіліп, талданды. Отбасындағы зорлық-зомбылықтарға байланысты алдын алу бойынша ақпараттар берілді. Түрлі сауалнамалар мен сынып сағаттары өткізіліп,оқушылар арасында «Зорлық -зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында плакаттар сайысы өткізілді.
Құқықтық жалпы оқыту бойынша мектепте 1-11 сыныптарға арналған жоспарарлық сыныптарға бекітілген. Апта сайын 1 сағат белгіленіп, сынып сағаты барысында өткізіледі. Сынып жетекшілері бектіліген жоспар аясында құқықтық сағаттарды өткізіп отырады. Тоқсан сайын оқушылардан сауалнамалар алынып қорытындыланып отырады. Сонымен қатар оқушылардың құқықтық мәдениетті қалыптастыруда әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, сыныптардың деңгейі мен жас ерекшеліктеріне сай іс-шаралар ұйымдастырылады. Құқық бұзушылықтардың және зиянды заттарды тұтынудың профилактикасы айлығы жылына 2 рет ұйымдастырылады. Біздің мектепте айлықтарға белсенді қатысу жолға қойылған. Құқықтық мәдениетті арттыруда мектеп оқушыларына онлайн және офлайн форматта түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Құқық бұзушылықтардың және зиянды заттарды тұтынудың профилактикасы
8) Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру: қашықтық және онлайн форматта іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
1 қазан – «Қарттар күні» мерекесіне орай іс-шараларды ұйымдастыру 6 сынып жетекшілеріне міндеттелді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Аманбаева әр сынып жетекшіге жоспар бойынша іс-шараларды талдап, мақсатымен таныстырды. Мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік сезім ұялата отырып, үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу. Самал Базарбаевнаның жетекшілігімен өткен 6-8 сынып оқушылары арасындағы «Қарттарын қадірлеген ел – ардақты» суреттер сайысына қатысқан сыныптардан үздік деп танылған 6 «Б», 6 «В», 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 8 «А» сыныптарының суреттері 3 қабатта қабырғаға ілініп,насихатталды. 2-7 сыныптар арасында «Ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар мен ақ жаулықты әжелерге арнау» атты мәнерлеп оқу және табиғи материалдан жасалған көрмеге бастауыш 4 «А», 4 «В» , 2 «А», 2 «Ә» , 2 «Б», 2 «В» және 5 «Ә» сынып жетекшілері сыныптары мен қоса ата-аналарды да ұйымдастыра білді. Жиналған қолөнер туындыларынан 3 қабатта көрме ұйымдастырылды.
«Қарттарым – асыл қазынам» атты 6 сыныптар үшін өткізілген эссе сайысы, «Қымбатты менің қарттарым» мерекелік құттықтау ашық хаттары сынып сағаттарында жасалып, ата-әжелерге үйлерінде табыс етілді.
«Еңбек етіп мқратқа жеткен» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтті.
Музыка пәнінің мұғалімі Гүлсая Қалмұханқызы «Әуен» үйірмесінің оқушыларымен бірігіп, құттықтау әндерін қашықтық форматта жолдады. Жалпы іс-шара жоспарға сай өткізілді. Барлық оқушыларымыздың құттықтаулары, фотолары мектептің әлеуметтік желісіне жүктелді. Барлық қамтылған оқушылар саны: 570
https://www.instagram.com/p/CUXGtDgg8yq/?utm_medium=share_sheet
https://www.instagram.com/p/CUZ-A7FtQr_/?utm_medium=share_sheet
https://www.instagram.com/p/CUcFG7DAdJy/?utm_medium=share_sheet
https://www.instagram.com/tv/CUc92LJFSV7/?utm_medium=share_sheet
Желтоқсан қаҺармандарының азаматтық ерлігін жоспарлы түрде насихаттау жөніндегі
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
«Ұлттық тәрбие ұлт болашағы» тақырыбында ата-аналарды мектеп тәрбиесіне тарту көзделген. Әртүрлі ұлт өкілдеріменде жоспарлы кездесу өткізіліп тұрады.
Аталған бағыт аясында 2021-2023 оқу жылында «Бір шаңырақ астында» атты сынып сағаттары 1 мамыр күніне орай өткізіледі. https://www.instagram.com/p/Crmk5zRI5Sv/
«1 мамыр — бірлік күні» мерекесіне орай қалалық ұйымдастырылған іс-шарада мектебіміздің оқушылары қазақтың ұлттық ойындары «Бес тас», «Асық ату», және 3-4 сыныптың алғыр оқушылары «Тоғызқұмалақ» ойнап , жұртшылықпен бөлісті. https://www.instagram.com/p/Crs-gaINZTK/
1-4 сынып оқушыларының арасындағы сурет үйірмесіне баратын оқушылармен ұйымдастырылған «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында өткен асфальтқа сурет салу байқауынан. https://www.instagram.com/p/CruydueNzeY/
2021-2022 оқу жылында «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында осы жобаны жүзеге асыру барысында мектеп оқушылары 7-8 сыныптар Қостанайда орналасқан «Амиго» жылқы клубына экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушыларымыз атқа міну мәдениетімен танысып, атқа отырып, жылқының қасиетімен танысты. Барлығы -44 оқушы экскурсияда саяхаттады. Сонымен қатар үй жануарларымен танысып, суретке түсіп, оларды қорғау жйында сөз қозғалды. Қала өмірінен тыс ауылда болған оқушылар ерекше көңіл-күйде болды.
https://www.instagram.com/p/CUPaw5NgJVR/?utm_medium=copy_link
2022-2023 оқу жылында 2 «Ә» сыныптың 20 оқушысы қала сыртындағы түйе шаруашылығымен танысып қайтты. https://www.instagram.com/p/Cc_H_XyLbqj/
Жоспарға сай осы бағытта «Дәстүр және ғұрып», «Үндестік» жобасы аясында «Ауылдағы бір күн» іс-шарасы биылғы оқу жылында қолға алынып ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 7-9 сынып оқушылары тартылды. Ұйымдастырылған шара барысында оқушыларымыз ауыл өміріне шолу жасап «Ер қанаты-ат» демекші, атбегілікпен танысты. Қыз балаларымызға үйдің от анасы –Гулстан Сабырқызы самаурынмен шай қайнатудың мәнін түсіндіріп, сиыр сауудың қыр-сырымен таныстырды. Сүт өнімінен жасалатын тағамдар туралы тәжірибе көрсетті. бапкер әкенің тәрбиелеген ұлдары туралы мықты шабандоз . екі автокөлік ақшалай ұтыс туралы кездесіп, көзбен көрді.Қазаақтың ұлттық ат ойындарында «Көкпар тарту» , «Теңге алу» т.б көрсетіп, керемет көңіл-күй сыйға тартты. Ұйымдастыруға ат салысқан: Туребаевтар отбасына және ата-анамыз Акмарал Жамшитбаева. https://www.instagram.com/p/ComdKkypfey/ (іс-шараның сілтемесі бейнероликте көрсетілген) 2023-2024 оқу жылында жоспарлы түрде жалғасытур мақсаты тұр.
2022-2023 оқу жылынан бастап қолға алынған «Әдет және ғұрып» «Ұлағатты ұрпақ» «Оқушының мәдени нормативті» жобасы аясында «Дәстүрге жол» республикалық аналар қоғамдық бірлестігімен бірлескен мектебімізде қыздар жиналысы өткізілді. Пушаева Нинагүл апамыз кездесу барысында салт- дәстүр, еліктеушілік, тазалық, шаш күтімі, шаш өру, бұрымды болу т. Б сонымен қатар қыз балалардың жүріс-тұрысы, киім киістері, жабық киіну сөз саптаулары туралы кеңірек тоқталып, қазақ қызының болмысын сақтауға шақырды. https://www.instagram.com/p/CoJ0-PjARqr/
2022-2023 оқу жылында «Біз басқамыз, Біз теңбіз, біз біргеміз» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды әртүрлі ұлт өкілдері келіп, сұрақтарға жауап беріп, өз алғыстарын білдірді. https://www.instagram.com/p/Cl_trvYN0-8/
Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Жыл сайын отбасы тәрбиесін жүзеге асыруда жоспарлы жұмыстар атқарылады. Атаулы мерекелер аясында жұмыстар ауқымды ұйымдастырылып өткізіледі. 2021-2022 оқу жылынан бастап ата-аналарды жәрмеңкелік іс-шараларды ұйымдастыруға тарту, балалармен бәрге жұмыс жасауға шақыру , экскурсияларды ұйымдастыруға баула сияқты тәжірибелік шараларды іске асырып көрдік. Нәтижесінде ата-аналарымыздың мектептегі іс-шараларға көзқарастары артып, әлеуметтік желілерде ризашылықтарын білдіреді, тәрбие саласындағы қиыншылықтарды түсініп, өзара іс-әрекет қимылдарын жан ашырлықпен атқаруда. Сыныптағы өтетін іс-шараларға да араласып, мектептің мәдени өміріне қатысулары артып келеді. Сонымен қатар қалалық іс-шараларға ,байқауларға белсене араласады.
2022-2023 оқу жылында https://www.instagram.com/p/CsQcmUDgEel/
15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған “7Я” атты қалалық квестке мектебіміздің 2 “Ә”сынып оқушысы Келжан Ерасыл Есенболатұлы өзінің ата — анасымен қатысты. Барлық қатысқан отбасылар қалалық білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.
Мектебіміздегі әкелер рөлін арттыру мақсатында 2022-2023 оқу жылынан бастап қолға алынған іс-шаралар — «Менің әкем ең мықты» тақырыбында әскери — спорттық ойын өтті. Барлығы 16 әке қатысып, команда бойынша бақ сынасты «Батпақтан кешіп өту», «Нысанаға граната лақтыру», «АК74 автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру», «Кім мерген», психологиялық жағдаяттар шешу,» Білек күшін сынау», «Оқты шашып, қайта жинау» сияқты кедергілер өтті. https://www.instagram.com/p/CsIs_BHgYZ7/
2022-2023 оқу жылында «Үндестік» жобасы аясында ашық есік күні өткізілді. 2-11 сыныптың ата-аналары оқу-тәрбие процесіндегі толғандырып жүрген сұрақтары бойынша мектеп әкімшілігімен, жекелей пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен кездесіп, мәселелерді тиімді жолмен шешуге тырысты… https://www.instagram.com/p/CpE9IuSNIO0/
“Ата-аналар тәрбиесі және жағымсыз әдеттері” https://www.instagram.com/p/CouEz_tAY0D/ ата-аналар жиналысында тренингтер өткізілді.
«Үндестік» жобасы аясында ата-аналарымызда мектеп өміріне белсене араласуда, алғыс білдіреміз… https://www.instagram.com/p/Cn4fTsANsHR/ сілтемеде жазылған пікірлерден іс-шараларға жақсы баға берілгенін көруге болады. https://www.instagram.com/p/Cn4T2-7NfQs/ сілтемеде ата-аналарымыздың «Патриоттық әндер» сайысына байқауындағы сахналық көрсетілімдерге оқушылармен бірге жоғары дайындықпен қатысқаны бейнеленген 2022-2023 оқу жылындағы бұл сайысқа енгізілген ерекшелік болатын.
2022-2023 оқу жылында “Сенімен Болашақ” республикалық қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалымен бірлескен мектепішілік әкелер жиналысы «Бала бойындағы тұлғалық қасиеттерді қалыптастырудағы әкенің рөлі» тақырыбында өтті. https://www.instagram.com/p/Cn129ycNCox/
2022-2023 оқу жылынан бастап «Үндестік» жобасы аясында ата-аналарымыз «Қыстың сырлы сұлулығы» қар қалашығын жасады. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларынан 8″В» сынып ата-аналары да белсенділік танытты. https://www.instagram.com/p/CmMUYtxtT5i/ алдағы уақытта жалғасын табады.
Тәрбие жоспарына сай «Ризашылық — мейірімділік бұлағы» және «Үндестік» жобасы аясында «1 Наурыз-алғыс айту» күніне орай бүгін 7 «Б» сыныбының оқушылары мен ата-аналары және сынып жетекшісі: Муратова Р. Д. қаламыздың тазалығына үлестерін қосып, тынбай еңбек етіп жүрген аяулы жандарға ыстық шай мен тәтті тоқаштарды т. Б қамтамасыз етті… https://www.instagram.com/p/CofLoUCvt7I/
2022-2023 оқу жыында мектеп парламентінің бастамасымен Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамы қарсаңында 5 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген «Игі істер күні» атты қайырымдылық жәрмеңкесінде жиналған қаржыға балалар үйінің кішкентай бүлдіршіндеріне сыйлықтар алып және 6 сынып оқушыларының ұсынған бауырсақтарын апарып, балалардың көңілдерін көтеріп қайтты. Осындай игі істі атқаруға ат салысқан 5-6 сынып ата-аналарына алғысымызды білдіреміз.
Мектепте «Отбасы клубы» құрылып ата-аналар отырыстарының жоспары жасалды. Онда ата-аналардың, оқушылардың және мектептің міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі туралы жазылып, түсініктемелері беріледі, хаттама тіркеледі. Тоқсан сайын 1 отырыс белгіленген. Сонымен қатар қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды. Қамқоршылық кеңесінің құрамы кемінде 9 адамнан құралған. 3 жылға жұмыс жоспары құрылып, жұмыс атқаруда. Мәселен «100 оқулық» республикалық акциясы негізінде мектепке 40 шақты кітап сыйлады. Ата-аналардың шешіміміен мектеп ауласын гүлдендіруге ат салысты. Ата – аналар оқу сапасын арттыру бойынша іс –шаралар өткізуге ат салысады, Сонымен қатар ауқымды 8 наурыз, 22 наурыз мерекесі барысында ата-аналар арасында іс-шараларға белсенділік артады. Салт дәстүрлерді көрсетуде, спорттық жарыс іс-шараларына, мектепішілік қана емес қалалық «Екі жұлдыз», «Екі ғасыр ұрпағы» сияқты ауқымды іс-шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогпен ата-аналар арасында тығыз байланыс қалыптасқан.
Ата –аналар мектепішілік іс-шараларды өткізуге, ата-аналар жиналыстарына қатысып, балалардың оқудағы жетістіктері ата-аналар жиналыстарында талданады және талқыланады. Үндестік жобасы аясында ата-аналар жиналысы қызықты форматта өткізілді. Балалар қауіпсіздігі мен 1 тоқсанның қорытындысы туралы сөз қозғалды. Тренинг, қызықты әуен аясында балалары туралы сұрақтарга жауап беріп, бала тәрбиесі тақырыбы аясында жоба қорғады https://www.instagram.com/p/CknltHmtgI3/
Ата-аналар жиналысының өту барысы түрлендіріліп отырады. Сілтемеде көруге мүмкінік жасалған. 2022-2023 оқу жылы бойынша:
https://www.instagram.com/p/CkjDPGftC1f/
https://www.instagram.com/p/CkhuEaJNa_s/
https://www.instagram.com/p/CkgTvsHNx-Q/
https://www.instagram.com/p/CkgTxxntwht/
https://www.instagram.com/p/Ckflm1KACt8/
https://www.instagram.com/p/Ckd3U-oteRQ/
Мектептің ата-аналар комитеті құрылып, ол іс-шаралар жоспарын құрастырғанда ұсынымдар береді, оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыруға қатысады; әкімшілікпен, оқушылармен, жергілікті қоғамдастықпен байланыс реттеледі; оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты, мерзім сайын ата-аналар мен тығыз қатынас орнайды.
Ата-аналардың белсенділігінің көрсеткіші
| Бастауыш буын 1-4 сыныптарда | Орта буын 5-7 сыныптарда | 8-11 сыныптарда |
| 100% белсенді, барлық іс-шараларда қолдау көрсетеді, мектеппен тығыз байланыста | 70% белсенділік танытады. | 50% белсенді. |
Аатлаған көрсеткіш сынып жетекшілер арасында мәселе болып көтеріліп, шешудің жолдары ұсынылды. Алдағы уақытта назарда болады.
Мақсаты:Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Бұл бағытта міндетті нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көзделген мақсатқа жетуді, шыдамдылықты қалыптастыру болып табылады. мектебімізде 2-11 сынып оқушылары аралығында жұмыстар кезеңімен іске асырылады. Мәселен, бастауыш буында кәсіптің не екенін ұғындырып, еңбекті сүю ,құрметтеу бағытында жүргізілсе, 5-8 сыныптарда оқушылардың танымын кеңейтіп, оларды қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек осы мақсатта біздің оқушылар ағымдағы оқу жылында қаламыздағы өндіріс орындары мен қызмет ету орындарына атап айтсақ: «Аманат» ЖШС,«Село Лесное-Лидер 2010» ЖШС, «Халыққа қызмет көрсету» орталығына, «Рудный қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне» экскурсиялар жиі жасап, түрлі мамандықтармен танысуды жалғастыруда. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, үйірме-секциялар, әр — түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, ақылы курстар т.б. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда да қызығушылықтарына қарай кез-келген бағытты таңдауға еркіндік берілген, мектебімізде «Волейбол», «Баскетбол», «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Театр» және «Сөз мерген» «Асық ату», «Жас тілші» тағы басқа багыттарда үйірмелер бар. Қазіргі таңда үздіксіз жүргізілген секциялардың нәтижесінде спорт саласына қызығушылығы басым оқушылар көбейген оның дәлелі жыл сайын «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттеріміздің қатары жыл сайын көбейіп, алдыңғы қатары бүгінгі таңда тренер болып қызметте жүр, олар: Бердібаев Нуршат, Бекен Ғасыр қаламыздағы спорт саласын дамытуға өз үлестерін қосып жүргенін атап өткім келеді. кәсіптік ақыл-кеңес беру алдында мектебімізде мектеп психологтары тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби бейімділігін зерттеу бойынша мектепте жыл сайын әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен оқушылардан «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сауалнамалар алынып , бірнеше рет сараптама жасалады
Джон Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тестін басшылыққа алады: яғни
«Мамандыққа дайындық» саралаушы-диагностикалық сауалнамасы.
Қызығушылық картасы (Александр Ефимович Голомшок әдістемесі бойынша)
Кәсіби бағыт бағдар сауалнамасы; аясында
«Қандай оқу бағытың таңдайсың?», «Сенің кәсіби ой-ниетің», «Табаңдылықты зерттеу» тақырыбында диагностикалық сауалнамалар жүргізіледі. Сауалнаманың нәтижелері міндетті түрде оқушы мен ата-анаға ақпарат түрінде беріліп отырады.
Биылғы оқу жылында 2023 жылдың 18 наурыз айында педагогикалық консилиумнің шешімі бойынша 17 сәуірде ата-аналар мен оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру мақсатында колледждерден арнайы мамандардың қатысуымен жиналыс өтті, оған барлығы: 100 ата-ана, 100-оқушы қатысты . Жиналысқа «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі», «Рудный музыкалық колледжі», «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі», «Рудный сервис және технологиялар» колледжі, «Рудный медициналық колледж» «Рудный құрылыс және көлік колледжі», «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» аталған оқу орындарынан арнайы мамандар шақырылды. Іс-шарадан соң қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді. Мамандықты саналы таңдауда адамның дарындылық қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар, мәселен, жыл сайын11 сынып оқушылары бейіндік пәндері бойынша жоғары оқу орындарының ұйымдастыратын бейіндік пән олимпиадаларына қатысып, оқу гранттарын иеленуде:
2022-2023 оқу жылында «Өрт-тілсіз жау» Ерте жастан мамандыққа баулу мақсатында және сақтану жолдары қауіпсіздікті сезіндіру барысында қаламыздағы өрт сөндіру мекемесіне 2″Б» сынып оқушылары экскурсияға барып, өздерінің қуаныштарын бөлісе білді… https://www.instagram.com/p/Ck3BleCJfe-/
2 «Ә» сынып оқушылары «Мен мамандық таңдаймын» жоспары бойынша қаламыздың Do-Do пицца мекемесіне қонақта болып, өз қолдарымен пицца жасап еңбектеніп келді.«Ең үздік пиццамейкер» мақтауын алып мәз болысып тарасты. https://www.instagram.com/p/CqsnszVs6KE/
Тәрбие бойынша бекітілген жоспарға сай «1 Наурыз-алғыс айту» күніне орай және «Алтын жүрек» челленджіне қатыса отырып, «Ризашылық мейірімділік бұлағы» жобасы аясында 7″В» сынып оқушылары қаламыздағы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жұмыс барысымен танысып, бір сәт мамандыққа бағытталған жұмыстарды жасап көрді.. https://www.instagram.com/p/Cov-zWpDBuR/
2022-2023 оқу жылында мектебімізде қалалық семинар мамандық таңдау тақырыбында өткізілді. Тәжірибе алмасу семинарында мектепте өткен іс-шаралардың нәтижелері көрсетіліп, баяндама жасалды. Мамандық кәсіпке баулу «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында қалалық семинар өтті. Мектебіміздің серіктестігі Қостанай»Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен» бірге өткізілді… https://www.instagram.com/p/CsFvz9rN6sR/
Түрлі кездесулер мен іс-шаралар сілтемесі берілді: https://www.instagram.com/p/CsF9kCcAQ4R/
24 мамырда 2023 жылы «Жер — біздің ортақ үйіміз» тақырыбында өткен қалалық сайысқа 3 сыныптардан құрылған мектептің «Болашақ экологтар » командасы қатысты.Нәтижесінде командалықтан 3 орын, қайта өңделген эко костюмді көрсету «Қокыс қиялдары» дефиле байқауы бойынша 3 орынды иеленді. https://www.instagram.com/p/CsqnYsZtN67/
«Жасыл мекен» челленджіне қатысып, мектеп ауласына көшеттер отырғызды. Жасыл әлем — бізбен бірге! https://www.instagram.com/p/CsLGWB1N2zH/
Сонымен қатар мектеп психологтары тұлғаның кәсіби бағытын анықтау мақсатында сауалнамалар алып, педконсилиум өткізіп, ата-аналармен бірге жұмыстарын жүргізеді.
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік қалыптастыру мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыруда мектепте «Сөз мерген» үйірмесі жұмыс жасайды. Мектепте ай сайын дебат ойындарын өткізеді. 2021-2022 оқу жылында Қалалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінде мектебіміздің «Сөз мерген» командасы 2орынға ие болды.
Жетекшісі: Наргүл Қайрат қызы. https://www.instagram.com/p/CZTkat9AKcT/
«Сөз мерген» үйірмесіне тартылған оқушылар
| № | Оқу жылы | Бала саны |
| 1 | 2021-2022 оқу жылында | 20 |
| 2 | 2022-2023 оқу жылында | 40 |
+20 динамика .
2022-2023 оқу жылы бойынша «Сөз мерген» дебат қозғалысы мектепте іс-шараларға белсенді қатысты: 05.04. Күні “Сөз мерген” пікірсайысының кезекті отырысы өтті. Бп мектеп қоғамды өзгерте алады тақырыбында пікірлерін ортаға салды. Құңдылық бағытындағы қарар да мектепте өткізіліп жатқан тәрбиелік мәні бар шаралардың пайдасы мен пайда әкелмейтін тұстары айтылды. https://www.instagram.com/p/Cqrzx0YtJkK/
«Сөз мерген пікір-талас үйірмесі сәуір айында сыныптарды аралап,оқушылардың пікір-таласқа деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі тақырыпта түсіндірме жұмысын ұйымдастырды. https://www.instagram.com/p/Ccfjakstz2c/
«Оқушыларға 15 минутта қалай кейс құруға болады ?» атты тренинг өткізілді. Отырыс барысында «Бұл Палата балаларды белгілі бір жасқа жеткенде бір жылға әлеуметтік деңгейі басқа отбасыларға жібереді» тақырыбында пікірталасқа оқушылар белсене қатысты https://www.instagram.com/p/CoXTf_oN7tf/
Ахмет Байтұрсынов Университетінен “Ахмет ұрпақтары “ дебат клубының экс президенті Шуйншибаев Мұратхан клубтың координаторы Амангелдиева Қымбатжәне клуб мүшесі
Егенберліқызы Сағыныш оқушылармен тренинг өткізді.
«Бұл палата талант жоқ әлемді таңдайды» тақырыбында пікірталас өтті.
Оқушыларды шыңдау барысында кездесулердің маңызы зор… https://www.instagram.com/p/Cn4nqIMNCHX/
Қалалық дебат турнирінде мектебіміздегі «Сөз мерген» үйірмесінің оқушылары жүлделі II орынға ие болды https://www.instagram.com/p/Cnf6nSlol5z/
Балалар жылы және балаларды қорғау күніне байланысты өткізілген қалалық Біз-Қазақстанның болашағымыз «атты пікір-сайыс жарысында «Сөз мерген» командасының спикерлері Фазылжан Дамира және Қуанышбаева Амина жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды https://www.instagram.com/p/CdAbpgJNopa/
сілтемеде марапаттау сәтінен..
«Сөз мерген» дебат үйірмесінің жаңа қатысушыларына арналған түсіндірме кездесу сабағы өткізілді. Мақсаты: дебат туралы ақпарат бере отырып, оның форматы және құрылымы туралы түсінік беру болды. «Ахмет ұрпақтары» дебат клубының президенті (бұрынғы ) мектебіміздің түлегі Шуйиншибаев Мұратхан тренинг өткізіп, өзінің тәжірибесіндегі жаңа ақпараттармен бөлісті https://www.instagram.com/p/CnW4WJUtfAa/
Республика күніне орай мектебімізде «Сөз мерген» дебат клубы «Үш тілділіктің білім берудегі қажеттілігі» өткізген іс-шарасынан https://www.instagram.com/p/CkM7PfGIgbK/
Құқықбұзушылықтың алдын алу және жолда жүру ережесіне сай жарақаттың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар:
Жолда жүру ережесіне сай жарақаттың алдын алу бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде. Көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелерін оқып- үйрену барысында мектептегі төменгі қабатта орналасқан жолда жүру схемасы бойынша көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Көрмеге 1-4 буын оқушылары қатысты. Жолда жүру ережесі бойынша 7 сыныптар арасында «Жол сақшысы» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Жолың болсын жолаушы» атты сайыс сабағы өткізілді. «Жол сақшысы» үйірме жетекшісі Қожахметов О.К.
Республикалық акция жыл сайын ұйымдастырылып өткізіледі, 2022-2023 оқу жылында жалғасын тапты. «Зорлық-зомбылық 16 күн»халықаралық акциясы 12 қараша күні 5-10 сынып арасында Базарбаева И.Б және Жас Ұлан балалар ұйымы Болат би үйірмесінің жетекшілігімен «Біз салуатты келешек үшін!»деген тақырыпта флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа барлығы 100 оқушы ұйымдастырылып,ат салысты. Оқушылар керемет көңіл күйде тарқасты.Мектеп инспекторы 5-9 сынып оқушылары арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы» деген өзек тақырыпта ай бойы лекция дәрісін жүргізді
25 қараша күні мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 4-5 сыныптар арасында тренинг ұйымдастырылды. Тренингқа барлығы 100 оқушы қамтылды. 26-шы қараша күні Амаебаева Ж.К,Бердібаева Н, Исмакова М.Н, Шагаева Ж.Д жетекшілігімен 1-11 сынып оқушыларының арасында «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!»айдарымен оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп брюшюралар таратылды. Барлық сынып қамтылып,жұмыс жасалды. https://www.instagram.com/p/CXa6fzlAzDe/?utm_medium=share_sheet
Жетінші бағыт – Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша адам — ең жоғарғы құндылық екенін оқушыға түсіндіру болып келеді. Оқушылардың эстетикалық талғамы мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2021 оқу жылынан бастап «Балалар және театр» жобасының іске асырылу жолға қойылған.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында мектебімізде серіктестік ортасы құрылды:
1)Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» КМҚК арасындағы өзара ынтымақтастық келісім шарты 2022-2024 оқу жылына құрылды
2) «Кукольный театр» меморандум о взаймном международном сотрудничестве между «КГУ общеобразовательная школа имена М.Дулатұлы» и Муниципальное автономное общеобразовательное учреждение «Средняя общеобразовательная школа №53 имена 96-й танковой бригады Челябинского комсомола г.Челябинска» Российской Федерация от 16.01.2023 года -2006 г (келісім шарттар бар)
2022-2023 оқу жылында -20 оқушы. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай Әбіш Кекілбаевтың “Күй” повесі желісімен “Қайтарылған кек қасіреті” сахналық қойылымы. 7-9 сынып оқушылар арасында. https://www.instagram.com/p/CXQEbfzFEHf/
Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесі желісімен «Қайтарылған кек қайтарымы» театрлық қойылым, 15 оқушы қамтылды.
https://www.instagram.com/tv/CXQEbfzFEHf/?utm_medium=share_sheet
2022-2023 «Балалар және театр» жобасы аясында 135 оқушы облыстық қазақ драма театрына саяхатқа барып, мұражай аралады. https://www.instagram.com/p/CjGHfhftlyo/
2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар төмендегідей :
«Балалар және театр» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облыстық қазақ драма театрына «Алжир» қойылымын тамашалауға 9-11 сынып оқушылары жалпы 42 оқушы барып, керемет әсермен оралды. https://www.instagram.com/p/CmKBGubL8Fd/
8-9 сынып оқушылары «Өтелмеген парыз» қойылымына барды. Барлығы-60 оқушы https://www.instagram.com/p/ClwGunKt568/
«Күн іздеген достар» қойылымына дайындық барысынан https://www.instagram.com/p/Ck3BtHptRon/
«Балалар және театр», «Оқитын мектеп» жобасы аясында 1 сынып оқушыларына «Түлкі мен қырғауыл» ертегісі оқылып, талданды… https://www.instagram.com/p/Cn01sbIPIJe/
«Оқитын мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасына қонаққа келіп, 3 сынып оқушыларына «Ақымақ қасқыр» ертегісін оқып, сомдап берді. Мектеп кітапханашысы М. Нұрғазина екеуі оқушылармен ой бөлісті. Ертегідегі іс-әрекеттерді талдай отырып, жақсылыққа талпындырып, жамандықтан жирендірді. Сонымен қатар жан-жануарларға құрметпен қарауға шақырды. Оқушылар ертегіден түсінгендерін ортаға салып ашық талқыға салды… https://www.instagram.com/p/CnsF4MAB_XU/
Мектебіміздегі қуыршақ театры үйірмесінің оқушылары қалалық «TALENTS OF RUDNY» байқауында жүлделі 2 орынға ие болды. https://www.instagram.com/p/CcXlwuXtxIV/
2022-2023 оқу жылында «Оқушының мәдени нормативі» «Ұлағатты ұрпақ» «Балалар және театр» жобасы аясында мектебіміздегі оқушылар жүлделі I орынға, қуыршақ театры III орын https://www.instagram.com/p/Cn6mOXOARKj/
«Балалар және театр» жобасы бойынша түрлі іс-шаралармен қойылымдарға тартылған оқушылар:
| № | Оқу жылы | Саны |
| 1 | 2021-2022 оқу жылында | 275 оқушы, 28% |
| 2 | 2022-2023 оқу жылында | 395 оқушы , 40% |
Тұлғалық қасиеттерді анықтауға көмектесу, өзіне деген жауапкершілікті сезіне білуге баулу мақсатында мектеп кітапханашылары тарапынан ұйымдастырылған «100 кітап» жобасы «Мен кітапханаға барамын» ашық есік күні . «Халықтар достығының фестивалі» қалалық іс-шараға 2 жыл қатарынан қатысудамыз. https://www.instagram.com/p/Cre1zK8I3v1/
- Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мақсаты:Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Дене тәрбиесінде алға қойылған міндеті оқушы бойында теріс әсерлерге қарсы тура алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психикалық, әлеуметтік және рухани аулық туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті орындау барысы бойынша жоспарда көзделген төмендегідей іс-шаралар өткізілді: «Денсаулық фестивалі» жыл сайын өткізіледі, «Дені сау ұрпақ-елдің болашағы» спорттық ойындар, «Таза қол» акциясы бойынша түсіндіру, жазба жұмыстары. Мектебіміздің спортшы оқушылары да әр түрлі спорт түрлерінен қала, Республика, халықаралық жарыстарға қатысып жүлделі орындар мен оралуда.
Мектеп оқушылары республикалық, халықаралық спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, лауреаттары мен дипломанттарын мақтанышпен айта аламыз.
Сонымен қатар мектепішілік іс-шаралар мен апталықтар барысында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары үнемі жүреді. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында түрлі кездесулер мен лекциялар болып тұрады. Мәселен: «Наркомания мен наркобизнеске қарсы күрес» деген тақырыпта кездесу ұйымдастыру көрсетілген болатын. Жоспар бойынша қаңтар айының 18-і күні, сағат 11.00 де 8-9 сыныптар арасында кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 50 оқушы қатысты.
Кездесуге Рудный қалалық СӨС қалыптастыру орталығының меңгерушісі Мырзаева Фариза Адиловна келіп, оқушыларға бейнеролик көрсету арқылы наркотик арқылы таратылатын инфекцияның жолдары және дене мүшелерінің сынуы туралы толық ақпарат берді. Және наркоманияның апарар жолы, адам өміріне тигізер зияны мен алдын алу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар оқушыларды екі топқа бөле отырып түрлі тренинг жаттығулар өткізді. Тренинг өткізу барысында суреттер арқылы сұрақтар қойылып, анаграмма шешті. Кездесу өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Алдағы уақытта жұмыстар жалғасын табады.
2022-2023 оқу жылында облыстық Қостанай орталығынан келіп өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жұқпалы ауру туралы мәлімет толық берілді. ЖИТС-АИТВ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дегеніміз не? Деген тақырыпта мектеп медбикесі Тажибаева Жағылсын кеңес бере отырып, парақшалара таратты. «Біз өмірді таңдаймыз» деген ұранмен 8-9 сынып оқушылары қалалық флешмоб үгіт насихат жұмыстарына ат салысты. «СПИД-ке қарсы күрес» мектеп медбикесі Тажибаева Ж 5 — сыныптарарасында түсіндіру алдын алу жұмыстары жүргізілді. «ЖИТС-алдын алу» бойынша мектеп кітапханашылары мен мектеп медбикесі Ж.Тажибаева бірлесе отырып 1-9 сыныптар көрме, бұрышын жасады. «Біз СПИД-ке қарсымыз» спорттық сайыс өтті 4 сыныптар арасында болды.
2022-2023 оқу жылында қала бойынша спорттық сайыстар мен түрлі іс-шараларға белсене араласып жүлделі орындарға ие болғаны үшін рейтинг нәтижесінде 1 орынға ие болдық.
Жалпы жоғарыда аталған 8 бағыт бойынша іс-шаралардың жүзеге асуы тәрбие саласының кітапхана, үйірме жетекшілері, өзін-өзі басқару ұйымы, мектеп жантанушылары және әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңесі мен отбасы әлемі клубы және «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерімен бірлескен түрде жұмыс жасауының нәтижесінде жүзеге асырылады
Жалпы тәрбиенің 8 бағытында қай бағыттарға осы іс-шаралар негізделді мына мониторингқа мән берсек яғни біз жыл ішінде қай тәрбиенің бағыттарына оқушылардың қанша пайызын тарта алдық деген сұрақ туындайды, сынып жетекшілердің өткізген сынып сағаттарын саралап, тәрбие жоспарының жүргізілуін қарай отырып :

Тәрбие бағыттарын саралап өтетін болсақ шығармашылыққа бейім оқушылар өте көп. Еңбек тәрбиесі мен зияткерлік тәрбиеге мән беріп, жандандыру қажет деп білемін.
Мектептегі тәрбие үрдісінің дамуы жыл сайын артып, қалыптасқан дәстүрлі шаралардан тыс мектептен тыс іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттары мен басқа мекемелермен байланыс артып нығая түсуде. Бұл тәрбие саласы ынтымақтастығының артуы оқушыларымыздың тәрбиесі мен білімінің жан-жақты дамуына әсер ететіні белгілі. Сонымен қатар оқушылардың үйірме — секцияларға қамтылуы баста назарда. Үйірме мен секция жұмыстары жыл сайын сағат саны артып, қамтылатын оқушылар саны да артуда. Ата-аналар жиналысында бос уақытты ұйымдастыруға оқушыларды тарту мәселесі назардан тыс қалмайды. Қазіргі уақытта сыныптардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру саны арту көрсеткіші мен жүлделі орындар санының жыл сайын өсу деңгейі байқалады. Жалпы мектеп ішінде есепте тұрған оқушы жоқ. Тәртіп бойынша жалпы мектепішілік бақылау күшейтілен. Әлеуметтік педагог пен мектеп психологтарының жұмыстары бірігіп жүргізіледі.
Мектебіміздегі тәрбие бағытының қамтылуынан тыс тек қана мектепішілік емес қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстарға, спорттық жарыстар мен ойындарға және түрлі тақырыпта жобалар мен әлеуметтік бастамаларға оқушыларымызды қатыстыру сапасы артып, оқушыларымыз бен үйірме жетекшілерінің қызығушылығы жоғары. Жүлделі орындарды атап өту мен марапаттау жетекшілер мен оқушылардың белсенділігін арттырады. Мұражай, мұрағат және еңбек ардагерлерімен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және өнер адамдарымен кездесу ұйымдастыру қалыптасқан. Бұндай іс-шаралардың тәрбие бағытында берер әсері мол.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- демекші білім мен тәрбие бірге жүретіні белгілі. Тәрбиенің берілуі барысында интеллектуалдық тұрғыдағы іс-шараларды арттыруды көздеу мақсаты тұр. Интелектуалдық тұрғыдан тәрбиелеу барысында оқушыларымыздың жан-жақтылығын арттырсақ ұрпақ тәрбиелеуде білімді болуына да үлес қосарымыз белгілі.
Мектепте мұғалімдер еңбегін марапаттап, мадақтау үшін мектеп әкімшілігімен келісе отырып, ынталандыру жұмыстары да бір жолға қойылған. Жыл сайынғы өткізілетін рейтинг бойынша өткізілетін «Жұлдызды сәт» қорытындысында: оқу – тәрбие саласы бойынша; әдістемелік жетістіктер бойынша; тәрбие жұмысындағы жетістіктеріне байланысты; шәкірттерін олимпиадалық және ғылыми жұмыстарға даярлаудағы еңбектері үшін сыйақы, мадақтау қағаздары мен грамоталар беріледі.
Тәрбие саласы бойынша талантты және шығармашыл оқушыларды, сынып жетекшілерді, сыныптарды ынталандыру мақсатында әр оқу жылының соңында «Жыл сыныбы», «Жыл сынып жетекшісі», «Көшбасшы оқушы», «Спорт тарландары», «Ең үздік сынып» т.б номинациялар бойынша қорытындыланып марапатталады.
Білім алушылардың мектеп өміріне қанағаттану және жайлылық деңгейі Мәліметтерден мектеп өмірін қабылдайтын білім алушылардың, мұғалімдердің 90 % жылдан жылға өсіп келе жатқаны байқалады. Оқушылар мектепте ыңғайлы, олар мектеп өміріне қызығушылық танытады.
1. Білім алушылардың тәрбие деңгейін арттыруға оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың барлығының жұмысын үйлестіру. Әлеуметтік-психологиялық қызметтің, сынып жетекшілерінің, педагогикалық ұжымның және мектеп әкімшілігінің жұмысын өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту арқылы жұмысты біріктіруге бағыттау
2. Білім алушылардың педагогикалық ұжымының жұмысын оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігіне белсенділендіру. Осы мақсатта оқушыға жеке тұлғаға бағытталған тәсілді қолдана отырып, жұмыстың жаңа түрлерін белсенді қолдану және дамыту
3. Мектеп оқушылары арасында бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру.
4. Жұмыста ата-аналар қауымдастығын белсенді пайдалану, ата-аналарды сыныптың қоғамдық өміріне белсенді тарту.
5. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру және қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыру, балаларды сынып пен мектептің қоғамдық өміріне белсенді тарту алдағы уақыттың еншісінде.
Мектептегі сынып жетекшілердің ӘБ жетекшілермен жұмысы жолға қойылған:
| № | Аты жөні | Сыныптар | Қызметі | Еңбек өтілі |
| 1 | Шагаева Жанар | 1-4 бастауыш буын | Бастауыш сынып мұғалімі | 8 |
| 2 | Исмакова С.Б | 5-7 орта буын | Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі | 15 |
| 3 | Эргизбаева Назым | 8-11 жоғарғы буын | Математика пәнінің мұғалімі | 18 |
Тәрбие жұмыстарын сапалы атқаруда жүйенің дұрыс құрылуы мен дұрыс ұйымдастырылуы өте маңызды. Мектебімізде сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік жетекшілері құрылып, жоспар жасалған. Тәрбие саласындағы кейбір мәселелер отырыстарда қаралып, талданып отырады. Жоспары мектеп басшысымен жыл сайын толықтырылып бекітіліп отырады. ӘБ мақсаты:
1. Сынып жетекшілерінің шәкірттерін тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруі.
2. Әр сынып жетекшінің қызметі мен педагогикалық шеберлігін дамытуына жағдай туғызу.
3. Заманауи талаптарды ескере отырып тәрбие жұмысын жоспарлау.
4. Ата-аналар жиналысын өткізуде жаңа әдістерді қолдану.
Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:
1.Тәрбие жұмысы мен психология бойынша мәселелер бойынша сынып жетекшілерінің теориялық, әдістемелік деңгейін көтеру.
2. Сынып жетекшілерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базасы жайлы ақпараттандыру.
3. Үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау, жүйелеу және тарату.
4. Сынып жетекшілерінің заманауи тәрбие беру технолгогияларымен, формалары мен жұмыс әдіс-тәсілдерімен қамтамасыздандыру.
Сынып жетекшілермен жұмыс
Сынып жетекшілердің кәсіптік шеберлігін көтеру мақсатында
| 2022-2023 жж | Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды жан — жақты тәрбиелеудің тиімді жолдары тақырыбында тәрбиеге бағытталған педагогикалық кеңес өткізілді. https://www.instagram.com/p/CbuRF_gAVTT/ педагогикалық кеңес теориялық және практикалық форматта өткізілді. Тәжірибелі сынып жетекшілер шебер сынып, баяндамамен бөлісті. |
| 2022-2023 жж | «Өзін-өзі басқару жұмысы баланың жеке тұлға болып қалыптасуының негізі» тақырыбында педагогикалық кеңесте баяндама оқылып, шебер сынып өткізілді. Сілтемеге өтіңіз: https://www.instagram.com/p/CrPj5K3tAMR/ |
| 2022-2023 жж | 3-4 сынып жетекшілерінің арасында сынып фракциясының ұйымдастыру жолдарын талдау бойынша отырыс өтті. https://www.instagram.com/p/Cq-p7xTNTf-/ |
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы
Балалар ұйымының мақсаты: Ұйымның әрбір мүшесін өз Отанының азаматы ретінде қалыптастыру және дамыту, идеялық, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Мектептегі өзін-өзі басқару кеңесінің қатысушылары мектеп қызметіне белсенді қатысады, жаңаларын енгізеді. Мектептің өзін-өзі басқару кеңесінің қызметі мектеп өмірін қызықты ете алатын көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Мектептегі өзін-өзі басқару кеңесінің қызметі принциптерге негізделген:
* жеке өсу жүйесі
* ұжымдық және жеке іс-әрекет тәсілдерінің үйлесімі
* шығармашылық әлеуетті дамыту
* өзін-өзі басқару
Бүгінгі таңда, «Мектеп Парламенті» ұйымы 8 фракция бойынша жұмыс жасайды. Олар:
▪Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология);
▪Қамқорлық фракциясы (еріктілік);
▪Дебат қозғалысының фракциясы;
▪Құқық және тәртіп фракциясы;
▪Ақпарат фракциясы;
▪Спорт және салауатты өмір салты фракциясы;
▪Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық);
▪Экология және еңбек фракциясы.
«Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалармен жасөспірімдер ұйымындағы оқушылар саны
| № | Оқу жылдары | Оқушы саны |
| 1 | 2021-2022 | «Жас ұлан ұйымы»-105 оқушы. «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына — 99 оқушы қабылданды |
| 2 | 2022-2023 | «Жас ұлан» ұйымына — 111 оқушы; «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына- 99 оқушы |
2022 – 2023 оқу жылында 5-10 сыныптар арасынан 58 оқушы өздерін үміткер ретінде ұсынды. Сайлауда дауыс беруге мұғалімдер мен оқушыларға арналған жеке жәшіктер қойылып, нәтижесінде дауыс санының жоғарылығымен 10 «А» сынып оқушысы Қабжан Армангүл мектеп Президенті болып сайланды.
2022-2023 оқу жылында педагогикалық кеңесте бұл тақырып көтеріліп, сынып фракциясының жұмыстары жандандырылды. Оған дәлел:
https://www.instagram.com/p/CrQxnEjt32b/ 5-7 сынып жетекшілер арасында сынып фракциясының ұйымдастыру жолдарын талдау бойынша отырыс барысынан… https://www.instagram.com/p/CrAz9KZg2vk/ 5″В» сынып
Білім және мәдениет фракция жетекшілері «Ғарышкерлер күніне » арналған сынып сағатын өткізді. https://www.instagram.com/p/CrA5RIGNKLL/ 5″Ә» сынып фракциясының оқушылары «Діни экстремизмнің алдын алу» туралы сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/p/CrA3O0iNd6L/ 6″А» сынып
Білім және мәдениет фракция жетекшісі Фазылжан Кәусәрдың «Ғарышкерлер күніне » арнаған сынып сағаты https://www.instagram.com/p/Cq-11pQtvzt/ 27.03-10.04.2023 арасындағы «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы аясында жоспарлы түрде мектеп парламенті 6 “А” сыныбымен “Қызыл, сары, жасыл” атты викторина ойынын өткізді. Форматы: Кахот программасы
Мақсаты: оқушылардың жолдағы белгілерді қаншалықты білетіндігін анықтау.Және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өткізген мектеп парламенті және Нурекина Ж. К. https://www.instagram.com/p/CqnFFAftYwJ/ 16 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 8 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген «Бір шаңырақ астында» атты қайырымдылық жәрмеңкесінде жиналған қаржыға мектеп парламенті балалар үйінің кішкентай бүлдіршіндеріне сыйлықтар алып,табыстау сәтінен үзінді берілді….https://www.instagram.com/p/CmVl9DsOVTf/ 16 желтоқсан мереке қарсаңында 9-11 сынып оқушылары арасында «Зияткер ұлт» тақырыбында желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздікке байланысты интеллектуалдық ойын өткізілді. Мектеп Парламенті https://www.instagram.com/p/CmJCY_Mgub3/ 15 минуттық қоңырауда оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Ұйымдастырушылар: И.Б.Базарбаева, мектеп Парламенті. https://www.instagram.com/p/Ck90h-CIv4l/ 01.11.2022 күні І тоқсан бойынша Мектеп Парламентінің есебін тыңдау отырысынан https://www.instagram.com/p/CkanOMONUO4/17 қазан — 17 қараша аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы азаматтық-құқықтық сана және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында мектеп Парламенті 5-11 сынып оқушыларына брошюралар таратты https://www.instagram.com/p/CkNIrxSNLRB/Дублер күні шарасы өтті. 11 сынып оқушылары өздерінің креативті, қызықты сабақтарымен жаңашыл ұстаз бейнесін көрсете алды. Іс-шара барысында көшбасшылық қабілеттерін шыңдады. https://www.instagram.com/p/CjIWnA7tYes/ аталған іс-шаралар жыл сайын атқарылып отырады. Сонымен қатар қалалық іс-шараларға ат салысады. 2021-2022 оқу жылында «Я вожатый» конкурсынан қалалық деңгейді ұйымдастырылып өткізілетін 1 орынды жеңіп алды. Сілтемеде мақтау қағазы берілген. https://www.instagram.com/p/CPpR-lsACnJ/
2022-2023 оқу жылында
«Елімнің тыныштығы-бейбітшілікке сара жол» сурет байқауы 5-7 сыныптар арасында, 8-11 сыныптар «Діни экстремизм,терроризм» буклет жасау, бастауыш сыныптарда «Дін дегеніміз не», «Эктремизс туралы сенің ойың» сияқты іс-шаралар, сынып сағаттары.
Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыруда түрлі іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі, тәртіп,эстетикалық тұрғыдан мән беріліп қадағаланып отырады. Жан-жақты қарастырылып, жауапкершілік жүктеледі. Орындалған іс-әрекеттер талданып, бағыт-бағдар беріледі. Топтасқан іс-әрекет арқылы жоспарға сай және жоспардан тыс жұмыстар тәрбие саласында атқарылып жатыр. Алдағы оқу жылында жүйелі жұмыстар үш құндылыққа негізделіп жалғасын табатын болады.
Білім алушылардың рухани – адамгершілік, азаматтық – патриоттық, көркем – эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ету үшін мектепішілік тәрбие жұмыс жоспарында, сыныптың тәрбие жұмыс жоспарында қарастырылумен қатар, оқу жоспарының вариативтік компонентінің жеке және топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар, қызығушылық бойынша үйірмелер мен секциялар оқушының технологиялық біліктілігін арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, сөз шеберлігін шыңдауға, құқықтық білімін кеңейтуге, салауатты өмір салтын ұстануға, көркем-эстетикалық талғамын дамытуға, ақпараттық құзыреттілігін, логикасын дамытуға негізделіп құрылды. (бағаланатын кезеңге қосымша сабақтар кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысу нәтижелері қоса берілді.)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауда жоғары нәтиже көрсетуде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Оқушылардың үйірмелерде, спорт секцияларында және сыныптан тыс іс-шараларда мүмкіндіктері мен жұмыспен қамтылуын іске асыру үшін қолайлы орта құрылды
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дамытудағы бос уақыттарын ұйымдастырудағы үйірмелер, секциялардың жұмыстары мектебімізде тұрақты түрде жүргізіліп келеді, белгілі бір жүйе қалыптасқан. Үйірме жұмыстарының мазмұны балалардың тұлғалық дамуына бағытталып, жан-жақты қарастырылған және жыл сайын заман талабына сай өзгерістерге мән беріліп толықтырылып отырады.
Мектептің «Күнделік.кз» ҚББ бөлімінде толтырылды.
2022-2023 оқу жылы бойынша үйірме сағаттары қысқарып, қосымша білім беру мөлшерлемесі – 4,5 іске асырылды. Тегін үйірмелер жетекшілердің сұраныстарымен жүзеге асырылып,күнделікке енгізілді. Қамтылған бала саны- 284, бұл көрсеткіш – 28% пайызды құрады, төмендеу себебі үйірме сағаттарының қысқаруына байланысты болды, дегенмен тегін үйірме-секциялар арқылы – 55% көрсеткіш көтерілді. Мемлекеттік стандартта көрсетілген көрсеткіш -36% жетуді көздесе,мектебіміздің бұл көрсеткіштен асуы байқалады. Аталған оқушылар электронды күнделік журналға жылдар бойынша енгізілген.
Қосымша білім беру :
Мектептен тыс үйірме-секцияларға оқушылар тартылған. Жылына 2 рет мониторинг жасалады.
Жалпы мектептегі білім алушылардың – 98% бос уақыты қамтамасыз етілген (мектепте және мектептен тыс қоса алғанда).
Қосымша білім беру педагогтерінің жұмысы қосымша білім беру мазмұнын жүйелі түрде жаңартуға бағытталған. Үйірмелер мен секциялар мүшелерінің сандық құрамын жеткілікті. Басшылар балалардың мүдделерін арттыруға және әртараптандыруға, жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға тырысады, бұл жыл бойы конкурстарда, слеттерде, жарыстарда тұрақты және жақсы нәтижелерге әкеледі. Мектебімізде жыл сайын қалыптасқан:
Мектептегі оқушыларды қосымша білім беру үйірмелерде, спорт секцияларында жұмыспен қамту жүйесі оқушының жеке басының әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
«Асық ату», «Баскетбол», «Айбын», « Сөз мерген», «Дизайн студиясы», «Тоғызқұмалақ ойыны» , «Жас тілші» үйірмелері жыл сайын түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Соның ішінде «Асық ату» үйірмесі республикалық, халықаралық, ұлттық мектеп лигасының бірнеше дүркін чемпиондарын тәрбиелеп шықты. Біздің оқушыларымыз қазіргі уақытта өз тәжірибелерімен бөлісуде шақыртулар алуда. «Баскетбол» секциясы 3 жыл қатарынан облыстық ойын чемпиондары. 3 оқушымыз республикалық ойындардың жеңімпаздары.
2022-2023 оқу жылы бойынша Рудный қаласындағы мектептер арасындағы рейтинг бойынша мектебіміз спорттық жарыстар мен спартакиада ойындары ,мектеп лигаларында үздік көрсеткіші үшін жүлделі 1 орынды иеленді.
Қорытынды: оқушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыруда тұрақты жұмыстар алдағы оқу жылында жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
5) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);
Бейінді оқыту – оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте игеруі тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз етеді. Бейінді оқыту орта мектептің жоғары сатысында жүзеге асырылады. Ал, ортаңғы буындарда бейіналды жұмыстары жоспарланып отырады. Мектебімізде 10,11-сынып оқушыларының бейіндік бағытын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Сауалнама сұрақтарын саралап, №1 педагогикалық кеңес отырысында 10-сыныптың таңдаған оқу бағдарламасы таныстырылады. Бірнеше жылдан бері оқушылардың көпшілігі жаратылыстану-математикалық бағытын таңдап жүр. Бұл бағыт мектеп бітіруші түлектердің сұранысын қанағаттандырып отыр.
Бейіналды жұмыстарын ұйымдастыру мектебімізде, ерте жастан бастап мамандықққа баулу жұмыстарынан көрініс табады.
Яғни мектебімізде 2-11 сынып оқушылары аралығында жұмыстар кезеңімен іске асырылады.
Мәселен, бастауыш буында кәсіптің не екенін ұғындырып, еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілсе, 5-8 сыныптарда оқушылардың танымын кеңейтіп, оларды қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек.Осы мақсатта біздің оқушылар ағымдағы оқу жылында қаламыздағы өндіріс орындары мен қызмет ету орындарына атап айтсақ: «Аманат» ЖШС,«Село Лесное-Лидер 2010» ЖШС, «Халыққа қызмет көрсету» орталығына, «Рудный қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне» экскурсиялар жиі жасап, түрлі мамандықтармен танысуды жалғастыруда.
Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Ол үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, үйірме-секциялар, оқу орындарымен тығыз байланысты орнату.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, түрлі мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық оқу орындарында өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі. Осыған орай кәсіптік ақыл-кеңес беру алдында мектебімізде мектеп психологтары тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби бейімділігін зерттеу бойынша мектепте әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен оқушылардан «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында сауалнамалар алынып, бірнеше рет сараптама жасалады
«Қандай оқу бағытың таңдайсың?», «Сенің кәсіби ой-ниетің», «Табаңдылықты зерттеу» тақырыбында диагностикалық сауалнамалар жүргізіледі. Сауалнаманың нәтижелері міндетті түрде оқушы мен ата-анаға ақпарат түрінде беріліп отырады.
Биылғы оқу жылында 2023 жылдың 18 наурыз айында педагогикалық консилиумнің шешімі бойынша 17 сәуірде ата-аналар мен оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру мақсатында колледждерден арнайы мамандардың қатысуымен жиналыс өтті, оған барлығы: 100 ата-ана, 100-оқушы қатысты . Жиналысқа «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі», «Рудный музыкалық колледжі», «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі», «Рудный сервис және технологиялар» колледжі, «Рудный медициналық колледж» «Рудный құрылыс және көлік колледжі», «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» аталған оқу орындарынан арнайы мамандар шақырылды. Іс-шарадан соң қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді.
Ағымдағы жұмыстар ақыл-кеңес беріп, диагностикамен ғана шектелмейді, «Үндестік» жобасы аясында ашық есік күні өткізіліп, директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайкибекова А.П. 11 сынып ата-аналармен шебер сынып өткізді. Шебер сынып барысында таңдау пәндері бойынша мамандықты анықтау, оқу орнына түсуге қойылатын шекті балдары бойынша оқушының мамандық пен оқу орнын таңдау жолдары айтылды. Мемлекеттік гранттар мен әкім гранттарына ие болу жолдары түсіндірілді. Шебер сынып барысында ата-ана өзін оқушы орнында сезіне отырып, мамандықтар, оқу орындарын таңдау бойынша анализ жасап үйренді. Бұл іс шара ата-аналар тарапынан оң бағаға ие болды.
Жыл сайын 9-сыныптарды 100-ге жуық оқушы тәмамдайды. Оқушылардың кәсіби-бағыт бағдарын жандандыру мақсатында Тау-кен технологиялық колледжімен ынтымақтастық-серіктестігіне, театр, қуыршақ теаротырдық. Бірлескен іс шаралардың бірі -Тау-кен технологиялық колледжінде «кәсіби сынақтар» ұйымдастырылылуы. Кәсіби сынақтар — бұл әртүрлі мамандықтарды «сынап көру». Колледж студенттері барлық станоктарда жұмыс істеудің бірегей түрлерімен таныстырып оқушыларға жұмысшы мамандықтарын насихаттады. Сонымен қатар, 9-сынып оқушылары үшін әртүрлі мамандық өкілдерімен шебер сыныптар өткізілді. Оқушылар өздері қалаған мамандық қыр сырымен танысып, мамандардың көмегімен практикалық жұмыстар орындады.
2022-2023 оқу ж. мектептің жаратылыстану-математика бағытына сай, кәсіби бағдар беруді және оқыту әдістемесін дамыту мақсатында мектеп келесі мекемелермен ынтымақтастық серіктестік туралы келісім-шарттарына отырды.
| № | Іс-шара атауы | деңгейі | мерзімі |
| 1 | «Серіктестік алаңы» желілік өзара оқыту жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандум «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі» КМҚК | қалалық | 2022-2025 |
| 2 | «Қостанай облысы І.Омаров атындағы қазақ драма театры» ынтымақтастық туралы шарт | облыстық | 2022-2025 |
| 3 | ««Орлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Қостанай облысы бойыншы Кәсіби даму институты» ынтымақтастық туралы шарт | облыстық | 2023-2026 |
| 4 | Муниципальное автономное общеобразовательное учреждение «Средняя общеобразовательная школа №53 имени 96-й танковой бригады Челябинского комсомола г.Челябинска» Российской Федерациясы «Қуыршақ театры» жобасы | халықаралық | 2023-2026 |
Оқу жылы ішінде «Рудный тау-кен- технологиялық» колледжімен 9 сыныптар мен 1 курс студенттері арасында қалалық зияткерлік сайыс өткізілді, сайыс қорытындысы бойынша мектептің құрама командасы І орын иеленді. Облыстық драма театр актерлерімен мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен қалалық деңгейде кәсіби бағдар беру бағытында «Мамандығым-мақтанышым» атты семинары өткізілді. Семинар барысында қала мұғалімдеріне мектептің үйірме, секция жұмыстарының көрмелері таныстырылды, 9 -11 сынып оқушыларына мектеп түлектері арасынан кәсіби жетістіктерге жеткен мамандармен кездесу ұйымдастырылды, жеке кәсіпкерлер шебер-сыныптар өткізді, біліктілікті арттыру институтының оқытушылары кәсіби бағдар бойынша қала мұғалімдеріне семинар өткізді. Жан-жақты ұйымдастырылған әр түрлі іс-шаралардың тиімділігінің негізінде еңбекке орналасудың төмендегідей көрсеткішін көруге болады.
2020-2023 жылдар аралығындағы 9 сынып түлектерінің еңбекке орналасу көрсеткішінде өсу байқалады:
| Оқужылы | оқушы саны | 10 сынып | Басқамектепке ауысқаны | Колледжге түскені | % | Бюджеттік | Ақылы бөлімге |
| 2020-2021 | 102 | 25 | 4 | 72 | 70,5% | 45 | 8 |
| 2021-2022 | 98 | 27 | 11 | 60 | 61,2% | 55 | 5 |
| 2022-2023 | 100 | 25 | 4 | 71 | 71% | 58 | 13 |
Түлектердің басым көпшілігі техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтарды таңдайды. Колледждерді аяқтаған түлектеріміз қазіргі таңда, өз мамандықтары бойынша еңбек жолдарын мұғалім, дәнекерлеуші, электрик, аспазшы, кондитер, контролер-кассир мамандықтары бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
11 сынып түлектерінің таңдаған бейіндік пәндері жаратылыстану бағытына сәйкес, басым көпшілігі техникалық және медициналық мамандықтарды таңдайды. Мектебімізде 10,11-сынып оқушыларының бейіндік бағыты жаратылыстану –математикалық бағыт екенін ескерсек, бұл күндері оқушыларымызға дұрыс бағыт берудеміз деп ойлаймыз.
2022-2023 оқу жылы
10-11-сыныптардағы элективті курстар сабақтары негізінде оқушылардың тереңдетілген және кеңейтілген түрде дамуы жүзеге асырылады, практикалық дағдылары қалыптасады. Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытына сәйкес және мамандық таңдауға қатысты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында «Биология-кешенді ғылым» қолданбалы курстан оқыту әдістемелік-кешені, Дальдембаева Г.Т. ISBN 978-601-7872-91-5, 2016ж 10-сыныпта – 1 сағат көлемінде, 11-сыныпта – 1 сағат көлемінде өткізілді. «Күрделі теңдеулердің қарапайым шешу жолдары» қолданбалы курс, Абжанова М.С. ISBN 978-601-321-229-6, 2017ж курсы 10-сыныпта – 1 сағат көлемінде, 11-сыныпта-1 сағат көлемінде өткізілді. Білім алушылар жеке және топтық сабақтар аясында өз білім дәрежесін тереңдетіп, алдағы уақытта жоғары оқу орына түсуге дайындық сабақтары есебінде жоспарланды.
Мектеп және қалалық олимпиадалардан басқа оқушылардың зияткерлік қабілеттерін анықтауға және дамытуға ықпал ететін шарттардың бірі облыстық және республикалық зияткерлік марафондар, ойындар мен конкурстар болып табылады. 2022-2023 оқу жылы ішінде мектеп оқушылары қатысты. Нәтижесі төмендегідей:
| № | Деңгей | Аты-жөні | Орын | Сынып | Жетекшісі | Сапа |
| 1 | Қалалық | Төлеби Тамерлан | ІІ орын | 10 «А» | Бейсенгалиева Ж.Г | 100% |
| 2 | Турмаханова Назерке | ІІІ орын | 10 «А» |
- Нуршабаева Улданай қазақ әдебиеті секциясына «Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні», 11 «А» сынып оқушысы Кәрім Әділ математика секциясында «Пифагор теоремасы — өмірде»жұмыстарын қорғады.
| Оқу жылы | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | Секциясы/ оқушының аты-жөні, сыныбы | Сапа |
| 2022-2023 | 2 | 2 | Қазақ әдебиеті (Нуршабаева Улданай 10 «А» сынып) – І орын; Математика (Кәрім Әділ 11 «А» сынып) – ІІІ орын | 100% |
| динамика | + | +2 | +100% |
Қазіргі таңда 11-сынып түлектері саналы түрде кәсіби бағдар жұмысын жоспарлауда, ең бастысы кез –келген түлектің арманы саналатын – грант бағдарламасын жеңу жолдарына басым көңіл бөліп, мамандықтар комбинациясы ұсынылады. Бұл, оқушыға өз таңдаған мамандығы бойынша таңдау пәндерін анықтау мүмкіндігін береді. Пәндер таңдалғаннан кейін оқушы таңдау пәндері бойынша өз мүмкіндіктерін саралау үшін ҰБТ дайындық тестілеулері өткізіліп, эксперттік кеңес жұмыстары жүргізіледі. Оқушы соңғы кезекте өз пәні бойынша жинаған балдары арқылы қандай мамандық, қандай оқу орына түсуге болатын мүмкіндіктерін өз бетімен анализ жасап үйренеді. 10,11-сыныптарда таңдаған мамандығына түсу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында, білімді арттыруға, мамандық, оқу орындарына түсу жолдары туралы ақпараттандыру жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Жоғары сыныптарда медицина және техникалық мамандықтарға таңдау көп жасалады. Оқушыларыдң сұранысын қанағаттандыру мақсатында 10,11сыныптарда «Биология – кешенді ғылым» курсы, сондай-ақ, ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі пәндерінің бірі- математика болғандықтан «Күрделі теңдеулердің қарапайым шешу жолдары» курстары жоспарланған.
Мектеп түлектері мектеп бойынша жоғары білім сапасын көрсетіп келеді. Мектеп түлектері арасында үздік білімімен көзге түскен оқушыларымыз да баршылық.
| оқу жылы | оқушы саны | білім сапасы | «Алтын белгі» иегерлері | «Үздік аттестат иегерлері |
| 2022-2023 | 26 | 0 | 2 |
9-сыныптарда «Үздік аттестат» иегерлері 2021 жылы -5, 2022 жылы – 3, 2023 жылы – 2 оқушыны құрайды.
2020-2023 жылдар аралығындағы 11 сынып түлектерінің еңбекке орналасу көрсеткіші
| Оқу жылы | Оқушы саны | Жоғары оқу орны | Колледжге түскендері | |
| Мемлекеттік грант иегерлері | Ақылы бөлімге түскендер | |||
| 2021 | 45 | 19 | 16 | 10 |
| 2022 | 24 | 12 | 7 | 5 |
| 2023 | 26 | 11 | 9 | 6 |
10-11 сыныптардағы бейіндік оқыту пәндері бойынша түлектердің түсу нәтижелілігі орта есеппен жоғары оқу орындарына 80 %-ды және колледждерге 20 %-ды, оның ішінде грантқа 45 %-ды құрайды.
Жаратылыстану- математикалық бейіндік бағыты бойынша түлектердің (11-сынып) еңбекке орналасу нәтижесі.
| оқу жылы | Барлығы | техникалық мамандықтар | медицина | педагогикалық мамандықтар | гуманитарлық бағыт мамандықтары | бейіндік бағыт сапасы | |
| Жоғарғы оқу орны (ЖО) | колледж | ||||||
| 11-сыныптар | |||||||
| 2021 | 35 | 10 | 28 | 8 | 6 | 3 | 93,3% |
| 2022 | 19 | 5 | 8 | 8 | 6 | 3 | 87,5% |
| 2023 | 20 | 6 | 8 | 8 | 5 | 5 | 70,2% |
Бұл қолданбалы курстар мен таңдау курстарының іске асырылатын бағдарламаларының тиімділігін дәлелдейді. Білім беру гранты мен бюджеттік орындар бойынша түлектердің түсуі еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оқытуды дараландыруға және білім алушылардың кәсіби бағдарлануына бағытталған бейіндеудің маңыздылығын көрсетеді.
6) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру;
2022-2023 оқу жылында 18 балаға ПМПК кеңесінің қорытындысы берілді. Балалардың осы санаты үшін оқу қызметі жеке тәсілмен жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды және 2022-2023 оқу жылына арналған Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау жоспарына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылды.Үйде оқитын 3 оқушы. Олар 5сынып – 1оқушы , 7сынып – 2 оқушы. Сыныпта ерекше назарды қажет ететін оқушылар саны – 15 оқушыны құрайды.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыруда ПМПК берген қорытынылары сараланды. Олар жалпы білім беру бағдарламасымен жеке ықпалмен оқытылуда.
Оқу жылы бойы осы оқушылармен жұмыстар жоспарланып, нәтижесінде психологиялық – медициналық -педагогикалық кеңеске қайта қарауға жіберілді. Нәтижесінде, мына оқушылар ПМПК есебінен шығарылды.
Қаржаубай Аслан Ерманұлы — Аймақтық психологиялық – медициналық -педагогикалық кеңесі 2022 жылдың 17 қазан күнгі қорытындысы бойынша жалпы білім беру бағдарламасымен оқу. ПМПК есебінен шығарылған.
Эргашбоев Абылайхан Нурланович- Аймақтық психологиялық – медициналық -педагогикалық кеңесі 2023 жылдың 13қаңтаркүнгі қорытындысы бойынша жалпы білім беру бағдарламасымен оқу. ПМПК есебінен шығарылған.
Ережепходжа Мухаммед Абишулы- Аймақтық психологиялық – медициналық -педагогикалық кеңесі 2023 жылдың 2мамыркүнгі қорытындысы бойынша жалпы білім беру бағдарламасымен оқу. ПМПК есебінен шығарылған.
Бахтияров Биржан Канатович— Аймақтық психологиялық – медициналық -педагогикалық кеңесі 2023 жылдың 20 маусым күнгі қорытындысы бойынша жалпы білім беру бағдарламасымен оқу. ПМПК есебінен шығарылған.
Осы оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында мектепте психологиялық-педагогикалық кеңес (бұдан әрі –ППК) жұмыс жасайды. Жыл басында ППК құрамы бекітіліп, кеңес жоспары және жылдық жұмыс жоспары жасақталған. ППК құрамында оқу ісі орынбасары, тәрбие ісі орынбасары, әлеуметтік педагог, психолог, мектеп медбикесі, және осы балалар оқитын сыныптың жетекшілері кірген. Мектептегі инклюзивті оқытуды жүзеге асыратын педагогтар білімдерін жетілдірген.
Оқушылар үнемі мектепішілік бақылауда, ата-анасы баланың мектептегі өмірімен тығыз байланыста. Пән мұғалімдері жаңартылған білім мазмұны бағдарламасына сәйкес баланың оқу деңгейін ескере отырып, оқыту бағдарламаларын жеңілдетілген түрде жоспарлайды. Инклюзивті оқыту бағдарламасына сәйкес қызметкерлердің жұмыс жоспары жасалынған. Пән мұғалімдері оқушылардың сабақтарына кіріп, оларды сырттай зерттеді. Оқушылардың білімдері орташа. Сабақтан себепсіз қалмайды.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына сәйкес 2022-2023 оқу жылында 5 оқушы өтініш білдірді. Оның ішінде 2 оқушы денсаулық жағдайына байланысты Сарсен Азамат 2 «А» сыныбы 1,2 тоқсанда, Бердимуратов Дархан 4 «А» сыныбы 3 тоқсанда үйден жалпы білім беретін сыныптар бағдарламасы бойынша білім алды.
Ал, 3 оқушы Әбдір Бекзат 5 «А» сыныбы, Мамаев Рутем 7 «Ә», Ермакбаева Даяна 7«Ә» сынып оқушылары жыл бойы үйден оқытумен қамтамасыз етілді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2022жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығының 55 қосымшасымен «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде оқитын білім алушыларға арналған негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары» оқу жұмыс жоспары жасалды. Сабақ кестесі бекітіліп, мектеп директорының бұйрығымен сабақ беретін мұғалімдер бекітілді.
Мектепте инклюзивті білім беруді сапалы ұйымдастыруды қолдау үшін бірнеше жұмыстар атқарылды. 08.12.2022жылы «Оқу – танымдық іс-әрекетке мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс түрлері» тақырыбында №4 әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Әдістемелік кеңеске сабақтарға қатысу барысында ерекше назарды қажет ететін оқушылармен жұмыс жасауда жақсы жұмыс түрлерін қолдана білген педагогтар өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылармен жұмыс нәтижелері мектепішілік бақылаудан да тыс қалмады. Директор жанындағы кеңесте «Үйден оқытудағы оқушылар жағдайын бақылау», «Инклюзивті білім алатын оқушыларды оқыту жағдайы.Мұғалімдердің олармен жұмыс істеу әдістемесін меңгерулерін бақылау» тақырыптарындағы мәселелер көтерілді.Үйден оқитын оқушылармен сауалнама жүргізіліп, оқушы жұмыс дәптерлерінің сапасы тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша мұғалімдерге ұсыныстар берілді. Мұғалімдердің сабақтарына талдаулар жүргізіліп, тиімді жұмыс түрлері аталып өтті.
Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілді. Арнайы штатта мамандар жоқ. ПМПК қорытындысында көрсетілген ұсынбалар негізінде ерекше білім қажет ететін әр оқушыға арнайы жоспарлар жасақтаған. Жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды ортаға қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындауда оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу бойынша пән мұғалімдерімен бірігіп жұмыстанған.
7) ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру;
Мектепте оқыту ҚР бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде жүзеге асырылады. Бастауыш, негізгі орта білім берудің базалық мазмұны инвариантты бөлімнің оқу пәндері арқылы толық көлемде іске асырылады.
2022-2023 оқу жылына ұсыныстар:
- Дарынды балалармен жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында пән мұғалімдері дарынды балалармен бекітілген жұмыс жоспарлары бойынша түрлі сайыстар, олимпиадалар мен конференцияларға оқушыларының нәтижелі қатыстыру жұмыстарын жалғастырулары қажет.
- Ұйымдастырылған іс-шараларды жүйелі түрде талдап, кемшілік тұстарын толықтыру және қосымша жұмыстарын жүргізу.
- Дарынды оқушылар жетекшілері облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстарға оқушылардың қатысуына белсенді жұмыс жасау, қорытынды шығарып отыру.
2022-2023 оқу жылы
2022-2023 оқу жылында үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне 5-9 сыныптардағы «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілді.Курстың мақсаты: жаһандық азаматтық құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болды.
5-8 сыныптарда курс бес бірлікті қамтиды: «Парасаттылық және этика», «Азаматтық және патриотизм», «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық», «Тіршілік қауіпсіздігі», «Экологиялық мәдениет», 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану» юниті қосымша енгізілді. Осыған орай,
5-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсы 0,5 сағат көлемінде (5«А», 5«Ә», 5«Б», 5«В» сыныптарда);
6-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсы 0,5 сағат көлемінде (6«А», 6«Ә», 6«Б», 6«В» сыныптарда);
7-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсы 0,5 сағат көлемінде (7«А», 7«Ә», 7«Б», 7«В» сыныптарда);
8-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсы 0,5 сағат көлемінде (7«А», 7«Ә», 7«Б», 7«В» сыныптарда);
9-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсы 1 сағат көлемінде (9«А», 9«Ә», 9«Б», 9«В» сыныптарда);
10-сыныпта 1 сағат «Жаһандық құзыреттер» курсы 10 «А» сынып 1 сағаттан Дагарова Ф.У.
11-сыныпта 1 сағат «Жаһандық құзыреттер» курсы 11 «А» сынып 1 сағаттан Исмакова Б.Б.
«Жаһандық құзыреттер» курсы (5-11-сыныптар) білім алушылардың зерттеу жобаларын, ұжымда, қоғамда туындайтын ситуациялық міндеттерді шешуде олардың белсенділігін арттыруға, акцияларға, әлеуметтік жобаларға және волонтерлік бағдарламаларға бастамашы болуға ықпал ететін сыни ойлауын және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды көздейтін әртүрлі жұмыс нысандарын пайдалануды көзделгені байқалды.
Курстар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, зерттеу мәдениетін, тілдік құзыреттілігін, цифрлық мәдениетін дамытуға бағытталған, балалардың зияткерлік және тұлғалық даму міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық ойлауын қалыптастырады, балалардың денсаулығын сақтауға және қолдауға, шығармашылықты дамытуға ықпал етеді.
Мектеп және қалалық олимпиадалардан басқа оқушылардың зияткерлік қабілеттерін анықтауға және дамытуға ықпал ететін шарттардың бірі облыстық және республикалық зияткерлік марафондар, ойындар мен конкурстар болып табылады. 2022-2023 оқу жылы ішінде мектеп оқушылары түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленгенін дәлел ретінде келтіруге болады.
2022-2023 оқу жылындағы бекітілген мектептің жоспарына сай ғылыми –әдістемелік жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Соның ішіндегі «Дарынды оқушылармен жұмыс» бағыты бойынша ұйымдастыру іс-шаралары толығымен жүзеге асырылды. Осы орайда мектебімізде жылдар бойы үздіксіз «Зерде» дарынды балалардан тұратын кіші ғылыми-ізденіс қоғамы жұмыс жасап келеді. Қоғамның мақсаты: мұғалімдердің жетекшілігімен оқушылардың оқу пәні бөлімі ғылым саласы, өнер және техника бойынша зерттеу, шығармашылық, тәжірибе, іс-әрекет білімі мен іскерлігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ойын (интеллект) дамытуға ұмтылдыру.
Жыл басында қоғамның жұмыс жоспары құрылады, оқушылардың зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі ережелері бекітіледі, оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің циклограммасы толтырылады, әр тоқсанға жоғарыда аталған секциялардың отырыстары жоспарланып, отырыс хаттамалары жинақталады. Мектебіміздегі жоспарланған бірлестіктердің пән апталықтары мен онкүндітерң аясында гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт негізінде 2-11 сыныптар бойынша ғылыми конференциялар тұрақты өтеді. Пән мұғалімдері оқушыларының жобаларын ұсынады. Секция жетекшілері өзекті тақырыптарды анықтай отырып, ұсыныс береді. Өзекті тақырыптар анықталып, қалалық «Зерде», «Дарын» ғылыми жобалар сайысына жолдама алады.
2022-2023 оқу жылында жыл басында психологиялық зерттеу жұмысы нәтижесі бойынша 2-4 сыныптар бойынша – 111 оқушы, 5-11 сыныптар бойынша -270 оқушы дарынды оқушылар анықталды. Жалпы мектеп ішінде 2-11 сыныптар бойынша 381 дарынды оқушымыз бар. Ол мектептің 42,8% құрайды. Мектеп психологтарының зерттеу бағытына қарай мектебіміздегі оқушылар дарындылықтарына қарай төмендегідей болып жіктеледі.
| Бағыты | Оқушы саны | Сапа% |
| Интеллектуалдық бағытта | 60 оқушы | 15,7% |
| Академиялық бағытта | 85 оқушы | 22,3% |
| Шығармашылық бағытта | 78 оқушы | 20,4% |
| Лидерлік бағытта | 20 оқушы | 5,2% |
| Көркем-орындаушы | 67 оқушы | 17,5% |
| Спорттық бағытта | 71 оқушы | 18,6% |
| Жалпы дарынды оқушылар | 381 дарынды оқушы | 42,8% |
Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: интеллектуалды сайыстар, зияткерлік пән олимпиадалары, ғылыми – зерттеу жұмыстары, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерімен, ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі.
Биылғы оқу жылында түрлі деңгейіндегі байқаулардан бірнеше рет дарындылығы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 55 оқушы мектептен іріктеліп, қалалық дарынды балалар тізіміне кірді. Оқушыларды пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру арқылы оқушылардың дарындылығын жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
| Оқу жылы | Дарынды оқушы саны | Қалалық, облыстық, Республика деңгейінде жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушы саны |
| 2021-2022 оқу жылы | 330 | 50 |
| 2022-2023 оқу жылы | 381 | 63 |
| Динамика | +51 | +13 |
- 2022-2023 оқу жылындағы қалалық, облыстық пән
олимпиадаларының көрсеткіштері
- 30.01-03.02.2023ж аралығында Республикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 9-11 сыныптар арасында 75 оқушыға сұраныс беріліп, 73 оқушы қатысты (2 оқушы денсаулығына байланысты қатыса алмады) Жүлделі орын алған оқушылар саны –46 оқушы (І орын: 20 оқушы; ІІ орын: 13 оқушы, ІІІ орын: 13 оқушы) ҚББ 26.10.2022ж №2065 бұйрығына сәйкес 28 қазан мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша тек қана жүлделі І орындарға ие болған оқушылар қалалық пән олимпиадасына 20 оқушыға сұраныс беріліп, 20 оқушы қатысты. Нәтижесі төмендегідей,
| № | Оқушының аты-жөні | Сынып | Пәні | Орыны | Жетекшісі |
| 1 | Кайыржанова Аяжан | 9 «А» | орыс тілі және әдебиеті | І орын | Сагимбаева Ж.Т. |
| 2 | Темиргалиева Аружан | 11 «А» | орыс тілі және әдебиеті | І орын | Сагимбаева Ж.Т. |
| 3 | Ергараева Салтанат | 10 «А» | математика | ІІ орын | Кенбаева Ж.С. |
| 4 | Қуанышбаева Амина | 11«А» | Қазақстан тарихы | ІІ орын | Бейсенгалиева Ж.Г. |
| 5 | Касенова Альбина | 10 «А» | биология | ІІІ орын | Омиржанова С.Е. |
| 6 | Шаймерденова Лаура | 9 «В» | география | ІІІ орын | Манарбек Е.Қ. |
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіндегі көрсеткіштерге тоқталсақ,
| Оқу жылы | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | Сапасы |
| 2021-2022 оқу жылы | 22 | 8 (1 орын -2, 2 орын -5, 3 орын-1) | 36,3% |
| 2022-2023 оқу жылы | 20 | 6 (1 орын-2, 2 орын – 2, 3 орын — 2) | 30 % |
| Динамика | -2 | -2 | 6,3 % |
- Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңіне мектеп бойынша 3 оқушы қатысты. Олар: орыс тілі және әдебиеті пәнінен 9 «А» сынып оқушысы Каиржанова Аяжан және 11 «А» сынып оқушысы Темиргалиева Аружан, математика пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ергараева Салтанат.
9-11 сыныптардың республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінің салыстырмалы көрсеткіші
| 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | ||||
| Қатысқан оқушы саны | Жүлдегерлер саны | Сапасы | Қатысқан оқушы саны | Жүлдегерлер саны | Сапасы |
| 4оқушы(орыс тілі, матем, химия, өзін-өзі тану) | 1 оқушы (ІІІ орын -химия) Ниязов Мухтар 11 «А» сынып оқушысы Пән мұғалімі: Мустафина Р.С. | 25% | 3оқушы(орыс тілі, математика) | 1 оқушы (ІІІ орын орыс тілі) Темиргалиева Аружан 11 «А» сынып оқушысы Пән мұғалімі: Сагимбаева Ж.Т. | 33% |
- 2022 жылдың 02 желтоқсан 5-6 сыныптар бойынша пән олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 72 оқушыға сұраныс беріліп, 68 оқушы қатысты (4 оқушы себепті). өтті. Жүлделі орын саны- 35 оқушы. (І орын – 11; ІІ орын –8 ; ІІІ орын – 16)Қалалық пән олимпиадасына 11 оқушы жолдама алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне 11 оқушы қатысты. Оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарих, математика, жаратылыстану пәндері бойынша қатысты. Сапа 27%. (І орын – 1 оқушы, ІІ орын –0 , ІІІ орын- 2 оқушы) Нәтижесі төмендегідей,
| № | Оқушының аты-жөні | Сынып | Пәні | Орыны | Жетекшісі |
| 1 | Орынбаева Гульниса | 5 «Б» | орыс тілі мен әдебиеті | ІІІ орын | Сагимбаева Ж.Т. |
| 2 | Сүйментай Гүлсезім | 6 «А» | орыс тілі мен әдебиеті | І орын | Ишанова А.М. |
| 3 | Майранбеков Рысбек | 6 «Б» | математика | ІІІ орын | Тышканбаева К.Н. |
5-6 сыныптардың республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің
салыстырмалы көрсеткіші
| Оқу жылдары | Қатысқан оқушылар саны | Жүлдегерлер саны | Сапасы |
| 2021-2022 оқу жылы | 12 | 11 | 91,6% |
| 2022-2023 оқу жылы | 11 | 3 | 27% |
| Динамика | -1 | -8 | -64,6 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 1 оқушы қатысты. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 6 «А» сынып оқушысы Сүйментай Гүлсезім. Алайда нәтижелі орын ала алмады.
- 2023 жылдың 20 қаңтарында 7-8 сыныптар бойынша пән олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 49 оқушыға сұраныс беріліп, 49 оқушы қатысты. Жүлделі орын саны- 23 оқушы (І орын: 7 оқушы; ІІ орын: 8 оқушы, ІІІ орын: 8 оқушы). Қалалық пән олимпиадасына 7 оқушы жолдама алды. 7-8 сыныптарға арналған ғылыми негіздері бойынша қалалық олимпиадаға 7 оқушы қатысты. Оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарих, математика, география, химия, биология, информатика, өзін-өзі тану пәндері бойынша қатысты. Сапа 57%. (І орын – 0 , ІІ орын -3, ІІІ орын- 1 оқушы) Нәтижесі төмендегідей,
| № | Оқушының аты-жөні | Сынып | Пәні | Орыны | Жетекшісі |
| 1 | Бегалиева Асем | 7 «Б» | Қазақ тілі мен әдебиеті | ІІ орын | Ержигитова А.С. |
| 2 | Ідірісова Айжан | 8 «Б» | Қазақ тілі мен әдебиеті | ІІІ орын | Каскырбаева Э.С. |
| 3 | Қожахмет Қарақат | 7 «А» | Орыс тілі мен әдебиеті | ІІ орын | Ромашева А.Х. |
| 4 | Ахметбекова Аружан | 8 «Ә» | Орыс тілі мен әдебиеті | ІІ орын | Сабырбаева Т.К. |
7-8 сыныптардың республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің
| Оқу жылдары | Қатысқан оқушылар саны | Жүлдегерлер саны | Сапасы |
| 2021-2022 оқу жылы | 18 | 5 | 27,7% |
| 2022-2023 оқу жылы (гуманитарлық пәндер бойынша) | 7 | 4 | 57% |
| Динамика | -11 | -1 | +29,9 |
салыстырмалы көрсеткіші
- «Қостанай дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында облыстық 2022 жылдың 30 қыркүйек күні биология пәнінен, 2022 жылдың 08 қараша күні математика және информатика пәндерінен,15 қараша күні физика пәнінен, 2023 жылдың 12 қаңтар күні химия пәні бойынша жасөспірімдер (юниорлық) олимпиадасы өтілді.
| № | Оқушының аты-жөні | Сынып | Пәні | Орын | Пән мұғалімі |
| 1 | Нагметова Аружан | 7 «Ә» | Биология | Орын жоқ | Омиржанова С.Е. |
| 2 | Жанат Акжан | 7 «Ә» | Математика | Орын жоқ | Муратова Р.Д. |
| 3 | Ахмет Саян | 8 «Ә» | Математика | Орын жоқ | Эргизбаева Н.Д. |
| 4 | Байтуков Имран | 7 «Ә» | Физика | ІІ орын | Ошанова Б.А. |
| 5 | Баймакова Нурайлым | 7 «В» | Химия | Орын жоқ | Мустафина Р.С. |
- 2022-2023 оқу жылындағы ғылыми жобалар байқауының көрсеткіштері
- 2022 жылдың 23 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне 10 «А» сынып оқушысы Нуршабаева Улданай қазақ әдебиеті секциясына «Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні», 11 «А» сынып оқушысы Кәрім Әділ математика секциясында «Пифагор теоремасы — өмірде»жұмыстарын қорғады.
| Оқу жылы | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | Секциясы/ оқушының аты-жөні, сыныбы | Сапа |
| 2021-2022 | 2 | 0 | Қазақ әдебиеті (Еркинова Жансая 9 «Б» сынып) – орын жоқ; Информатика (Шунуков Темиржан 9 «Б» сынып) –орын жоқ | 0% |
| 2022-2023 | 2 | 2 | Қазақ әдебиеті (Нуршабаева Улданай 10 «А» сынып) – І орын; Математика (Кәрім Әділ 11 «А» сынып) – ІІІ орын | 100% |
| динамика | + | +2 | +100% |
- ҚББ 27.04.2023ж №511 бұйрығына сәйкес 8-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың қалалық кезіңі 2023 жылдың 04 мамыр күні өтті. Ғылыми жобаға 6 оқушы қатысты. Нәтижесінде, І орын – 3 оқушы, ІІ орын-2 оқушы, ІІІ орын-1 оқушы. Сапа- 100%.
| № | Оқушының аты-жөні | Сын ып | Такырыбы | Секциясы | Жетекшісі | Нәти жесі |
| 1 | Аргынова Балзира | 10 «А» | Ахмет Байтұрсынов көркемсөзіндегі білім мәселесі | Қазақ әдебиеті | Шайкибекова А.П. | І орын |
| 2 | Турмаханова Назерке | 10 «А» | Логикалық ұлттық хан дойбысын жаңғыру | Математика | Айтмуратова А.У. | І орын |
| 3 | Жұмабек Меруерт Туремуратова Асемай | 9 «В» | Көтерілісті дүрліктірген — сарғаскер | Тарих | Бердибаева Н.Б. | І орын |
| 4 | Алишбеков Жанибек | 9 «Б» | Уақыт еншісіндегі ақпараттық үгіт-насихат | Адам және қоғам | Бейсенгалиева Ж.Г. | ІІ орын |
| 5 | Сайманова Акмарал Қабдығали Айнұр | 8 «Б» | Қазақи ем – Құрқылтай ұясының құпиясы | Адам және қоғам | Каскырбаева Э.С. | ІІ орын |
| 6 | Турдымуратова Аяжан | 8 «А» | Баламалы энергия — болашақ энергиясы | Физика | Кенбаева Ж.С. | ІІІ орын |
- 1-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі 06 сәуір күні өтті. Ғылыми жобаға барлығы – 16 оқушы қатысты. Нәтижесінде, І орын – 1; ІІ орын – 6; ІІІ орын – 6. Сапа: 81,25%
| № | Оқушының аты-жөні | Жобаның тақырыбы | Секциясы | Сынып | Жетекшінің аты-жөні | Нәтижесі |
| 1 | Дусабек Зарина | Заманауи әжемнің менің тәрбиеме ықпалы | Этномәдениеттану | 1 «А» | Оспанова С.А. | ІІІ орын |
| 2 | Нурмаханова Аружан | Өзің оқы, өзгені оқыт! | Тіл білімі және әдебиет | 1 «А» | Оспанова С.А. | ІІІ орын |
| 3 | Кожакулов Айсултан Майдонов Арсен | Математикадан алған білімімізді өмірде қолдана білеміз! | Математика | 1 «Ә» | Жаркимбекова Р.Т. | ІІ орын |
| 4 | Өтеміс Бақдәулет Өтеміс Сезим | Менің білім алудағы көмекші кітапшаларым | Тіл білімі және әдебиет | 1 «В» | Шомаева О.Б. | ІІ орын |
| 5 | Қонақбаева Инжу | Ешкі сүтінің емдік қасиеті және пайдасы | Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау | 2 «А» | Абдирова А.Т. | ІІІ орын |
| 6 | Арислан Шолпан Нағашыбай Айшат | Аромотерапия – мелисса шөбінің пайдасы | Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау | 2 «Б» | Тустубаева А.А. | ІІІ орын |
| 7 | Серикбай Жанайым | Асықтың адам ағзасына пайдасы | Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау | 2 «В» | Искакова М.Н. | ІІ орын |
| 8 | Сабыр Айзере | Құрткөже құнарлы тағам | Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау | 3 «А» | Акмухамбетова Б.А. | ІІ орын |
| 9 | Куанышбек Гульсезим Куанышбек Нурсезим | Саңырауқұлақтың пайдасы мен зияны | Биология | 3 «Ә» | Шагаева Ж.Д. | ІІ орын |
| 10 | Жумагали Каусар, Махамбетова Жанайым | Туған қаламды танудағы маршруттық картаның тиімді бағыттары | Өлкетану | 4 «В» | Заитова Д.К. | ІІ орын |
| 11 | Орынбаева Аниса | Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесіндегі әже бейнесін суреттеудегі ерекшелік | Тіл білімі және әдебиет | 5 «Б» | Шайкибекова А.П. | ІІІ орын |
| 12 | Мустафаева Алтынай | Симметрия біздің өмірімізде | Математика | 6 «В» | Эргизбаева Н.Д. | І орын |
| 13 | Баймакова Нурайлым | Сандар мен есептердегі сүйікті Рудный қаласы | Математика | 7 «В» | Муратова Р.Д. | ІІІ орын |
2022-2023 оқу жылында қалалық ғылыми жұмыс нәтижесінде жүлделі 1 орынға ие болған: 6 «В» сынып оқушысы Мустафаева Алтынай, жетекшісі: Эргизбаева Н.Д.Облыстық зерде ғылыми жұмысына қатынасуға жолдама алып, өтініш берілді. Нәтиже алдағы уақытта. Оқушылар мен ғылыми жетекшілерге жазғы демалысқа тапсырмалар берілді.
- 2023 жылдың сәуір айында «Зерттеудегі бір қадам – дамудағы жүз қадам» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясына 3 оқушы қатысты. Нәтижесі төмендегідей,
| № | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Тақырыбы | Нәтижесі | Жетекшісі |
| 1 | Арғынова Балзира | 10 «А» | Ахмет Байтұрсынов көсемсөзіндегі білім мәселесі | І орын | Шайкибекова А.П. |
| 2 | Жумабек Меруерт Туремуратова Асемай | 9 «В» | Көтерілісті дүрліктірген сарғаскер | Сертификат | Бердибаева Н.Б. |
| 3 | Калабаева Аселя | 10 «А» | Ең танымал йогурттардың құрамын химиялық талдау | Сертификат | Мустафина Р.С. |
- Тобыл Есламғалиұлы Дәулетбаев атындағы «Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті –Қазақстанның индустриялық-инновациялық табысты дамуының кепілі» Х ашық ғылыми-практикалық конференциясына 7 оқушы қатысты. (І орын – 4, ІІ орын – 1, ІІІ орын — 2) Сапа: 100 %
| № | Оқушының аты-жөні | Сынып | Такырыбы | Секциясы | Жетекшісі | Нәти жесі |
| 1 | Дусабек Зарина | 1 «А» | Заманауи әжемнің менің тәрбиеме ықпалы | Этномәдениеттану | Оспанова С.А. | ІІІ орын |
| 2 | Кожакулов Айтсултан Майдонов Арсен | 1 «Ә» | Математикадан алған білімімізді өмірде қолдана білеміз! | Математика | Жаркимбекова Р.Т. | І орын |
| 3 | Сабыр Торғын, Марат Аяжан | 2 «Ә» | Микрофлораның біздің өмірдегі маңызы | Экология-валеология | Капышева Г.С. | ІІ орын |
| 4 | Берікұлы Тәуекел | 3 «Ә» | «Саңырауқұлақтың пайдасы мен зияны» | Биология | Шагаева Ж.Д. | ІІІ орын |
| 5 | Жумагали Каусар, Махамбетова Жанайым | 4 «В» | Туған қаламды танудағы маршруттық картаның тиімді бағыттары | Өлкетану/ краеведение | Заитова Д.К. | І орын |
| 6 | Баймакова Нурайлым | 7 «В» | Сандар мен есептердегі сүйікті Рудный қаласы | Математика | Муратова Р.Д. | І орын |
| 7 | Арғынова Балзира | 10 «А» | Ахмет Байтұрсынов көркемсөзіндегі білім мәселесі | Қазақ әдебиеті/ казахская литература | Шайкибекова А.П. | І орын |
- 2023 оқу жылында 04 -07 сәуір күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеулік жобалар конкурсы қашықтық форматта өтті. Республикалық ғылыми жобалар байқауына мектебімізден 1 оқушы қатысып, өз жобасын қорғады.
| № | Оқушының аты-жөні | Сынып | Тақырыбы | Нәтижесі | Жетекшісі |
| 1 | Нуршабаева Улданай | 10 «А» | Ахмет мысалдарының тәрбиелік мәні | Қатысқаны үшін сертификат | Ержигитова А.С. |
- Жыл басында 9-10 сыныптар бойынша қалалық «Менің кіші Отаным» зияткерлік жас тарихшыларға республикалық конкурсының қалалықкезеңі болды. арналған конкурс болды. Мектептен 3 оқушы қатысты. 1 тур тест тапсырмасы, 2 тур эссе жазу. Нәтижесі төмендегідей.
| № | Деңгей | Аты-жөні | Орын | Сынып | Жетекшісі | Сапа |
| 1 | Қалалық | Төлеби Тамерлан | ІІ орын | 10 «А» | Бейсенгалиева Ж.Г | 100% |
| 2 | Турмаханова Назерке | ІІІ орын | 10 «А» | |||
| 3 | Калихан Алихан | І орын | 9 «В» | Бердібаева Н.Б. | ||
| 1 | Облыстық | Орын жоқ | 0% |
2022-2023 оқу жылында жалпы оқушылар саны–997 оқушы.Халықаралық немесе республикалық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің үлесі- 81 оқушы 8,1%; Өңірлік немесе облыстық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің үлесі – 23 оқушы 2,3%; Қалалық немесе аудандық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің үлесі–47 оқушы 4,7%.
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері бойынша жалпы білім алушылар санынан жалпы білім беретін мектептер үшін бағалауға арналған өлшемшарттарға сәйкестендіре қарайтын болсақ, мектеп бойынша зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға 151 оқушы қатысып жүлделі орын алғандарын атап өтуге болады. Жалпы жүлдегерлердің үлесі 15,1% құрайды. Сондықтан біз мектебіміздің зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелерін «жақсы» деңгейде деп бағалаймыз.
8). «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын игеру;
Мектебімізде «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын іске асыруда 2022-2023 оқу жылында берілген әдістемелік нұсқаулық хаттарды басшылыққа ала отырып құрылды.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сай құрылған бағдарлама ((бағаланатын кезеңдегі «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсы тақырыптары 1-11 сынып көшірмелері қоса беріледі)
«Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда «Дүниетану»пәні аясында жүзеге асырылады: 1-3 сыныптарда жылдық оқу жүктемесі- 6 сағат; 4 сыныптарда- 10 сағат; бастауыш сынып мұғалімдері жүзеге асырады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
10 сыныптар бойынша «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері» бөлімі бойынша сабақтарды көздейді, ол Қазақстан Республикасының халқын дүлей зілзалалардың, ірі авариялардың, апаттар мен терроризм актілерінің салдарынан қорғау бойынша бейбіт және қауіпті уақытында жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы материалды қамтиды.
11 сынып бойынша әдістемелік нұсқаулық хат негізінде «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны бойынша «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» атты 5 бөлімде 16 сағаттық оқу жүктемесімен берілген.
Қосымшада берілген тақырыптар «Күнделік.kz» электронды журналда аталған пәндерде сағат сандары толық көрсетіліп, номерленіп берілді.
2022-2023 оқу жылында толық сағаттар барлық сыныптарда толық өткізіліп, меңгерілді.
Мектепішілік бақылау тақырыптық түрде жоспарланып, жыл сайын орындалу барысы қадағаланып, анықтамада көрсетіледі.
Мектепте оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту қолға алынған жыл сайын бұйрық аясында жауапкершіліктер бөлінген.
Жыл сайын оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі бағытта іс-шараларда өткізіледі «Денсаулық» және «Өмір қауіпсіздігі». Сынып жетекшілері мен тәрбиешілер жалпы мектеп ұжымы жоспарға сәйкес іс-шаралар (сынып сағаттары, каникул кездеріндегі қауіпсіздік, тұрмыстық қауіпсіздік, эвакуациялық оқу-жаттығу жұмыстары, төтенше жағдайлар бойынша) өткізіп, мектептің әлеуметтік инстаграмм желісінде жүктеліп отырады.
Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне көмек көрсету, бір-бірін қолдауға, жауапкершіліктерін арттыру мақсатында азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерлерімен кездесулер өтіп, оқу-жаттығу жұмыстары жыл сайын өткізіледі.
9) «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР ОАМ 03.08 2022 жыл № 348 бұйрығы бойынша 2- тарауы 26 пункте көрсетілгендей «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын сынып жетекшісінің жылдық жұмыс жоспарындағы тақырыбы мен күнін көрсете отырып, сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері 1-4 сыныптарда — әр сыныпта 6 сағаттан іске асырады. 5-8-сыныптарда сабақ тақырыбы мен күні жеке журналда көрсетіле отырып, сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта әрбір сыныпта 10 сағаттан жүргізіледі. (бағаланатын кезеңдегі «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсы тақырыптары 1-8 сынып көшірмелері қоса беріледі)
24 тамыз 2007 жылғы №404 ҚР-ның оқу және білім Министрлігі бұйрығына қосымша № 1 «Жолда жүру ережелері» бағдарламасы тақырыптарына өзгерістер енгізіліп, сағат сандары қысқарып зерделенген түрде ұсынылды.
1-8 сыныптарға арналған сабақтардың үлгілік күнтізбелік тақырыптары 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатта (349-352 бетте 4-қосымшада) берілген. «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсы жыл сайыннұсқаулық — әдістемелік хат негізінде іске асырылып, тақырыптарын оқу жылының басында 1-8 сынып жетекшілері жылдық жоспарға енгізіп, бекітеді және «Күнделік.kz» электронды журналға ҚББ (қосымша білім беру) бөлімінде арнайы бетке толтырылуда.
2022-2023 оқу жылында электронды журналдағы олқылықтар жойылып, толықтай топтар енгізіліп, «Күнделік.kz» электронды журналға ҚББ (қосымша білім беру) бөлімінде арнайы бетке толтырылды.
2023-2024 оқу жылында 1-8 сынып жетекшілері жылдық жоспарға енгізіп, бекітеді және «Күнделік.kz» электронды журналға ҚББ (қосымша білім беру) бөлімінде арнайы бетке толтырады.
Журналда 1-4 бастауыш сыныптарда көрсетілген мерзімге сәйкес айына 1 сағат толтыру көзделген:
Қыркүйек айында-1 сағат;
Қазан айында -1 сағат;
Желтоқсан айында – 1 сағат;
Наурыз айында-1 сағат;
Сәуір айында-1 сағат;
Мамыр айында -1 сағат; барлығы -6 сағат қамтылған.
5-8 сыныптарда төменде көрсетілген мерзімге сәйкес өткізіліп, журналға толтырып отырады:
Қыркүйек айында-1 сағат;
Қазан айында -1 сағат;
Қараша айында-1 сағат;
Желтоқсан айында – 1 сағат;
Қаңтар айында – 1 сағат;
Ақпан айында- 1 сағат;
Наурыз айында-1 сағат;
Сәуір айында-2 сағат;
Мамыр айында -1 сағат; барлығы-10 сағат қамтылған.
Соңғы үш жылда сынып комплектісі тұрақты:
2022-2023 оқу жылында – бастауыш 1-4 сыныптардың жалпы сынып комплектісі -16 , 5-8 сыныптар – 16. «Жолда жүру ережелері» бойынша оқу курсы тақырыптарын меңгерді.
Мектепішілік тақырыптық бақылау бойынша жоспарға қойылып, электронды журналдың жүргізілуі мен өткізілу сапасы туралы анықтама жасалып отырады.
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша қызметті жандандыру мақсатында мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
2022-2023 оқу жылында жолда жүру ережесін сақтау туралы 2022 жылғы 02 қыркүйек № 75 бұйрық ұжым мүшелерімен таныстырылып, жұмыс барысы реттелді.
Мектебімізде өткен жолда жүру ережесіне байланысты өткізілген іс-шаралар мектептің инстаграмм желісінде жарияланып отырады: 2020-2023 оқу жылында:
| № | Өткізілген іс-шаралар | Сілтеме |
| 1 | «Жолда жүру ережесін білесің бе?» сынып сағаттары | https://www.instagram.com/p/CVVvcJ2gZ5_/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
| 2 | «Қыстағы қауіпсіздік ережелері» | https://www.instagram.com/p/CYG2xyzAmFI/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
| 3 | «Эвакуациялық оқу-жаттығулары» | https://www.instagram.com/p/CaCUk5hgpbM/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
| 4 | «Жал тәртібін білейік, аман есен жүрейік» сынып сағаттары | https://www.instagram.com/p/Cb95Kx7Abd4/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
| 5 | «Өрт тілсіз жау» қауіпсіздік ережелері | https://www.instagram.com/p/CdKvmi5gqTp/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
| 6 | Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері | https://www.instagram.com/tv/CdaaY9FA0xM/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
| 7 | «Жол жүру ережесін білу маңызды» кездесу ТВС түсірілімнен | https://www.instagram.com/p/CVfFo76AZ5Y/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
| 8 | Судағы қауіпсіздіктің 14 ережесі әлеуметтік желіге жүктелді | https://www.instagram.com/tv/Cdabgz4gPb3/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
| 9 | Үйдегі қауіпсіздік | https://www.instagram.com/p/CbMrtfTA4et/?igshid=YzA2ZDJiZGQ= |
2023 оқу жылында 27 наурыз-10 сәуір аралығындағы «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясында өткізілген іс-шаралар:
03 сәуір күні 1-4 сыныптарда «Абайла, көше оқиғаға толы» атты сынып сағаттары өтіп, оқушылар мен ата-аналар бірігіп жасаған өз макеттері ұсынылып, көрме жасалды жасады. Барлығы 16 макет, барлық сынып 100% қамтылды. https://www.instagram.com/p/CquwMZaAp5W/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
04 сәуір 2023 жыл «Сен жол ережесін сақтай білмесең қауіп содан..» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары буклет жасап, тапсырды…
07.04.2023 күні «Жарақаттанғанда көрсетілген алғашқы көмек» мектеп медбикесімен кездесу 7 сыныптарды өткізілді. Барлығы 25 оқушы қатысты. https://www.instagram.com/p/Cqud4d4toQK/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
«Жолдағы қауіпсіздік» 8 сынып оқушылары бастауыш сыныптар үшін жолда жүру ережесі бойынша шағын макет жасап, түсіндірді.
Мектеп кітапханашысы 10 күн бойы «Жол қауіпсіздігі» сөре бұрышын жасап, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Абайла, балақай» тақырыбында 5 «Б» сынып оқушылары бейнерлик түсіріп , абай болуға шақырды. https://www.instagram.com/reel/CqqWsRJv-uJ/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
6 сынып оқушыларымен «Қызыл,сары жасыл» тақырыбында мектеп парламенті викториналық сабақ ойын түрінде өтті. https://www.instagram.com/p/CqnFFAftYwJ/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Мектепте «Жол сақшылары» жасағы ұйымдастырылған, оның жетекшісі Қожахметов Олжас Карбозұлы, «Жол сақшылары» мектеп оқушылары арасында жол қозғалысы ережелерін белсенді насихаттайды және олардың бұзылуының алдын алады. Жыл сайын өткізілетін қалалық ЖЖИ слетінде оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындарды иеленуде:
| № | Оқу жылы | Қатысқан оқушылар саны | Деңгей | Нәтиже |
| 1 | 2018-2019 | 10 | Қала | Команда бойынша II орын |
| 2018-2019 | 10 | Қала | «Эрудит» номинациясы III орын | |
| 2 | 2019-2020 | 10 | Қала | «Эрудит» номинациясы III орын |
| 4 | 2022 -2023 | 10 | Қала | «Жас реттеуші» байқауы Асылбеков Нурислам III орын |
| 5 | 2022-2023 | 10 | Қала | «Знатоки правил дорожного движения» II орын |
Жол-көлік апаттарының алдын алу бойынша өткізілген іс – шаралар нәтижесінде мектеп оқушылары жол-көлік оқиғаларына тап болмады, бұл жүргізіліп жатқан жұмыстың оң нәтиже беретінін білдіреді. Мектепте балалардың жол-көлік жарақаттары алдын алу бойынша алдын алу жұмыстары үшін барлық жағдай жасалған.
10) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау.
Оқу қызметі білім беру қызметіне қойлатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығы (жаңа редакцияда ҚР Оқу-ағарту министрінің08.08.23№183) сәйкес жүзеге асырылады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімінің М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ бекіткен штаттық кестесіне сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегіне мектеп жалпы 74 штаттық педагогикалық қызметкерлермен жабдықталған, оның ішінде:
мектеп директоры – 1,
директордың орынбасарлары – 5,5
әлеуметтік педагог – 1,5
аға тәлімгер-1
кітапхана меңгерушісі – 1
кітапханашы-1
педагог – психолог – 2
қосымша білім беру педагогы – (3,5)
шағын орталық 4,5 жинақталған.
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі №338 (ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 №100) бұйрығына сәйкес мектептің барлық педагогтары дипломындағы мамандығы мен біліктілігі бойынша негізгі атқаратын лауазымына сәйкес келеді. Мектеп әкімшілігі атқаратын лауазымының көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Әкімшілік-басқару құрамы туралы мәліметтер:
Директор:
1. Ағатай Абзал Әміржанұлы, 1980 жылы туған, білімі жоғары, білім магистрі, жұмыс өтілі жалпы – 22, осы мектепте-1жыл, осы лауазымда – 18 жыл;
2. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі жөніндегі орынбасарлары:
1.1 Шайкибекова Айткуль Поезовна, 1977 жылы туған, білімі жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагог-зерттеуші біліктілігі және екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары біліктілігі бар, жұмыс өтілі: жалпы-24ж., осы мектепте-8ж., осы лауазымда – 21ж.,;
1.2. Сагимбаева Жанар Талгатовна, 1982 жылы туған, білімі жоғары, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагог-зерттеуші біліктілігі бар, жұмыс өтілі жалпы: 19 ж., осы мектепте 12 ж., осы лауазымда-12 ж.;
1.3. Ержигитова Анар Сабыровна, 1986 жылы тұған, білімі жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагог-зерттеуші біліктілігі бар, жұмыс өтілі: 16 жыл, осы мектепте -13 жыл, осы лауазымда-2 жыл;
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:
3.1. Заитова Даметкен Калибековна 1972 жылы тұған, білімі жоғары, бастауыш сынып бойынша педагог-зерттеуші біліктілігі және екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары біліктілігі бар, жұмыс өтілі жалпы-29ж.,, осы мектепте-25ж., осы лауазымда – 12ж.;
3.2. Аманбаева Жулдыз Кушекбаевна 1985 жылы тұған,білімі жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагог-сарапшы біліктілігі және екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары біліктілігі бар, жұмыс өтілі жалпы 14 ж., осы мектепте- 8ж., осы лауазымда -6ж.;
3.3 Манарбек Ернұр Қайратұлы директордың тәрбие ісі жөніндегі уақытша қызметін атқарушы орынбасары, 1993 жылы тұған, білімі жоғары, география пәні бойынша педагог-модератор біліктілігі бар, жалпы еңбек өтілі- 7 жыл, осы мектепте-7 жыл, осы лауазымды -1жыл.
8. Директордың ақпараттық –коммуникативтік технологиялар жөніндегі орынбасарлары:
1.1. Абдирова Айгуль Турсынбаевна 1977 жылы туған, білімі жоғары, бастауыш сынып бойынша педагог-зерттеуші біліктілігі бар, жалпы еңбек өтілі 25 жыл, осы мектепте 18 жыл, осы лауазымда 2 жыл;
2.2. Байтурсынова Асемгуль Сериковна 1987 жылы тұған, білімі жоғары, ағылшын тілі пәні бойынша педагог-сарапшы біліктілігі бар, жалпы еңбек өтілі 14 ж., осы мектепте 12 ж., осы лауазымда 1 жыл;
9.Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары: Абилдаева Малике Алиевна 1964 жылы туған, білімі арнайы орта, жалпы жұмыс өтілі 19 жыл, осы мектепте-12жыл, осы лауазымда 19жыл.
Штаттық кестеге сәйкес біліктілік талаптары бойынша педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог – шеберлердің үлесі бастауыш білім беру деңгейінде 52% құрайды;
жалпы санынан жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог – шеберлердің үлесі негізгі орта білім беру деңгейінде 44,8 % құрайды; педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың, педагог-сарапшылардың ,педагог-зерттеушілердің, педагог – шеберлердің үлесі жалпы білім беру деңгейінде 86,6 % құрайды (білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерінің 7қосымшасы).
| № | Білім беру деңгейлері | Жалпы педагогтар саны | Жоғары санатты | Бірінші санатты | Педагог-сарапшы | Педагог-зерттеуші | Педагог -шебер | Сапа% |
| 1 | Бастауыш сынып | 23 | 0 | 0 | 5 | 7 | 0 | 52,1 |
| 2 | Негізгі орта | 29 | 0 | 0 | 11 | 3 | 0 | 48,2 |
| 3 | Жалпы орта | 16 | 0 | 0 | 5 | 7 | 1 | 81,2 |
Мектептің бастауыш білім берудің деңгейінде «Білім туралы» ҚР Заңының 37 б.4 т. және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының 18 б. 1 т. сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының кемінде үш жылда бір рет, кемінде 36 сағатты құрайтын біліктілігін арттыру талабына 23 педагог толық сәйкес келеді.
Мектептің негізгі орта білім берудің деңгейінде «Білім туралы» ҚР Заңының 37 б.4 т. және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының 18 б. 1 т. сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының кемінде үш жылда бір рет, кемінде 72 сағатты құрайтын біліктілігін арттыру талабына 29 педагогтың 11 педагог сәйкес келмейді, себебі сағат саны -40.
Мектептің жалпы орта білім берудің деңгейінде «Білім туралы» ҚР Заңының 37 б.4 т. және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының 18 б. 1 т. сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының кемінде үш жылда бір рет, кемінде 72 сағатты құрайтын біліктілігін арттыру талабына 16 педагогтың 2 педагог сәйкес келмейді, себебі сағат саны -40
Қорытындылай келе,оқу қызметі білім беру қызметіне қойлатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығының (жаңа редакцияда ҚР Оқу-ағарту министрінің08.08.23№183) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарының 2 қосымшасына сәйкес мектепте бастауыш білім беру деңгейінді педагог-сарапшы,педагог-зерттеуші біліктіліктерінде педагогтардың үлесі жалпы санынан толық жинақталған жалпы білім беретін мектептер үшін 45 % -дан астам болғасын (52 %) ,негізгі орта , жалпы орта білім беру педагогтерінің жалпы санынан педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктіліктерінде педагогтардың үлесі жалпы санынан жалпы білім беретін мектептер үшін 45-54 % аралығында құрағасын «жақсы» деп бағалаймыз.
Білім беру мекемесінің мемлекеттік аттестаттаудан өту сәтінде тұрақты 74 штатық педагогикалық қызметкердің 68(92%) жоғары білімі бар, 6 (8%) арнайы орта білімі бар. Оның ішінде: 1-11 сынып мұғалімдер саны– 65, шағын орталық тәрбиешілері – 2, шағын орталық әдіскері-1, мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешілері -2, педагог-психологтар – 2, әлеуметтік педагог – 2.
2023-2024 оқу жж педагог қызметкерлердің. педагогикалық өтілі бойынша мәлімет:
| Жалпы педагогтардың саны | 3 жылға дейін еңбек өтілі бар педагогтардың саны, үлесі | 3-5 жылға дейін еңбек өтілі бар педагогтардың саны, үлесі | 6-10 жылға дейін еңбек өтілі бар педагогтардың саны, үлесі | 11-15 жылға дейін еңбек өтілі бар педагогтардың саны, үлесі | 16-20 жылға дейін еңбек өтілі бар педагогтардың саны, үлесі | 20 жылдан астам еңбек өтілі бар педагогтардың саны, үлесі |
| 74 | 5 (6,7%) | 2 (2,7%) | 16(21,6%) | 14 (18,9%) | 8 (10,8%) | 29 (39,1%) |
Педагогтардың басым бөлігі 20 жылдан аса еңбек өтілі барлар.
Жасы бойынша педагогикалық ұжымның құрамы келесі:
| 30 ж. дейін педагог саны, үлесі | 31-39 жж. дейін педагог саны, үлесі | 40 жастан 49 жасқа дейін саны, үлесі | 50 жастан 59 жасқа дейін саны, үлесі | 60 жасқа дейін саны, үлесі |
| 8(10%) | 20(25,3%) | 26 (35,1%) | 16 (22,7%); | 60 жас-2 (2,5%). |
Педагогикалық ұжымның орташа жасы-42 жас, 40-49 жастағы педагогтардың саны басым болып келеді (26), сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және өзара іс-қимыл жасау үшін тәжірибелі педагогтардың жеткілікті әлеуеті бар екенін көрсетеді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 ж. 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сай (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 №533 бұйрығымен) мектептің педагогтары жоспарлы түрде кезекті аттестаттаудан (5 жылда сиретпей 1 рет)өтеді. Бекітілген талаптарына сай әр оқу жылының
1 қыркүйегіне дейін педагогикалық кеңесте педагогтардың аттестаттаудан өту перспективалық кестесі бекітіледі. Мектептің аттестаттау комиссиясы құрылып, жылдық жұмыс жоспары бекітіледі.
| Оқу жылы | Жалпы педагог саны | Оның ішінде | ||||||||
| жоғары | бірінші | екінші | педагог-шебер | педагог-зерттеуші | педагог-сарапшы | педагог-модератор | педагог | сапа | ||
| 2020-2021 | 80 | 7 | 3 | 15 | 0 | 18 | 11 | 8 | 18 | 48,7 |
| 2021-2022 | 82 | 2 | 5 | 7 | 1 | 19 | 18 | 11 | 19 | 54,8 |
| 2022-2023 | 81 | 1 | 1 | 4 | 1 | 21 | 16 | 14 | 23 | 49.3 |
| 2023-2024 | 74 | 0 | 0 | 2 | 1 | 17 | 21 | 15 | 18 | 52,7 |
Педагогикалық ұжымның 2021-2023 жж. аралығындағы сапалық құрамы
2022-2023 оқу жылында – 81, оның ішінде жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші және педагог-шебер біліктілігі бар педагогтар саны -40(49,3%);
Педагог кадрлардың кәсіби біліктілік көрсеткіштері соңғы 2 жылда төмендеген, себебі пән мұғалімдері педаготарды аттестаттаудың қорытындысы бойынша біліктілік санаттары төмендетілген және педагогтар арасында басқа облыстарға көшіп-қонуына байланысты қозғалыс бар. Соңғы 3 жылда (2021-2023жж.) еңбек өтілі 5 жылдан асатын келесі педагогтар аттестаттаудың міндетті кезеңдерінің бірі ПББ (тестілеуден) өте алмай жүр:
| № | Педагогтың аты-жөңі | лауазымы | лауазымы бойынша еңбек өтілі | Осы мектепте лауазымы бойынша еңбек өтілі | Сонғы аттестация қорытындысы |
| 1 | Тышканбаева Казына Нурлыбаевна | Математика мұғалімі | 11 жыл | 7 жыл | 2022, 2023 ж. ПББ тиісті үпай жинай алмады |
| 2 | Тайжанова Гульзия Акилбаевна | Бастауыш сыныпта орыс тілі мұғалімі | 14 жыл | 4 жыл | 2021/2023 ж. ПББ тиісті үпай жинай алмады |
| 3 | Исмакова Бибигуль Базарбаевна | Көркем еңбек мұғалімі | 14 жыл | 2 жыл | 2021/2023 ж. ПББ тиісті үпай жинай алмады |
| 4 | Аблакимова Алия Сыражанқызы | Ағылшын тілі мұғалімі | 7 жыл | 4 жыл | 2021/2023 ж. ПББ тиісті үпай жинай алмады |
| 5 | Курсамбекова Алтынай Алматовна | Ағылшын тілі мұғалімі | 6 жыл | 2 жыл | 2023 ж. портфолио сараптамадан өткен жоқ |
| 6 | Айтмуратова Анар Умирбековна | Математика мұғалімі | 9 жыл | 2 жыл | 2021/2022 |
| 7 | Ахметова Гулжазира Даурхановна | Бастауыш сынып мұғалімі | 30 жыл | 22 жыл | 2022/2023 ПББ тиісті үпай жинай алмады |
| 8 | Каукен Мадина Қалибекқызы | Тарих мұғалімі | 07 жыл | 07 жыл | 2020/2023 ПББ тиісті үпай жинай алмады |
Мектеп 2020-2025 жж. арналған ««Мектеп – жеке тұлғаның қалыптасу мен даму ортасы» атты Даму тұжырымдамасы негізінде ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастырып келеді. Тұжырымдамасы іске асыру аясында мектептің өзекті мәселесі ретінде «Білім алушыларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда тұлғалық-әрекеттік тәсілді іске асыру арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру» тақырыбы таңдалған. Аталған тақырып бойынша атқарылған оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жыл сайын қорытындыланады. 2022-2024 оқу жж. Даму тұжырымдамасының іс-тәжірибелік кезеңдері болып табылады, сондықтан жылдық әдістемелік іс-шаралардың мазмұны жинақталған тәжірибені талдау, тиімділігін анықтау, озық деп аталған тәжірибені қорытындылау мен тарату. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру үшін педагогтар соңғы 3 жылда жеке әдістемелік тақырыптарын зертеп, іс-тәжірибесінде келесі технологиялар мен әдіс-тәсілдерді белсенді қолданып келеді:
| № | Оқыту технологиясының атауы | Қолданатын педагогтердің саны | Педагогтердің аты-жөні | Әдістемелік өнімнің шығу түрлері |
| 1 | Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту | 6 | Өміржан Қ.К., Каукен М.К., Абдирова А.Т., Мустафина Р.С., Ошанова Б.А., Сагимбаева Ж.Т. | құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жинағы,таңдау, факультатив бағдарламалары |
| 2 | Жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсілдер | 3 | Сабырбаева Т.К., Тажина Г.К., Ишанова А.М., Исмакова Б.Б.. | Деңгейлі тапсырмалар жинағы |
| 3 | Деңгейлеп саралап оқыту | 1 | Эргизбаева Н.Д. | тапсырмалар жинағы |
| 4 | Дамыта оқыту | 3 | Акмухамбетова Б.А., Заитова Д.К., Шайкибекова А.П. | Тапсырмалар жинағы, әдістемелік ұсыныстар |
| 5 | Белсенді әдіс-тәсілдер, | 6 | Шагаева Ж.Д. Кенбаева Ж.С., Муратова Р.Д., Тышканбаева К.Н., Жаксылыкова К.И., Капышева Г.С. | әдістемелік ұсыныстар, құралдар |
| 6 | Диалогтік оқыту | 5 | Аккалиева Л.У., Исмакова С.Б., Курсамбекова А.А., Қарсақбай Л. Байтурсынова А.С., Тайжанова Г.А. | Тапсырмалар жинағы, әдістемелік құралдар |
| 7 | Ойын | 7 | Өміржан Т.Д., Парахатова Г.Р., Молдрахметова К.Б., Шомаева О.Б., Кушманова Ж.А,Әлімбай Қ.М., Умирбаева Т.А., | Тапсырмалар жинағы |
| 8 | Бағалау әдістері | 2 | Омиржанова С.Е., Баяханов О.Д. | Әдістемелік құралдар |
| 9 | Жоба | 2 | Каскырбаева Э.С., Исмакова Б.Б. | Әдістемелік құралдар |
| 10 | Жеке тулғаға бағытталған әдіс-тәсілдер | 3 | Сабырбаева Т.К., Аханов К.Б., Оразбаев М., | Тапсырмалар жинағы |
| 11 | Ұжымдық оқыту тәсілдері | 5 | Сарсенбаева Г.А., Коспанова Л.Б., Каленова А.А., Мырзабекова У.Т., Дагарова Ф.У., | Тапсырмалар жинағы, әдістемелік құралдар |
| 12 | АКТ | 2 | Есетова Б.М., Каржауова Г.Д., | Таңдау курс бағдарламалары |
| 13 | Функционалдық сауаттылық | 3 | Муратова Р.Д., Бейсенгалиева Ж.Г., Айтмуратова А., | Тапсырмалар жинағы, әдістемелік құралдар |
| 14 | Денсаулық сақтау технологиясы | 2 | Кожахметов О.К., Аханов К.Б. | Тапсырмалар жинағы, әдістемелік ұсыныстар. |
Аталған оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдері оқушылардың ақпараттық, цифрлық, математикалық, тілдік сауаттылықтарын қалыптастырып, сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылығын, азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған. Кез келген әдіс-тәсіл, жұмыс түрлері күнделікті сабақта жүйелі түрде қолдану арқылы ғана оқушылар бойында атталған құзыреттіліктерді қалыптастырып, педагогтардың тәжірибесін арттырады. Мектепте оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруда, оқытудың өзекті мәселелерін қарастыруда педагогтардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін 2020-2023 жж. аралығында тұрақты 10 әдістемелік бірлестік және «Жас маман» мектебі жұмыс жасайды.
| № | ӘБ атауы | ӘБ жетекшісі | Педагогикалық еңбек өтілі | Санаты |
| 1 | МДС және ШО | Кушманова Ж.А. | 19 жыл | ІІ санат |
| 2 | Бастауыш сынып | Капышева Г.С. | 12 жыл | Педагог-сарапшы |
| 3 | Қазақ тілі | Жылдамкулова А.О. | 10 жыл | Педагог-сарапшы |
| 4 | Орыс тілі | Сабырбаева Т.К. | 25 жыл | Педагог-зерттеуші |
| 5 | Ағылшын тілі | Аккалиева Л.У. | 31 жыл | Педагог-сарапшы |
| 6 | Тарих және өзін-өзі тану | Бейсенгалиева Ж.Г. | 14 жыл | Педагог-сарапшы |
| 7 | МИФ | Ошанова Б.А. | 29 жыл | Педагог-сарапшы |
| 8 | Жаратылыстану | Мустафина Р.С. | 29 жыл | Педагог-зерттеуші |
| 9 | Өнер | Тажина Г.К. | 15 жыл | Педагог-сарапшы |
| 10 | Дене шынықтыру | Аханов К.Б. | 31 жыл | Педагог-зерттеуші |
| 11 | «Жас маман» мектебі | Ишанова А.М. | 26 жыл | Педагог-зерттеуші |
Әдістемелік бірлестік мүшелерінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында және оқытудағы оңтайлы тәжірибені тарату үшін, дәстүрлі түрде жыл сайын ӘБ пән апталықтарын өту кестесі құрылып бекітіледі. Бір ерекшелігі 2022/2023 оқу жылында оқу пәндерінің мазмұнына қарай және бағытына, бейініне сай кіріктірілген онкүндіктер ұйымдастырылды.
| № | Әдістемелік бірлестіктер | Апталықтың өту уақыты | Тақырыбы | мақсаты | ӘБ жетекшілері | Бағасы |
| 1 | «Миф» пен «Жаратылыстану» | 10.10.-21.10.22 | «МИФ, жаратылыстану кемесі — білім теңізінде» | Оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика,жаратылыстану пәндері бойынша зерттеушілік және шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. | Ошанова Б.А., Мустафина Р.С. | жақсы |
| 2 | «Қазақ тілі мен әдебиеті» мен «Тарих» | 21.11.-02.12. 2022 | «Ақпарттық құзыреттілік — заман талабы» | Ақпараттық әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың интеллектуалдық танымын, білімі мен кәсіби дағдысын қалыптастыру | Жылдамкулова А.О., Бейсенгалиева Ж.Г. | жақсы |
| 3 | «Өнер» және «Дене шынықтыру» | 05.12–15.12. 2022 | «Өнер – сарқылмас байлық, спорт –таусылмас азық». | Оқушылардың шығармашылық және спорттағы қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру | Тажина Г.К., Аханов К.Б. | жақсы |
| «Бастауыш сынып» пен «Шағын орталық, мектепалды сыныбы» | 16.01.-27.01.2023 | Білімді ұрпақ –ел болашағы | Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. | Капышева Г.С., Кушманова Ж.А. | өте жақсы | |
| 3 | «Ағылшын тілі» мен «Орыс тілі мен әдебиеті» | 13.02.-24.02.23 | Көптілділік — білімнің болашағы | Оқушылардың сөйлеуін дамытуда оқытудың белсенді әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісу | Аккалиева Л.У., Сабырбаева Т.К. | қанағаттанарлық |
| 4 | «Жас маман» мектебі | сәуір | Білім беру жолындағы жас маман рөлі | — | Ишанова А.М. | жеткілікті |
Апталық аясында тәжірибе алмасу сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралары, шығармашылық сайыстар, әдістемелік семинар, шебер-сыныптар, коучингтер өтті. Тәжірибе алмасу сабақтарын тиімді өткізе алған әдістемелік бірлестіктер: «Бастауыш сынып» және «Шағын орталық, мектепалды сыныбы», «Дене шынықтыру», «Өнер», «МИФ», «Жаратылыстану». Аталған бірлестіктер жаңартылған білім мазмұнының сабаққа қойылатын талаптарын орындай отырып, белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқу мақсатына толықтай жетіп, оңтайлы тәжірибелерімен бөлісе алды. Дегенімен, барлық бірлестік мүшелер арасында ұйымдастыру кезеңінде ортақ шешімге келу, бірлесе орындау жұмыстары оңай болған жоқ, әсіресе «Орыс тілі» мен «Ағылшын тілі» бірлестіктерінде.
Сондықтан, жыл қорытындысы бойынша жекеленген педагогтардың нәтижелерімен, жалпы бірлестік бойынша қалалық, облыстық деңгейде сапалы көрсеткіштер жеткілікті болғандықтан «Жыл әдістемелік бірлестігі» атағына ие болған «Дене шынықтыру» ӘБ, «Кәсіби шеберлік» номинациясына «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ. «Дене шынықтыру» ӘБ
21 қала мектептерінің жылдық жетістік рейтингі бойынша І орынды иеленді.
«Жас маман» мектебі құрамының 3 жылдық көрсеткіші
| Оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | 2023-2024 оқу жылы |
| Мектептегі педагогтар | 82 педагог | 81 педагог | 74 педагог |
| Жас мамандар саны | 5 | 6 | 4 |
| Пайыздық үлесі % | 6 % | 7,4 % | 5,4% |
Мектебіміздегі «Жас маман» мектебінің түйінді мәселесі: Қиындықты жоюдың жолдарын анықтау-кәсіби шеберлік жұмысының алға басуы. Мақсаты: Жас мамандардың педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау.
2021-2022 оқу жылында 5 жас маман жұмыс атқарса, 2022-2023 оқу жылында 6 жас маман жұмыс жасады. «Жас маман» мектебінің жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ишанова Алия Маликовна. 2022-2023 оқу жылындағы жас мамандар тізімі
| № | Аты-жөні | Білімі | Еңбек өтілі | Бітірген оқу орны, диплом бойынша мамандығы | Қызметі | Тәлімгердің аты-жөні | Тәлімгер санаты |
| 1 | Болат Ұлжан 18.10.1998ж | Жоғары | 1 жыл | А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті 2021ж, тарих | Тарих пәнінің мұғалімі | Дагарова Фазира Узакбековна | Педагог-зерттеуші |
| 2 | Қарсақбай Лаура Қазбекқызы 30.10.2002ж | Арнаулы орта | 1 жыл | Қостанай педагогикалық колледж 2021ж, шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі | Бастауыш сыныпта ағылшын тілі пәнінің мұғалімі | Байтурсынова Асемгуль Сериковна | Педагог-сарапшы |
| 3 | Есетова Балауса Маханбетовна 06.09.1999ж | Жоғары | 11 ай | М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 2021ж, информатика | Информатика пәнінің мұғалімі | Баяханов Оразбек Дузелович | Педагог-зерттеуші |
| 4 | Алимбаева Динара Саламатовна 31.03.1992ж | Жоғары | 5 ай | М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 2021ж, педагогика және психология | Педагог-психолог | Шакирова Амина Адильхановна | Педагог |
| 5 | Мусирманкулова Гулмира Пулаткизи 01.10.1998ж | Жоғары | 7 ай | Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 2020ж, биология | Биология пәнінің мұғалімі | Омиржанова Сайран Омиржановна | Педагог-шебер |
| 6 | Тоймурзаева Гаухар Садуахасовна 05.01.2001ж | Арнаулы орта | 0 | Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі 2021ж, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | Шағын орталық тәрбиешісі | Салтенова Нургуль Сактагановна | Педагог-зерттеуші |
«Жас маман» мектебінің жылдық жоспары құрылып, жоспар бойынша оқу жылында 4 отырыс өтті. №1 отырыста 2022-2023 оқу жылының «Жас маман» мектебінің жұмыс жоспарымен және мектептің ішкі тәртібімен, тәлімгерлермен таныстыру болды. Осы Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастыру және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талаптар белгілеу тәртібіне сәйкес мектептің жоспарына сай жас мамандар тізімі құрылып, оларға тәлімгерлер тағайындалды. Бекітілген тәлімгерлер өзінің тәлім алушысымен жүргізілетін жұмыстарына жоспар құрып, жыл бойы жас мамандарына оқу-тәрбие үрдісінде қиындық туғызатын мәселер бойынша көмек көрсетіп отырды.
№2 отырыста түрлі деңгейдегі сұрақтар қаралып, жоспар бойынша жүргізілген жұмыстар талқыланып, шешімдер қабылданды. Оқу материалы бағдарламаға, жоспарға сәйкес түгел қамтылды. Тәлімгер мен жас маманның І жартыжылдықта атқарған жұмыстары және әдістемелік тақырыптар бойынша есептері тыңдалып, пікір алмасып талқыланды. Мектепте жас мамандармен жұмыс жоспары бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәлімгерлердің тарапынан шебер-сынып, тренинг сынды жұмыстар өткізілді. Мысалы, күнделікті сабақты жоспарлау, іс-қағаздармен жұмыс, нормативтік құжаттармен танысу т.б. үйрете отырып, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында көмектер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сабақтарға қатысып, тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіру арқылы да үйренгендері мол. Тәлімгер үнемі қолдау көрсетіп, жас мұғалімнің мектепте оқыту үдерісінің барысына үйреніп, шараларды өткізуде шығармашылық бағытқа жетелей білді.
№3 отырыста тәлімгерлер жас мамандардың жұмыстарының артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталып, кездескен кәсіби қиындықтарды жоюдың жолдары көрсетілді.
№4 отырыста 2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстары бойынша тәлімгерлері мен жас маманның есебі тыңдалды. Мектепте жас мамандармен жұмыс жүйелі жүргізілуде. Оның дәлелі ретінде, сәуір айында өткен «Білім беру жолындағы жас маман ролі рөлі» атты жас мамандар апталығы. Осы апталық аясында жоспар жасалып, жас мамандарды жинап әдістемелік көмек отырысы өткізілді. Апталық аясында жас мамандар ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Жас мамандар бір-бірінің іс-шараларына қатысып, соңында талдап, қорытынды жасап отырды. «Жас маман» мектебінің жетекшісі тарапынан «Білім беру жолындағы жас маман ролі рөлі» тақырыбындағы әдістемелік апталығына толығымен талдау жасалды. Жалпы апталық аясында 1 шебер-сынып, 4 ашық сабақ, 3 сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Жоспарланған барлық сабақтар мен іс-шаралар толығымен өткізіліп, мақсаттарына жетуіне байланысты жеткілікті деңгейде деп бағаланды.
Жас мамандардың мектепке бейімделуі 4 бағыттан тұрды. Кәсіби деңгейінің өсуі үш деңгеймен анықталды. Мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгерлер тарапынан жас маманның теориялық білімді жүзеге асыру мақсатындағы сұрақтары және кәсіби шеберлігін арттырудағы қолдау көрсетілді. Жас мамандар жыл бойы мектепішілік іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысты. Тәлімгерлер жас маманның алғашқы сабағына сыни көзбен қарау мақсатында емес, үйрету, бағыттау мақсатында қатысты. Мектеп директорының орынбасарлары жеке сөйлесу, кеңес беру арқылы жас мамандарды үнемі бағыттап отыра білді. Құжаттарды тексеру жұмыстары кемшілік іздеу мақсатында емес, түзету бағытында жүргізілді.
Әдістемелік бірлестік мүшелерінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында және оқытудағы оңтайлы тәжірибені тарату үшін, жыл сайын ӘБ пән апталықтарын өту кестесі құрылып бекітіледі. Апталық аясында тәжірибе алмасу сабақтары, сыныптан тыс іс-шаралары, шығармашылық сайыстар, әдістемелік семинар, шебер-сыныптар, коучингтер өтеді. Жыл қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестік араларында рейтинг нәтижесінде «Жыл әдістемелік бірлестігі» анықталады. Педагогтың жеке жетістіктері жылдық рейтинг арқылы сараланып «Жыл мұғалімі» анықталады.
Оқыту мен тәрбиелеуде озық тәжірибелерді қорытындылау мен таратуда шығармашыл және тәжірибелі педагогтар қатарынан шығармашылық топтар құрылған.
| № | Шығармашылық топ атауы | Топ жетекшісі |
| 1 | Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды даярлау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту | Муратова Р.Д. |
| 2 | Онтайлы тәжирибені қорытындалау «Озат» сараптама кеңесі | Мырзабекова У.Т. |
| 3 | Цифрлық сауаттылықты дамыту | Каржауова Г.Д. |
Аталған топ мүшелері жыл сайын әдістемелік іс-шаралар өткізіп, озық тәжірибелерді мектеп ішінде таратып, қала, облыс деңгейінде қорытындылауға ұсынады, педагогтарды түрлі деңгейде кәсіби сайыстарға, конференцияларға қатысуда жетекшілік жасайды.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Мектебіміздің тәжирибелі, шығармашыл мұғалімдерінің жетістіктері төмендегідей:
2022-2023 ОҚУ Ж. ТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ КӘСІБИ САЙЫСТАРҒА ҚАТЫСҚАН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ПАЙЫЗЫ.
| № | Байқаудың атауы, өткен уақыты | деңгейі | қатысқан педагогтердің аты-жөні | нәтижесі |
| 1 | «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» облыстық байқауының қалалық кезеңі (20-28 қазан 2022 жыл) | қалалық | Шайкибекова Айткуль | ІІ орын |
| 2 | «Үздік ашық сабақ-2022» қараша 2022 жыл | қалалық | Шагаева Жанар | ІІ орын |
| 3 | Жас маман байқауы «Вернисаж молодых талантов» желтоқсан 2023 | қалалық | Қарсақбай Лаура | Номинация «Учитель теоретик» |
| 4 | «Педагогическая копилка» математика, физика пәндері мұғалімдерінің байқауы ақпан 2023 | қалалық | Муратова Раушан | Номинация «Результативный учитель» |
| 5 | Жас маман байқауы «Учитель будущего» ақпан 2023 | қалалық | Қарсақбай Лаура | Номинация «Сердце отдаю детям» |
| № | Байқаудың атауы, өткен уақыты | деңгейі | қатысқан педагогтердің аты-жөні | нәтижесі |
| 1 | Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы республикалық математикалық олимпиаданың облыстық қезеңі «Алтын тұғыр» | облыстық | Капышева Гулшат | ІІІ орын |
| 2 | «Педагогикалық идеялар аукционы» семинар | облыстық | Шагаева Жанар Дулаткановна | І орын |
| 3 | «Педагогикалық идеялар аукционы» семинар | облыстық | Жарылгатаева Айгуль Абубакировна | ІІІ орын |
| 4 | «Педагогикалық идеялар аукционы» семинар | облыстық | Исмакова Самал Базарбаевна | Номинация |
| Жалпы қатысқан саны-9 Орын-5 Сапа-6,4% |
2022/2023 оқу ж. Облыстық сараптама кеңесінде қорғалған авторлық
бағдарламалар саны -1
| № | Автордың аты-жөні | Пәні | Жұмыс түрі | Деңгейі | Нәтижесі |
| 1 | Мырзабекова У.Т., Кенбаева Ж.С., Мустафина Р.С. | Химия, математика, физика | 9 сыныпқа арналған кіріктірілген таңдау курсының бағдарламасы | облыстық | Облыстық хаттама шешімі 27.04.2023ж. |
Оқу жылы ішінде мектеп мұғалімдері қала және облыс деңгейінде жоспарлы түрде тәжірибемен бөлісу семинарларын жеткілікті деңгейде өткізді: Бейсенгалиева Ж.Г.,Сарсенбаева Ж.Г., Тажина Г.К., Исмакова Б.Б., Баяханов О.Д., Каржауова Г.Д., Есетова Б. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі үйлесімді түрде оқу мен тәрбие жұмыстарын дарынды оқушылар мен кәсіби бағдар беру бағыттарында тиімді жүргізу тәжірибесімен қалалық семинарларда келесі педагогтардың қатысумен бөлісті: Мырзабекова У.Т., Шайкибекова А.П., Ишанова А.М., Капышева Г.С., Аманбаева Ж.К., Ержигитова А.С., Сагимбаева Ж.Т., Бердибаева Н.С., Шакирова А.А., Жылдамкулова А.О., Тажина Г.К.,Кожахметов Б.М., Әлімбай К., Оразбаев М.М., Аханов К.Б., Бектенов Г.С., Кожахметов О.К., Каукен М.К.
| № | Педагогтың аты-жөні | Семинар уақыты | Семинар тақырыбы | Деңгейі |
| 1 | Бейсенгалиева Ж.Г. | Қараша | Тарих сабағында пәндік құзыреттіліктерін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері | қалалық |
| 2 | Баяханов О.Д., Каржауова Г.Д., Есетова Б.М. | Ақпан | Информатика сабағында бағалаудың түрлері | қалалық |
| 3 | Тажина Г.К. | наурыз | Музыка сабағында оқушылардың оқу іс-әрекетін ынталандыру жолдары” | қалалық |
Мектепте оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын қамтамасыз етуде өзекті мәселелерді шешуде тәжірибелі мұғалімдердің шығармашылық топтары жоспарлы түрде жұмыс жасайды:
| № | Шығармашылық топ атауы | Топ жетекшісі |
| 1 | Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды даярлау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту | Муратова Р.Д. |
| 2 | Онтайлы тәжирибені қорытындалау «Озат» сараптама кеңесі | Мырзабекова У.Т. |
| 3 | Цифрлық сауаттылықты дамыту | Каржауова Г.Д. |
Аталған топ мүшелері жыл сайын әдістемелік іс-шаралар өткізіп, озық тәжірибелерді мектеп ішінде таратып, қала, облыс деңгейінде қорытындылауға ұсынады, педагогтарды түрлі деңгейде кәсіби сайыстарға, конференцияларға қатысуда жетекшілік жасайды.
Тәжірибелі педагогтардың түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, педагогикалық оқуларға, семинарларға, форумдар мен съездерге, көрмелерге қатысу және облыстық сараптама топтарында мүшелік етуі
(2022/2023жж. аралығы)
| № | Педагогтың аты-жөні | Іс-шара атауы | Деңгейі | Нәтижесі |
| 1 | Шайкибекова А.П. | «Ұлттың ұлы ұстазы» конференция» | Қалалық | Сертификат |
| «А.Байтұрсынов мұрасы» пед.оқу | Республикалық Астана қ. | Сертификат | ||
| 2 | Ержигитова А.С. | «А.Байтұрсынов мұрасы» пед.оқу | Республикалық Астана қ. | Сертификат |
| «Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні» | Республикалық Астана қ.Ахмет және Ұлттық болмыс» республикалық фестиваль аясында «А.Байтұрсынұлының мұраларының заманауи білім берудегі орны мен маңызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына | Сертификат | ||
| 3 | Заитова Д.К. | «Бастауыш сыныпта Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының тәрбиелік мәні» | Республикалық Шығыс Қазақстан | Сертификат |
| «Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық идеясы — заманауи білім берудің шамшырағы» | Республикалық Астана қ. | Сертификат | ||
| 4 | Каржауова Г.Д. | «Ахмет Байтұрсынов — дәуірдің сөнбес жұлдызы» | Республикалық Шығыс Қазақстан | Сертификат |
| 5 | Ержигитова А.С. | «Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні» | Республикалық Шығыс Қазақстан | Сертификат |
| 6 | Сабырбаева Т.К. | «Искусство слова А. Байтурсынова – это его духовный мир» | Республикалық Шығыс Қазақстан | Сертификат |
| 7 | Салтенова Н.С. | «Бастауыш сыныпта Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы-тәлім тәрбие көзі» | Республикалық Шығыс Қазақстан | Сертификат |
| 8 | Бердибаева Н.Б. | «Ұлттық құндылықтың бірі бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу» | Республикалық Ақтау қ. | сертификат |
| 9 | Бисенгалиева Ж.Г. | «Тарих сабағында пәндік құзыреттілікті дамыту» | Қалалық | Сертификат |
| «Біліктілікті арттыру — заман талабы» | Республикалық Ақтау қ. | сертификат | ||
| Тарих сабақтарында талдау және түсіндіру дағдыларын дамыту | Республикалық Қостанай қ. | Сертификат, Алхыс хат | ||
| 10 | Мырзабекова У.Т. | «Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан» семинар | Қалалық | Сертификат |
| 11 | Ахметова Г.Д. | «Бастауыш сыныпта ы.алтынсаринның оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашыл идеясын қолдану» | Халықаралық Алтынсарин оқулары | сертификат |
| 12 | Жаркимбекова Р.Т. | «Жаңаша оқыту — заман талабы: тәжірибе» | Халықаралық Алтынсарин оқулары | сертификат |
| 13 | Жарылгатаева А.А. | «Дидактическая игра для развития речи младших школьников» | Халықаралық Алтынсарин оқулары | сертификат |
| 14 | Капышева Г.С. | «Жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиеттерінің білім саласына тиімділігі мен ерекшеліктері» | Халықаралық Алтынсарин оқулары | сертификат |
| 15 | Каржауова Г.Д. | «Ыбырай алтынсариннің педагогикалық жүйесінің заманауи оқу үрдісімен үйлесімділігі» | Халықаралық Алтынсарин оқулары | сертификат |
| 16 | Оспанова С.А. | «Жаңартылған білім беруде ыбырай алтынсарин шығармаларының өміршеңдігі» | Халықаралық Алтынсарин оқулары | сертификат |
| 17 | Оразбаев М.М. | «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру сабағын жоспарлау» | Облыстық | Алғыс хат |
| 18 | Салтенова Н.С. | «Ыбырай Алтынсариннің мұғалім мектептегі басты тұлға идеясының қазіргі таңдағы үндестігі» | Халықаралық Алтынсарин оқулары | Сертификат |
| «Ахмет және ұлттық болмыс» фестивалі | Республикалық Астана қ. | Сертификат | ||
| 19 | Сагимбаева Ж.Т. | «Интерактивные методы и приёмы в развитии речи учащихся» | Международная научно — практическая конференция Алтынсаринские чтения «Инновации, знания, опыт – векторы образовательных треков» | Сертификат |
| 20 | Омиржанова С.Е. | «ҰБТ нәтижесіне әсер етуші факторлар» | Республикалық Қостанай қ. | Сертификат |
| 21 | Дагарова Ф.У. | Оқулықтың сараптамасы | облыстық | — |
| 22 | Ишанова А.М. | Оқулықтың сараптамасы | республикалық | — |
2022-2023 ОҚУ Ж. ТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ КӘСІБИ САЙЫСТАРҒА ҚАТЫСҚАН ПЕДАГОГ
| № | Байқаудың атауы, өткен уақыты | деңгейі | қатысқан педагогтердің аты-жөні | нәтижесі |
| 1 | «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» облыстық байқауының қалалық кезеңі (20-28 қазан 2022 жыл) | қалалық | Шайкибекова Айткуль | ІІ орын |
| 2 | «Үздік ашық сабақ-2022» қараша 2022 жыл | қалалық | Шагаева Жанар | ІІ орын |
| 3 | Жас маман байқауы «Вернисаж молодых талантов» желтоқсан 2023 | қалалық | Қарсақбай Лаура | Номинация «Учитель теоретик» |
| 4 | «Педагогическая копилка» математика, физика пәндері мұғалімдерінің байқауы ақпан 2023 | қалалық | Муратова Раушан | Номинация «Результативный учитель» |
| 5 | Жас маман байқауы «Учитель будущего» ақпан 2023 | қалалық | Қарсақбай Лаура | Номинация «Сердце отдаю детям» |
| № | Байқаудың атауы, өткен уақыты | деңгейі | қатысқан педагогтердің аты-жөні | нәтижесі |
| 1 | Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы республикалық математикалық олимпиаданың облыстық қезеңі «Алтын тұғыр» | облыстық | Капышева Гулшат | ІІІ орын |
| 2 | «Педагогикалық идеялар аукционы» семинар | облыстық | Шагаева Жанар Дулаткановна | І орын |
| 3 | «Педагогикалық идеялар аукционы» семинар | облыстық | Жарылгатаева Айгуль Абубакировна | ІІІ орын |
| 4 | «Педагогикалық идеялар аукционы» семинар | облыстық | Исмакова Самал Базарбаевна | Номинация |
Облыстық сараптама кеңесінде қорғалған авторлық бағдарламалар саны -1
| № | Автордың аты-жөні | Пәні | Жұмыс түрі | Деңгейі | Нәтижесі |
| 1 | Мырзабекова У.Т., Кенбаева Ж.С., Мустафина Р.С. | Химия, математика, физика | 9 сыныпқа арналған кіріктірілген таңдау курсының бағдарламасы | облыстық | Облыстық хаттама шешімі 27.04.2023ж. |
2022/2023 оқу ж. «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 2022 жылдың 22 желтоқсан күні мектебімізде «Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан»тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: мектеп педагогикалық ұжымының дарынды оқушылармен жұмыс бағытындағы оңтайлы педагогикалық тәжірибесімен бөлісу және насихаттау.Осы мақсатқа жету үшін мектеп тәжірибесінен көрме, шебер сыныптар, сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланды. Семинар барысында «Шын талантқа тәңірі өзі шабыт береді» тақырыбында дарынды оқушылардың шығармашылығынан үздік жұмыстары көрмеде таныстырылды: қолөнер бұйымдары, суреттер галереясы, ғылыми жоба өнімдері, өлендер мен шығармалар жинағы. Қала мұғалімдерінің назарына әдістемелік бірлестік мүшелерінің дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен дамытуда жұмыс түрлері, тапсырмалар жинағы, әдістемелік ұсыныстар, үйірме, секцияларының авторлық бағдарламалары ұсынылды. Семинардың практикалық бөлімінде мектептің тәжірибелі педагогтары үш бағытта (академиялық, интелектуалдық және шығармашылық) шебер-сыныптар өткізді: Каскырбаева Э.С. ғылыми жобаларға дайындық түрлері, Омиржанова С.Е. зерттеушілік тапсырмаларды орындау және тәжірибе жасау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамыту, Шайкибекова А.П. мен Ишанова А.М. шығармашылық жұмыстар, оның ішінде эссе жазудың тиімді жолдарын үйрету, Мырзабекова У.Т. мен Капышева Г.С. сандық цифрлық ресурстары арқылы тапсырмаларды әзірлеу жолдарын ұсынды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманбаева Ж.К. және директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ержигитова А.С. ұйымдастыруымен «Дарындылық-табиғат сыйы» дарынды оқушылардың өнерін тамашалау концертінде 3-10 сынып оқушылары ән шырқап, көркемсөз оқып, домбырада күй шертіп, жас ақындар арнау өлеңдерін оқып, бастауыш сынып оқушылары «Қазақстан жеті кереметі» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын таныстырып, қорғады. Қорытындылай келе, қалалық семинар барысында мектептің іс-тәжірибесінен 1 және 11 сынып аралығында дарынды оқушылардың соңғы 2020-2022 жылдар бойынша қала, облыс, республика деңгейіндегі жеткен жетістіктері сараланды, мектеп бойынша ұйымдастыру жұмыстарының бағыттары таныстырылды. Семинарға қатысушылармен кері байланыс барысында көрмедегі дарынды оқушылардың шығармашылық жұмыстары, мұғалімдердің дарынды балаларды дамыту тапсырмалары, шебер сыныпта гуманитарлық бағыттағы пән олимпиадасына даярлау жұмыстары және АКТ-мен онлайн тапсырмаларды жасау жолдары, талантты оқушылардың өнері жүйелі жұмыстың нәтижесі екеніндігі ерекше аталып өтті. Семинар «жоғары» деңгейде өтті деп қалалық оқу бөлімімен бағаланды.
«Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 1965 жылы қолданысқа берілген бөлек ғимаратта орналасқан. Техникалық жағдайы жақсы. 2014 жылы толық жөндеу жұмыс өткізілді. Мектептің жалпы ауданы 5233.1 кв.м. 2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмысы барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандустар, гидроподьемник, тактильді плиталар орнатылып,бірінші қабатқа арнайы есіктер қойылды. Жыл сайын мектеп алаңы абаттандырылып, көгалдандырылып отырады. Ғимарат орталық жылу, жарық және су жүйесімен қамтамасыз етілген.
Мектепте барлығы 33 оқу кабинеті бар, мәжіліс залы асханамен біріктірілген. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Рудный қалалық емханасына» КМК №413 04.01.2023 ж. 34.2 шаршы метр алаңы жалға беріліп отыр. Тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша қалалық «Экос»ЖШС №31482 13.02.23ж. 86.80 шаршы метр жер жалға беріліп отыр. 120 орындық асхана бар, ауданы 86.80 ш. м. ас үй бөлмесінің аймақтары бар: ыдыс-аяққа, ас үй ыдыстарына арналған жуу бөлмесі, сусымалы өнімдерге арналған қойма, көкөніс қоймасы. Тамақтануды «ЭКОС» ЖШС мектептің асхана үй-жайының мемлекеттік мүлкін тамақтандыруды, мүліктік жалдауды (жалға алуды) ұйымдастыру туралы шарт негізінде жүзеге асырады.
2021 жылғы 05 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығына сай 1 оқушыға 2,9 шаршы метр сәйкес келеді. Жұмыс бөлмелері туралы ақпарат: бастауыш сынып – 8, қазақ тілі және әдебиеті – 3, орыс тілі мен әдебиеті – 3, математика – 2, ағылшын тілі – 3, тарих – 1, география – 1, химия – 1+1(зертхана), биология – 1+1(зертхана),, физика – 1+1(зертхана),, информатика – 1, ұлдар ағаш өңдеу шеберханасы – 1, ұлдар темір өңдеу шеберхаасы – 1, қыздар шеберханасы – 1, музыка – 1, әлеуметтік педагог – 1, психолог – 1, мектепалды сынып – 2, библиотека -1, мәжіліс залы – 1, спорт зал — 1 , шағын орталық – 1, робототехника – 1, ритмика –1, тир – 1 , мед.кабинет -1. (9,10-қосымша қоса берілді https://disk.yandex.kz/d/nSY-9YMvML3MoA )
Оқу кабинетерінде мұғалім мен оқушыларға арналған орын, көрнекіліктерге жеткілікті шкафтар бар. Мәжіліс залының ауданы 257,7 шаршы метр, 120 адамға арналған орын бар. Кітапхана оқу залымен қосылған, 16 адамға арналған , ауданы 67,1 шаршы метр. Кітап қоймасы бөлек орналасқан.
Орта және жоғары сыныптар кабинеттік режимде оқиды. Ғимараттың әр қабатында ұлдар мен қыздарға арналған 4 әжетхана және 2 гигиеналық бөлме, қызметкерлерге арналған 1 әжетхана орналасқан. Әр әжетханада жеке кабинкалармен, санитайзерлер және қол кептіргіштермен қамтылған. Фильтрленген су ішуге арналған әр қабатта 2 фонтанчиктен орналасқан. Барлық оқу кабинеттерінде 05.08.21 жылғы №ҚР ДСМ-76 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығына сай оқу жиһаздары қолданылады. Бастауыш сынып бөлмелері әр оқушыға арналған жеке шкафтармен қамтамасыз етілген.
«Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты 1,8835га аймақты алып жатқан жекеменшік жерде орналасқан. Мектеп аумағында оқушыларға арналған спорт алаңдары бар: баскетбол алаңы, футбол алаңы,волейбол алаңы, жүгіру жолы. Шағын орталық балаларына арналған тартанды алаңы орналасқан. Шаруашылық алаңы асфальтталған, мектеп қажеттілігіне керек азық-түлікпен көліктеріне ыңғайлы жасалған. Мектеп алаңында жан-жағы қоршалып, асфальтталған тұрмыстық қалдықтарға арналған 2 қоқыс контейнер бар.Мектеп алаңы жыл сайын көгалдандырылып отырады, өткен жылы 200 шырша ағашының көшеті отырғызылды. Мектеп ғимараты кірпіштен жасалған, 3 қабаттан , 91 бөлмеден тұрады.
Жұмыс бөлмелерінің аудандары; ағаш және темір өңдеу шеберханалары – 98,9 ш.м., психолог кабинеті – 12,6 ш.м., орыс тілі кабинеттері – 130,2 ш.м., казак тілі – 98,4ш.м. математика -97,3 ш.м., ағылшын тілі – 84,4 ш.м., тарих -48,9 ш.м., химия – 84,3 ш.м., физика – 82,5 ш.м., биология -63,5 ш.м., 47,9 ш.м., ақпараттану – 96,7 ш.м., тир – 91,5 ш.м., музыка – 48,5 ш.м., бастауыш сыныптар –395,4 ш.м., спортзал – 271,4 ш.м., мектепалды сыныптар – 169,1 ш.м., библиотека – 67,1 ш.м., ритмика – 54,1 ш.м., мед,бөлме – 27,1 ш.м., мәжіліс залы – 257,7 ш.м., шағын орталық – 168,3 ш.м. Ғимараттың барлық бөлмелері санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сай. Мектеп айналасы периметр бойы жарық шамдармен жабдықталған. Мектеп ғимаратында суық және ыстық су, жылу жүйелерінің есептегіш құрылғылары орнатылған, жұмыс кабинеттеріндегі жарық деңгейі оқу мекемлеріне қойылатын талаптарға сай.
Мектептің материалды-техникалық базасы жаңарып отырады: 2014 жылы 11 моноблок, 14 ноутбук, 5 интерактивті тақта; 2017 жылы 9 компьютер, 2019 жылы 11 моноблок, 1 интерактивті панель; 2020 жылы 21 компьютер, 3 принтер; 2021 жылы 3 ноутбук, 2 проектор, 3 принтер ; 2022 жылы 1 интерактивті панель алынды.
2014-2022 жылдар аралығында 38 бейнебақылау камералары , автоматты өртке қарсы дабылы, дабыл түймесі және дыбыстық хабарлама беру құралы қосылып, 4 су ішетін фонтан, 16 оқушыларға арналған жеке шкаф, 28 оқушылар партасы, 58 орындық, 25 бактерицидті лампалар, 36 санитайзерлер, уақтылы толықтырылып отыратын 58 өртсөндіргіш құралы алынды. Мектепте қажетті жиһазбен, теледидармен, музыкалық орталықпен және оқу құралдары мен көрнекіліктер, ғаламторға қосылған компьютермен жабдықталған .
«Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ақылы қызмет көрсетпейді, жеке кәсіпкерлікпен айналыспайды.
Асхана жабдықтары: тамақтану үстелдер -20, электр плитасы – 1, пекарский шкаф – 1, жарочный шкаф – 1, су жылытқыш – 1, тоңазытқыш шкаф –7, мұздатқыш – 1, көкөніс жуатын жуғыш – 2, ыдыс жуатын жуғыш – 6, үстелдер – 4.
Сынып кабинеттерінің жабдықтары: оқушы партасы – 322, оқушы орындығы – 672, компьютерге арналған үстел – 20, құжаттар шкафы — 35, мектепалды сыныпқа (киім ілгіш – 6, орындық — 48, үстел – 48), мұғалім үстелі – 45, сынып тақталары – 33, ақпараттық стендтер – 30, тігін машиналары – 14, саббуфер -2, микшерный пульт – 1, микрофон – 3, компьютер – 55, ноутбук – 14, моноблок -24, нетбук – 200, планшет – 14, принтер – 21, муз,орталық — 3 , проекторлар – 9, ПК колонкалар –10.
Ағаш және темір өңдеу шеберханасындағы құрал-жабдықтар өрт және электр қауіпсіздігі нормаларына, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес орналасқан : токарный станок по металлу – 2, станок шлифовальный по дереву – 1, станок сверления – 1, резцы для токорного станка – 1 комплект, лента для шлифовального станка – 1 комп., настольный лобзик – 1, заточная машина с двумя камнями – 1. Сонымен қатар, жалпы білім беретін және техникалық; тиісті жасанды және табиғи жарықтандыру; әрбір үй-жайға су жеткізу, кәріз; электр қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келетін 220-380 В электрмен қоректендіру; алғашқы өрт сөндіру құралдары және өртке қарсы дабылдар; көшеге шұғыл шығу, жеке кіреберістер әрбір үй-жайға; экспозицияның және қауіпсіздік техникасының тиісті функциялары; электр қауіпсіздігі құралдары және ескерту белгілері; жабдықтар мен материалдарды сақтау орындары, қауіпсіздік техникасы бойынша стендтер бар.
Дене шынықтыру сабақтары құрамына 2 шешінетін және 2 душ бөлмесі бар бірінші қабатта орналасқан спорт залында өткізіледі. Дене шынықтыру бағдарламаларын орындау үшін белгілі бір мөлшерде спорттық жабдықтар бар: Баскетбол добы-20,Волейбол добы-5,Футбол добы-10,Есептегіш (табло)-1,Баскетбол сеткасы-2 дана,Секіртпе (скакалка)-10,Стол теннисі -3,Биіктікке секіру жабдығы-1,Гимнастикалық таяқшалар -40, Шахмат-10, Дойбы-10,Гимнастикалық обруч-12,Тоғызқұмалақ-10, Биікттіке секіруге арналған стойка-2, Эстафеталық таяқша-4, Диск-1, Гранат- 6 дана, Футболдық қақпа-2, Гим. Мат-20, Гим.ағаш ат-4, Арқан (канат)-2, Велотренажер-5 Ұзындыққа секіруге арналған төсегіш- 1, Гимнастикалық доптар-10, Шаңғы -25 пар, Сетка футболға арналған -4, Гимнастикалық орындықтар -10, Баскетбол шығыры-6, Волейбол торы-1, Гимнастикалық .керме – 1.
Екінші қабатта орналасқан лицензияланған медициналық пункт (Лицензия №20016849 09.11.2020 ж.) ауданы 34.2 ш. м., тұратын екі бөлме: қабылдау кабинеті, емшара кабинеті. Медициналық және процедуралық кабинеттер қажетті жабдықтармен (Тоңазытқыш, Диван, экран, медициналық үстелдер, шкаф) жабдықталған. Медициналық пункт санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жиһазбен, дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен жабдықталған
Мектепте компьютерлік құрылғылардың саны- 307. Бір компьютерге 3,3 оқушыдан келеді.
Мектеп кең жолақты ғаламторға 50 МгБ/с жылдамдықтағы екі нүктемен қосылған. Ғаламторға кірудің бірыңғай шлюзі қосылған. Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сай мектепте WI-FI арқылы қосылу шектелген, сыммен қосылу қамтамасыз етілген.
Екі ақпараттану кабинеттерінде (10+1), (10+1) компьютерлер және интерактивті тақта, интерактивті панель орналасқан. Барлық техника ғаламторға жалғанған. Мектептегі 33 оқу кабинеттері компьютерлермен қамтамасыз етіліп, толыққанды ғаламторға қосылған. Олар: биология (1 интерактивтітақта) химия (1 интерактивті панель), география (1 интерактивті тақта), қазақ тілі (1 интерактивті тақта), орыс тілі мен әдебиеті (1 интерактивті тақта), ағылшынтілі (1 интерактивті тақта), математика (2 интерактивті тақта) және бастауыш сынып (3 интерактивті тақта) кабинеттері интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.
Мектептің әкімшілік құрамының кабинеттері де ғаламторға қосылған компьютерлермен қамтылған. Қабылдау бөлімі –1 ПК , принтер; бухгалтерия – 3 ноутбук, 2 принтер, 1 түрлі-түсті принтер; директордың оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысы бойынша орынбасарлары — 4 ПК, 3 принтер; ақпараттану бойынша орынбасарлар – 2 ПК, 1 принтер; тәрбие бойынша орынбасарлар — 2 ПК, 1 принтер,1 түрлі-түсті принтер; аға тәлімгер – 1 ПК, 1 принтер; директордың кабинеті – 1 ПК.
Мектепте edu.kz доменінде орналасқан сайт жұмыс жасайды. Сайттың мекен-жайы: https://rudschool15.edu.kz/, Инстаграм әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар: https://www.instagram.com/rud15mektepkaz/ , сонымен қатар, Міржақып Дулатұлының шығармаларын насихаттау мақсатында ашылған парақша да бар: https://www.instagram.com/mirzhakypdulatov/ . Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сай мектептің электронды поштасы: priemnaya@rudschool15.edu.kz .
Мектепте BilimLand, OnlaineMektep платформасында 67 мұғалім, 996 оқушы, 39 сынып комплектісі бар, барлық аккаунттар белсендірілген.
Барлық мұғалімдерге BilimLand, OnlaineMektep аккаунттары берілді, жұмыс жасау нұсқаулықтарымен таныстырылды. Бұл платформалармен мұғалімдер де оқушылар да жұмыс жасай алады. Барлық пән мұғалімдері өз сабақтарында видео сабақтарды, зертханалық жұмыстарды қолдана біледі.
Мұғалімдер bilimland.kz сайтында жарияланған интерактивті сабақтар мен симуляторлар, виртуалды зертханалар мен жаттығулардың үлкен коллекцияларымен танысты. Ресурстық орталықтар, семинарлар, тренингтер, вебинарлар, мастер-кластар, «Жаңашыл педагог» конкурсы т.с. сияқты мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстар кең ауқымды таныстырылып ұсынылды. OnlaineMektep платформасы ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім»-2023 жыл республикалық байқауының 1-кезеңіне 14 мұғалім қатысып,оның 12-сі 2-кезеңге өтіп, серификатпен марапатталды.
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Кушманова Ж.А ерекше шығармашылығымен ерекшеленіп, арнайы грамотамен марапатталды.
Мұғалімдер қосымша iTest.kz, iMektep.kz, Twig-Bilim.kz, Kitap.kz. ресурстарынан толық ақпарат алды. BilimCenter цифрлық білім беру порталының Pisa тапсырмаларын 9-10 сынып оқушылары,Timms зерттеуі тапсырмаларын 4 пен 8 сынып оқушылары орындап, пән мұғалімдері әр сынып оқушыларымен кесте бойынша үздіксіз жұмыс жасап, диагоностикалау статистикасы шығарылып, сынып жетекшілеріне тансыстырылды. 4 пен 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Электрондық күнделік — бұл кез-келген оқуға байланысты ақпаратқа нақты уақыт режиміндегі қатынас. Күнделікке 954 оқушы, 75мұғалім, 971 ата-ана тіркеліп, барлығыда белсендірілген.
Kundelik.kz толтыру бойынша бақылауды жүргізуге арналған — «Белсенділік бақылауы» базасынан алынған деректерге сәйкес «Сандық мұғалім» көрсеткіші бойынша -97% сапаны көрсетіп, қала мектептерінің ішінде көш бастап тұр. Себебі 2022-2023 оқу жылында мектептің барлық мұғалімдері kundelik.kz ұйымдастырған «Цифрлық сауаттылық негіздері және ААЖ-да жұмыс істеу Kundelik.kz жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін» тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру онлайн-курстарынан өтті.
ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған мектеп ғимаратының бірінші қабатында 120 балаға арналған асхана орналасақан. Асханада білім алушылардың толыққанды тамақтануына барлық жағдай жасалған. (11-қосымша)
Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар. №P.20.X.KZ44VWF00003925. Берілген күні: 15.04.2019ж. Жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай деп танылған. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 76 тармақшасына сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға ыстық тамақ тамақтану режиміне сәйкес9:25-9:40 (2 үзіліс), 11:05-11:20 (4 үзіліс), екінші ауысым үшін 14:10-14:25 (2 үзіліс), 15:05-15:20 (3 үзіліс) беріледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін буфет өнімдерін сату үшін жағдайлар жасалған.
Жұқпалы ішек ауруларының алдын алу мақсатында тамақтануды ұйымдастыруға тек сертификатталған өнімдер қолданылады. Осы уақытқа дейін тағамнан улану оқиғалары тіркелмеген.
Эпидемиологиялық және гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етілген.
Тағамдар ас әзірлеу технологиясына сәйкес әзірленеді. Үнемі оқушыларды тамақтандырар алдында дайындалған тағамдардан сынама алынады. Алынған сынама бойынша бракераж журналында нәтижелері белгіленіп отырады. Медицина қызметкерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалған.
Ас блогы санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құралдармен жабдықталған.
Ас блогының әрбір қызметкерінде жұмыс істеуге рұқсат етілгендігі туралы медициналық кітапшалары бар.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес маусымдылықты ескере отырып, бірыңғай перспективалы екі апталық ас мәзірі негізінде нақты тамақтану рационы жасалған.
Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрінің2022 жылғы 17 ақпандағы№ ҚР ДСМ-16 бұйрығының №173 тармақшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ас блогының өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартылмаған.
Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрінің2022 жылғы 17 ақпандағы№ ҚР ДСМ-16 бұйрығының №177 тармақшасына сәйкес келетін тағамдарды пайдалануға тыйым салынған.
Мектебімізоқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды «ЭКОС» ӨБ ЖШС жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 10 қосымшасы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартына сәйкес тәрбиеленушілер мен оқушыларға тегін ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылан.
Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы
| 2020-2021 оқу жылы | ||||
| Мәртебесі | МДС | 1-4 сынып | 5-8 сынып | 9-11сынып |
| Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы | 0 | 5 | 7 | 3 |
| Көп балалы отбасы | 12 | 88 | 89 | 25 |
| Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, айлық табысы күн көру деңгейінен төмен отбасы | 0 | 0 | 0 | 0 |
| Мүгедек бала | 0 | 0 | 1 | 0 |
| Барлығы: 229 бала |
| 2021-2022 оқу жылы | |||||
| Мәртебесі | МАДС | 1-4 сынып | 5-8 сынып | 9-11сынып | «Балбөбек» ШО |
| Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы | 3 | 6 | 9 | 1 | 0 |
| Көп балалы отбасы | 12 | 97 | 98 | 21 | 8 |
| Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, айлық табысы күн көру деңгейінен төмен отбасы | 0 | 2 | 0 | 0 | 0 |
| Мүгедек бала | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| Барлығы: 257 бала |
| 2022-2023 оқу жылы | |||||
| Мәртебесі | МАДС | 1-4 сынып | 5-8 сынып | 9-11сынып | «Балбөбек» ШО |
| Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы | 0 | 8 | 15 | 2 | |
| Көп балалы отбасы | 18 | 96 | 93 | 20 | 6 |
| Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, айлық табысы күн көру деңгейінен төмен отбасы | 0 | 2 | 1 | 0 | 0 |
| Мүгедек бала | 0 | 0 | 1 | 0 | 0 |
| Қамқорлықтағы оқушы | 0 | 0 | 1 | 0 | 0 |
| Барлығы: 262бала |
| 2023-2024 оқу жылы | |||||
| Мәртебесі | МАДС | 1-4 сынып | 5-8 сынып | 9-11сынып | «Балбөбек» ШО |
| Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы | 0 | 16 | 11 | 4 | 0 |
| Көп балалы отбасы | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, айлық табысы күн көру деңгейінен төмен отбасы | 0 | 2 | 2 | 1 | 0 |
| Мүгедек бала | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
| Қамқорлықтағы оқушы | 0 | 0 | 0 | 1 | 0 |
| Барлығы: 37 бала |
Біржолғы тамақтанудың құны
| Оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | 2023-2024 оқу жылы |
| МАДС | 290 теңге | 349 теңге | 349 теңге |
| 1-4 сынып | 290 теңге | 349 теңге | Тегін |
| 5-8 сынып | 320 теңге | 385 теңге | 385 теңге |
| 9-11 сынып | 340 теңге | 409 теңге | 409 теңге |
| «Балбөбек» ШО | 290 теңге | 349 теңге | 349 теңге |
Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2023 жылғы 7 наурыздағы №9 хаттамалық шешіміне, облыстық мәслихаттың 07.06.2023 жылғы №25 (Облыстың 1 сыныптарын тегін тамақтандыру бойынша) және 11.08.2023 жылғы №41 (Облыстың 2-4 сыныптарын тегін тамақтандыру бойынша) шешімдеріне сәйкес 2023-2024 оқу жылының қыркүйек айынан бастап 1-4 сынып оқушылары бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтылды. Балаларды тамақтандыру құны азық-түлікке қойылатын талаптар мен бағалар мәзіріне сәйкес есептеледі, Рудный қаласы бойынша бекітілген ата-аналар төлемінің мөлшерінен аспайды.
Мектеп кітапханасы оқу-тәрбие процесін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін мектептің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кітапхана мектептің бірінші қабатында орналасқан. Кітапханда кітапханашылардың жұмыс орны және оқырмандарға арналған орындар бар:16 орындық оқу залы, ғаламтор пайдаланушылар үшін 1 компьютер, 7 нэтбук бар.оқулықтарды сақтау үшін жабдықталған кітап қоймасы бар.Кітапхананың оқу залы кітапхана абономентімен бірге орналасқан.Оқу залында маңызды ақпараттық хабарламаны қамтитын 5 көрме шкафы бар. Жарықтандыру санитарлық- гигиеналық талаптарға сай келеді.
Кітапхана мектеп директоры бекітілген белгілі жұмыс бойынша жұмыс жасайды.Кітапхана үшін жылдық жұмыс жоспары негізгі және міндеті болып табылады.Кітапхана мен кітапханашылар қызметі жұмыстың мазмұның анықтайтын нақты міндеттерге бағытталған.
Мектеп кітапханасының жылдық есебі-жоспарда тіркелген міндеттердің орындалуын бақылаудың.бақылау көрсеткіштеріне қол жеткізудің құжаттық ақпараты, жылдық есеп тұтастай кітапхананың және оның жеке бөліктерінің қызметін талдап,жетістіктер мен кемшіліктерді анықтауға септігін тигізеді.
Салыстырмалы кесте бойынша мектептегі кітапхана жұмысының негізгі жұмыс көрсеткіші
| № | Көрсеткіші | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 |
| 1 | Оқырмандар | 701 | 772 | 800 |
| 2 | Кітаптар беру | 16431 | 14900 | 15300 |
| 3 | Келу саны | 8456 | 10300 | 6800 |
| 4 | Оқылымы | 23 | 19 | 19 |
| 5 | Қамтылуы | 21 | 20 | 20 |
| 6 | Айналымы | 1,1 | 0,9 | 0,9 |
| 7 | Кітап қоры (негізгі) | 15380 | 16041 | 16125 |
| 8 | Кітап қоры (оқулық) | 22321 | 22923 | 19324 |
Былтырғы оқу жылымен бақылау көрсеткішін салыстырсақ оқырмандар саны өскені, келу саны өскені көрініп тұр.Кітап қорының санында да өзгешіліктер бар.Себебі былтырғы оқу жылында кітап беру санына оқулықтарды қостық.2022-2023 оқу жылында кітап беру санына оқулықтарды қосқан жоқпыз, сондықтан өзгерістер бар. Кітап қорының санында да өзгешіліктер бар.Себебі біз жыл сайын кітапхана қорынан мазмұны ескірген,бағдарламаға сәйкес келмейтін оқулықтарды жарамсыз ретінде белгілі бір тәртіппен шығарып отырамыз.Оқулықпен қамтамасыз ету жұмыстары біздің мектепте жылдан -жылға 1-11 сыныптар бойынша 100 пайыз қамтиды. (12-қосымша қоса беріледі.)
Қордан шығарылған оқулықтардың саны мен бағалары
| № | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | |||
| саны | бағасы | саны | бағасы | саны | бағасы | |
| 1 | 3341 | 3667458 | 91 | 37887 | 3643 | 4810908 |
Оқырмандарды қабылдау сапасы
| № | Оқу жылы | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 |
| 1 | Оқырмандар | 701 | 772 | 800 |
| 2 | 1 — 4 сынып | 375 | 323 | 322 |
| 3 | 5 — 8сынып | 170 | 244 | 232 |
| 4 | 9, 10 — 11 сынып | 78 | 112 | 134 |
| 5 | Мұғалімдер | 78 | 95 | 112 |
Барлық оқулықтар ҚР Білім және ғылым министірлігінің бекіткен тізіміне сай. Мектеп қорындағы оқулықтар 11-сыныптар -2020 жылғы басылым,4,9,10-сыныптар-2019 жылғы басылым, 3,6,8 –сыныптар- 2018 жылғы басылым,5,7-сыныптар- 2017 жылғы басылым,1-сыныптар 2021-жылғы,2- сыныптар 2022 жылғы басылыммен оқиды.Биылғы оқу жылында 1,2-сыныптар барлық пәндер бойынша 100% қоры әр төрт жыл сайын жаңарып отырады. Сыныптарға берілген оқулықтар тізімделіп,«Оқулық беруді тіркеу» журналына тіркеліп беріледі.Кітапхана меңгерушісі оқулықтар қорының сақталуы туралы педкеңестер мен директор жанындағы отырыстарда ,ата-аналар жиналысында сөз сөйлейді.
Мектеп кітапханасының негізгі қоры 16125 оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар 12137. Кітапхана қоры әмбебаб,көпсалалы болып келеді. Қор ББК бойынша салаланып,бастауыш сыныптар тақырып бойынша орналастырылған. Оқулықтар сыныптары бойынша қойылған.
Кітапханадағы кітап қорының салалық құрамы:жаратылыстану ғылымдары-10%, мәдениеттану ғылымдар 3-%, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар-15%, педагогикалық ғылымдар-8%,Тіл және әдебиет-14, көркем әдебиеттер –50%
Мектептің кітапханасының кітап қоры жан-жақты:оқырмандар үшін ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілген,тұлғаның рухани және мәдени дамуы үшін. Кітапхана оқу жылынан бастап 700 оқушыға,70-ке жуық мектеп ұжымына қызмет жасады.1сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін оқушылар оқулықпен қамтамасыз етілген. 1051 оқушының 100 пайызы оқулықпен қамтылған.. Жаңа бағдарлама бойынша былтыр 2 сыныптарға оқулықтар келіп түсті. Кітапхана қорына 1602 дана жаңа буын оқулықтары мен дана мұғалімдерге арналған әдістемелік кітаптар түсті.Соңғы екі жылда 1135 дана көркем әдебиетттер түсті.Бұл дегеніміз жақсы нәтиже.өткен оқу жылдарындағы түсу бойынша. Біздің мектеп кітапханасында 16125 дана көркем әдебиет бар. Мәселен өткен ғасырдың соныңдағы кітаптарға назар аударсақ, оның ішінде көркем-әдеби кітаптардың жиырма-отыз пайызы жарамсыз екендігі белгілі болды.
Көркем безендірілген қажетті энциклопедиялар,анықтамалық материалдар,танымал ғылыми әдістемелік әдебиеттер жинақталған.Жұмыстың әртүрлі формалары қолданылады:кітап көрмесі,кітапхана сабақтары,әңгімелер,кітап шолулары,тақырыптық стендтер,викториналар.Жұмыстар мұғалімдермен тығыз байланыста жүргізіледі,әр түрлі мектеп іс-шараларына дайындалуға,олимпиадаларға,ғылыми конференцияларға пәндік апталықтарға,ашық сабақтарға,семинарларға т.б.ғылыми жобаларды дайындауда үнемі көмек көрсетеді,Әрбір мектептің іс-шарасы үшін кітап көрмесі ұйымдастырылады және ұсынылған әдебиеттер тізімі жасалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық кеңесінің отырысында Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы басталып,мектеп әкімшілігімен бірлесіп іс-шаралар жобасы құрылып,іс-шаралар өткізілуде.
Тағы да тоқталып кететін жұмыстың бірі » Оқитын мектеп-Оқитын ұлт» атты акциясы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың бір түрі 20 минуттық кітап оқу жобасы.Бұл жоба бойынша оқу жылынан бастап барлық сыныптарда жұмыс жүргізіліп жатыр.Қазіргі танда 80 пайыз оқушылар кітапханаға оқырмандар ретінде жазылып,өздеріне ұнаған,қызығушылық тудыратын көркем әдебиетпен қамтылған.Жаңа кітаптардың арасында оқырмандардың көңіліне шыққан кітаптар бар,солардың ішінде «Тентек балақайдың күнделігі»,»Таң шапағаты» «Дәни -әлем чемпионы»,»Арман керек адамға»,»Чарли және шоколад фабрикасы»,»Дәуіт атайдың ертегілері», «Оң қол» т.б. 20 минуттық оқу жұмысын жандандыру үшін «Коворкинг»аланың ашу,қазіргі заманға сай аланды жабдықтау, кез келген оқырман өзінің сүйікті ісімен айналасуына шахмат,дойбы,ойнауға,жаңа келіп түскен кітаптарды оқуға зор мүмкіндік туғызады. Сол үшін мектептің даму жоспарына енгізіп,алдағы уақытта ,осы алаңда жұмыс жасаймыз деген ойдамыз.
Мектеп кітапханасында ай сайын жоспарлы түрле іс-шара өткізіліп тұрады.
Қыркүйек айында «Мұхтар мұрасы» атты іс-шараға көрме, буктрейлер сайысы ұйымдастырылған болатын қалалық оқу бөлімінен, сол сайыста буктрейлер 2-ші орынды иеленді.
Республика күніне «Менің Отаным Қазақстан» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге барлық оқушылар қатысты.
Роза Бағланованың 100 жылдығына көрме байқауы ұйымдастырылып бастауыш сынып оқушыларын өмір баянымен таныстырдық.
Қараша айында мектебімізде қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының мүшесі, жазушы, публицист М.Дулатовтың есімін беру туралы салтанатты кездесу және іс-шаралар өтті. Іс-шарада «Алаштың арыс ұлы Міржақып»атты кітап көрмесі болды. Кітап көрмесінің бір ерекшелігі: «Мектепке сыйлық»ретінде журналист, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Міржақыптанушы, зерттеуші Қайсар Әлім өзінің жеке шығармаларынан 28 дана кітаптар сыйлыққа тарту етті. №7 Б.Майлин атындағы мектеп гимназиясының директоры Бірманова Қымбат Исланбекқызы да өзінің жеке кітапханасынан М.Дулатовқа арналған кітаптарын сыйлады. Жылдан жылға мектеп кітапханасының кітап қоры толықтырылғанына өте қуаныштымыз.
«Өрлеу»БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру институты филиалының директоры Слесарь М.В біздің мектеппен ынтымақтастық аясында меморандумға қол қою барысында жұмыс барысымен келді.Мектеп кітапхансының «Оқитын мектеп-оқитын ұлт «жобасының аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысты. 8″ә»сынып оқушылары :Бекназарова Н, Сланова Ж, Ахметбекова А, Санакулова Ұ, «Менің сүйікті кітаптарым» туралы өздерінің оқыған шығармаларымен бөлісіп, өлең шумақтарын айтып берді, және қойылған сұрақтарға жауап берді.
Біздің мектепте оқу жылынан бастап әр сейсенбі сайын 10 минуттық кітап оқу жобасының жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 772 оқырман, кітап беру саны 14900, бұл дегеніміз жақсы көрсеткіш. Оқушылар әр сейсенбі сайын сыныптарында кітап оқиды және ұнаған кітаптарын үйлеріне жаздыртып алады.
Қазіргі уақытта мектеп кітапханасының қорында 35449 дана кітап бар.Оның 19324 данасы оқулық,16125 данасы көркем әдебиеттер,кітапхана сөресіндегі барлық кітаптар ББК бойынша орналасқан.Оқу залы мен абономент бірге қазіргі заманға сай жаңа технологиялық стендтермен безендірілген.Мектеп кітапханасы оқырманның сұраныстарын толық қанағаттандыра алады.Кітап қорында жоқ материалдарды қосымша іздену мақсатында кітапхана интернет желісіне қосылған.Электронды ақпараттану қарқынды дамыған кезеңде, кітап қоры электронды оқулықтарымен толықтырылып отырылады.Электронды оқулықтарды әр мұғалім сабаққа пайдалана алады.
Кітап көрмесі-барлық типті кітапханалардың күнделікті атрибуттарының бірі.Оқырманмен тек қана сөйлесу арқылы ғана емес,көрме арқылы да қарым-қатынас жасауға болады.көрме кітапханашылардың басқа адамдармен араласуына ықпал етеді
Кітапхана қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі маңызды бөлігі оның сақталуын қаматамасыз ету болып табылады.Қордың сақталуын қамтамасыз ету-құжаттың кітапханаға түсу сәтінен басталып,бүкіл сақтау және пайдалану кезеңінде үнемі жалғасып отыратын бірыңғай және үздіксіз жұмыс. Оқу жылы бойына рейдтер өткізу арқылы мұғалімдермен бірлесіп оқулықтардың қолданылуы мен сақталуына жұмыс жасаймыз. «Кітапты қастерлейік» атты мектепшілік акция ұйымдастырып,сынып бойынша рейд жасаймыз,оқулықтарын жыл бойы таза ұстаған оқушылардың оқулықтарын «Сіздерге рахмет»атты көрмеге қоямыз.
13. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім алушыларының оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:
Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартында:
40.Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 29 сағаттан аспайды» делінген.
54. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан аспауы тиіс.
48. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта аптасына 39 сағаттан аспайды.
28. Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 27 сағаттан аспайды
40. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 29 сағаттан, 6-сыныпта – 30 сағаттан, 7-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 34 сағаттан, 9-сыныпта – 35 сағаттан аспауы тиіс.
Оқу жылында 1-сыныпта – 19,5, 2-сыныпта – 24, 3-сыныпта – 25, 4-сыныпта – 26 сағатты құрайды. 5-сыныпта – 28,5, 6-сыныпта – 28,5, 7-сыныпта – 31,5, 8-сыныпта – 32,5, 9-сыныпта – 34, 10- сыныпта – 35,11-сыныпта – 35 сағат оқу жүктемесін құрайды. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар МЖМБС 3 тарауының 28,40,30 тармақтарына сай келеді.
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы ( өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441, 2021 жылғы 20 тамыздағы №415, 2022 жылғы 12 тамыздағы №365) негізінде үлгілік оқу жоспарлары бекітілді. Оқу жұмыс жоспарында инвариантты және вариативті сағаттар көлемі сақталған.
2022-2023 оқу жылында 1-сыныптарда инвариантты оқу жүктемесі -18,5 сағатты құрады. 2-сыныптарда инвариантты оқу жүктемесі -23, 3-сыныпта -25, 4-сыныпта -25 сағатты құрады. Вариативті сағат 1-4 сыныптарда 1 сағатты құрайды.
5-сыныптарда инвариантты оқу жүктемесі -28, 6-сыныпта – 28, 7-сыныпта – 31, 8-сыныпта – 32, 9-сыныпта – 33 сағатты құрайды. Вариативті сағат жүктемесі (жаһандық құзыреттілік курсы) 5—8 сағаттарда 0,5, 9-сыныпта 1 сағатты құрайды. 10,11-сыныптарда инвариантты оқу жүктемесі -32 сағат, вариативті оқу жүктемесі-3 сағаттан құрайды.
2022-2023 оқу жылы. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар болған кезде жүзеге асырылады:
- -шет тілі(ағылшын тілі)
- -цифрлық сауаттылық (1 сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады. Орыс тілі пәнінен 1-4 сыныптарда топқа бөлу жүргізілді.
Сынып комплектілері толық, тек қана 3 «В» сыныбында бала саны 24-тен кем болуына байланысты топқа бөлу жүргізілмеді.
2022-2023ж «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 43 тармақшасына сәйкес төмендегі пәндер бойынша 24 немесе одан көп болған жағдайда топтарға бөлу жүзеге асырылды.
- Шетел тілі «ағылшын),
- Көркем еңбек,
- Информатика
Мектеп ұжымының кадрлық құрамына байланысты орыс тілі мен әдебиеті пәнінен топтарға бөлу 5,6 сыныптарда жүзеге асырылды.
Жоғары сыныптарда оқушы саны 24 немесе одан көп болған жағдайда, топтарға бөлу ҚР МЖБС бөлімінің 33-тармағы негізінде орындалды.
- Шетел тілі (ағылшын),
- Информатика
Мектеп ұжымының кадрлық құрамына байланысты, әрі орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жоғары сыныптарда білім сапасының жақсы деңгейі тұрақты болғандықтан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен топтарға бөлу болған жоқ.
14. Білім алушылардың дайындық деңгейіне өлшемшарттар:
Мектепте жұмыс жоспарына сәйкес барлық пәннен білім беру жүзеге асырылды. Пәндер бойынша білім сапасы көрсеткіштері:
| № | пәндер | 2020-2021 | 2021-2022 | 2022-2023 | ||||||
| барлығы | сапа | үлгерім | барлығы | сапа | үлгерім | барлығы | сапа | үлгерім | ||
| 1 | қазақ тілі | 865 | 70,1 | 100 | 845 | 63,4 | 100 | 894 | 66,6 | 100 |
| 2 | қазақ әдебиеті | 865 | 69 | 100 | 845 | 66,2 | 100 | 894 | 68,8 | 100 |
| 3 | орыс тілі мен әдебиеті | 865 | 71,6 | 845 | 68,9 | 100 | 894 | 75,1 | 100 | |
| 4 | ағылшын тілі | 865 | 66,6 | 100 | 845 | 63,2 | 100 | 894 | 60,9 | 100 |
| 5 | алгебра | 370 | 60,3 | 100 | 357 | 51,8 | 100 | 366 | 58,5 | 100 |
| 6 | геометрия | 370 | 58,1 | 100 | 357 | 49,9 | 100 | 366 | 60,4 | 100 |
| 7 | математика | 495 | 65,9 | 100 | 488 | 67 | 100 | 528 | 65,7 | 100 |
| 8 | информатика | 575 | 71,7 | 100 | 557 | 74,7 | 100 | 582 | 77,8 | 100 |
| 9 | жаратылыстану | 495 | 78,2 | 100 | 488 | 73,6 | 100 | 528 | 78,2 | 100 |
| 10 | дүниетану | 290 | 78,6 | 100 | 288 | 79,2 | 100 | 312 | 76,3 | 100 |
| 11 | география | 319 | 75,9 | 100 | 357 | 77,6 | 100 | 366 | 74,6 | 100 |
| 12 | биология | 349 | 74,5 | 100 | 357 | 65,5 | 100 | 366 | 64,8 | 100 |
| 13 | физика | 319 | 64,6 | 100 | 357 | 59,1 | 100 | 366 | 68 | 100 |
| 14 | химия | 349 | 66,5 | 100 | 357 | 61,6 | 100 | 366 | 58,5 | 100 |
| 15 | дүниежүзі тарихы | 530 | 68,9 | 100 | 557 | 73,4 | 100 | 582 | 73,7 | 100 |
| 16 | Қазақстан тарихы | 575 | 67,1 | 100 | 557 | 66,6 | 100 | 582 | 68 | 100 |
| 17 | құқық негіздері | 155 | 84,5 | 100 | 148 | 91,2 | 100 | 154 | 85,1 | 100 |
Мектепте пәндер бойынша 50% жоғары сапаны көрсетіп отыр.
4-сыныптардың пәндер бойынша білім сапасы
| № | пәндер | 2020-2021 | 2021-2022 | 2022-2023 | ||||||
| барлығы | сапа | үлгерім | барлығы | сапа | үлгерім | барлығы | сапа | үлгерім | ||
| 1 | қазақ тілі | 97 | 68 | 100 | 98 | 56,1 | 100 | 106 | 65,1 | 100 |
| 2 | әдебиеттік оқу | 97 | 74,2 | 100 | 98 | 65,3 | 100 | 106 | 69,8 | 100 |
| 3 | орыс тілі | 97 | 67 | 100 | 98 | 70,4 | 100 | 106 | 66 | 100 |
| 4 | ағылшын тілі | 97 | 70 | 100 | 98 | 61,2 | 100 | 106 | 61,3 | 100 |
| 5 | математика | 97 | 63,9 | 100 | 98 | 57,1 | 100 | 106 | 66 | 100 |
| 6 | дүниетану | 97 | 77 | 100 | 98 | 79,6 | 100 | 106 | 69,8 | 100 |
| 7 | жаратылыстану | 97 | 76,3 | 100 | 98 | 66,3 | 100 | 106 | 74,5 | 100 |
9-сыныптардың пәндер бойынша білім сапасы
| № | пәндер | 2020-2021 | 2021-2022 | 2022-2023 | ||||||
| барлығы | сапа | үлгерім | барлығы | сапа | үлгерім | барлығы | сапа | үлгерім | ||
| 1 | қазақ тілі | 102 | 76,5 | 100 | 98 | 49 | 100 | 100 | 69 | 100 |
| 2 | қазақ әдебиеті | 102 | 71,6 | 100 | 98 | 56,1 | 100 | 100 | 73 | 100 |
| 3 | орыс тілі мен әдебиеті | 102 | 65,7 | 100 | 98 | 75,5 | 100 | 100 | 89 | 100 |
| 4 | ағылшын тілі | 102 | 64,7 | 100 | 98 | 62,2 | 100 | 100 | 63 | 100 |
| 5 | алгебра | 102 | 60,8 | 100 | 98 | 57,1 | 100 | 100 | 62 | 100 |
| 6 | геометрия | 102 | 56,9 | 100 | 98 | 52 | 100 | 100 | 60 | 100 |
| 7 | информатика | 102 | 78,4 | 100 | 98 | 73,5 | 100 | 100 | 77 | 100 |
| 8 | география | 102 | 72,5 | 100 | 98 | 77,6 | 100 | 100 | 85 | 100 |
| 9 | биология | 102 | 78,4 | 100 | 98 | 58,2 | 100 | 100 | 67 | 100 |
| 10 | физика | 102 | 63,7 | 100 | 98 | 64,3 | 100 | 100 | 69 | 100 |
| 11 | химия | 102 | 63,7 | 100 | 98 | 58,2 | 100 | 100 | 59 | 100 |
| 12 | дүниежүзі тарихы | 102 | 64,7 | 100 | 98 | 79,6 | 100 | 100 | 83 | 100 |
| 13 | Қазақстан тарихы | 102 | 72,5 | 100 | 98 | 62,2 | 100 | 100 | 72 | 100 |
| 14 | құқық негіздері | 102 | 80,4 | 100 | 98 | 90,8 | 100 | 100 | 84 | 100 |
11-сыныптардың пәндер бойынша білім сапасы
| № | пәндер | 2020-2021 | 2021-2022 | 2022-2023 | ||||||
| барлығы | сапа | үлгерім | барлығы | сапа | үлгерім | барлығы | сапа | үлгерім | ||
| 1 | қазақ тілі | 45 | 73,3 | 100 | 24 | 91,7 | 100 | 26 | 100 | 100 |
| 2 | қазақ әдебиеті | 45 | 71,1 | 100 | 24 | 83,3 | 100 | 26 | 96,2 | 100 |
| 3 | орыс тілі мен әдебиеті | 45 | 91,1 | 100 | 24 | 87,5 | 100 | 26 | 100 | 100 |
| 4 | ағылшын тілі | 45 | 97,8 | 100 | 24 | 83,3 | 100 | 26 | 76,9 | 100 |
| 5 | алгебра | 45 | 64,4 | 100 | 24 | 62,5 | 100 | 26 | 73,1 | 100 |
| 6 | геометрия | 45 | 62,2 | 100 | 24 | 54,2 | 100 | 26 | 76,9 | 100 |
| 7 | информатика | 45 | 86,7 | 100 | 24 | 91,7 | 100 | 26 | 96,2 | 100 |
| 8 | география | 45 | 76,2 | 100 | 24 | 76,2 | 100 | 26 | 84,6 | 100 |
| 9 | биология | 45 | 95,8 | 100 | 24 | 70,8 | 100 | 26 | 88,5 | 100 |
| 10 | физика | 45 | 81 | 100 | 24 | 81 | 100 | 26 | 88,5 | 100 |
| 11 | химия | 45 | 87,5 | 100 | 24 | 75 | 100 | 26 | 76,9 | 100 |
| 12 | дүниежүзі тарихы | 0 | 0 | 0 | 24 | 83,3 | 100 | 26 | 88,5 | 100 |
| 13 | Қазақстан тарихы | 45 | 75,6 | 100 | 24 | 70,8 | 100 | 26 | 84,6 | 100 |
| 14 | құқық негіздері | 45 | 96,2 | 100 | 24 | 96,2 | 100 | 26 | 92,3 | 100 |
Көркем еңбек, дене шынықтыру, музыка, алғашқы әскери-технологиялық дайындық пәндерінен оқушылардың білім жетістіктері «есептелінді» белгісімен 100% үлгірім көрсетті. Соңғы 2 жылдағы білім сапасы 2021-2022 оқу жылы – 47,6%, 2022-2023- 52,9%. Динамика +5,6 өсті. Мектепте үлгермеуші оқушылар жоқ. Білім сапасы тоқсан сайын педагогикалық кеңесте қорытындыланып, әдістемелік бірлестік отырыстарында да талданып отырады. Білім сапасын арттыру мәселелері мектепішілік бақылау жоспары арқылы жүзеге асырылып отырады
Білім алушылардың мемлекеттік аттестаттау қорытындылары
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдар үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес 9 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау келесі форматта өтті:
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгерген 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау:
2022-2023 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау емтихандарының өту серзімі мен нысандары:
1) Қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан (эссе) — 02 маусым 2023 жылы;
2) Математика (Алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау) – 06 маусым 2023 жыл;
3) Орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан -09 маусым 2023 жылы
4) таңдау пәндері: Қазақстан тарихы, физика, биология, география пәндерінен – 13 маусым 2023 жылы өткізілді.
2022-2023 оқу жылында 9 сыныпты 100, 11-сыныпта 26 білім алушы түлек аяқтады.
| № | пән атауы | Барлық оқушы | қатысқаны | «5» | «4» | «3» | «2» | % сапа | % үлгерім |
| 1 | Қазақ тілі | 100 | 100 | 17 | 47 | 36 | 0 | 64 | 100 |
| 2 | Алгебра | 100 | 100 | 14 | 49 | 37 | 0 | 63 | 100 |
| 3 | Орыс тілі мен әдебиеті | 100 | 100 | 24 | 58 | 18 | 0 | 82 | 100 |
| 4 | География | 100 | 25 | 3 | 14 | 8 | 0 | 68 | 100 |
| 5 | Биология | 100 | 25 | 4 | 12 | 9 | 0 | 64 | 100 |
| 6 | Қазақстан тарихы | 100 | 25 | 0 | 13 | 12 | 0 | 52 | 100 |
| 7 | физика | 100 | 25 | 7 | 11 | 7 | 0 | 72 | 100 |
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгерген 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мерзімдері:
1) қазақ тілінен жазбаша емтихан-2023 жылғы 05маусым;
2) алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) — 2023 жылғы 08 маусым;
3) Қазақстан тарихы бойынша (ауызша) -2023 жылғы 12 маусым;
4) орыс тілі және әдебиеті бойынша (жазбаша) — 2023 жылғы 15 маусым
5) таңдау пәндерінен жазбаша (биология, дүниежүхі тарихы, география) — 2023 жылғы 19 маусым
| № | пән атауы | Барлық оқушы | қатысқаны | «5» | «4» | «3» | «2» | % сапа | % үлгерім |
| 1 | Қазақ тілі | 26 | 26 | 3 | 15 | 8 | 0 | 69,2 | 100 |
| 2 | Алгебра | 26 | 26 | 6 | 15 | 5 | 0 | 80,7 | |
| 3 | Орыс тілі мен әдебиеті | 26 | 26 | 8 | 18 | 0 | 0 | 100 | 100 |
| 4 | Қазақстан тарихы | 26 | 26 | 10 | 11 | 5 | 0 | 80,7 | 100 |
| 5 | География | 10 | 10 | 1 | 9 | 0 | 0 | 100 | 100 |
| 6 | Биология | 9 | 9 | 1 | 5 | 3 | 0 | 100 | |
| 7 | дүниежүзі тарихы | 7 | 7 | 1 | 6 | 0 | 0 | 100 | 100 |
Пәндердің жылдық қорытынды бағасы мен емтихан бағаларын салыстыра отырып, емтихан бағаларының сапасы өскенін көре аламыз. 125 бұйрықтын
Пәндердің қорытынды бағалары бойынша барлық пәндерден сапа тұрақты, тек қана Қазақстан тарихы пәнінен +1 оқушыға білім сапасы динаммикасы артты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптары туралы.Білім алушылардың тілдік емес пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары оқу материалын меңгерудің деңгейлерін бағалауға негізделген:
1) білу, 2) түсіну; 3) қолдану; 4) талдау;5) жинақтау; 6) бағалау.
Білім алушылардың тілдік пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары оқу материалын меңгерудің деңгейлерін бағалауға негізделген:
1) тыңдалым; 2) айтылым; 3) оқылым; 4) жазылым.
Бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі. Бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болады.
Мектепте білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі.
Мектепте оқу жетістігін бағалау 2022-2023 оқу жылдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығын негізге ала отырып жүргізіледі.ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03. 2008 ж № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар 28.08.2020 жылғы №373 бұйрығы негізінде 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды. 2-11 сынып аралығында жиынтық және формативті бағалау ережеге сай жүргізіліп отырады.
Әр тоқсан басында тоқсандық, бөлімдік жиынтық бағалау іс-шарасына барлық пәндер бойынша күнтізбелік жоспарды негізге ала отырып арнайы кесте құрылады. Мектеп басшысымен бекітіледі, ұжымға таныстырылады.
Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізілмейді. Сонымен қатар ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығының 22 ші пункітіне сай даулы мәселелер туындаған жағдайда білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін ТЖБ бағасы қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізіледі.Мұндай жағдайлар осы оқу жылдарында болған жоқ.
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.
ТЖБ өткізер алдында педагогтердің әдістемелік бірлестігінің отырысында тапсырмалардың оқу мақсаттарына сәйкестігін, тапсырмалар көлемін, тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды, орындау уақытын талқылайды. Тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау сөйлеу қызметінің төрт түрі тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша жүргізіледі. Тыңдалым және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жартыжылдыққа баға формативті бағалау және БЖБ нәтижесі бойынша қойылады.
Оқушылардың БЖБ,ТЖБ жұмыстарын ережеге сай мұғалімдер мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақтайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 Бұйрығына 1-қосымшада жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтер бөлімінде көрсетілгендей тоқсан соңында әр мұғалім тарапынан өз пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың (ТЖБ) сараптамасын жазады.
Мектепте білім алушылардың білімін бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру және формативті және жиынтық бағалау талаптарын сақталады. Білім алушылардың білімін бағалауға,талапқа сай қорытынды шығаруға ерекше көңіл бөлінеді және әр пән мұғалімінен талап етіледі. Оқушының сыныптағы күнделікті оқу үлгерімін, сабаққа қатысуы мен үй тапсырмасын орындауына формативті бағалау талапқа сай жүргізіліп, электронды журналға түсіріліп отырады.
2-4 сыныптарда көбіне 6-10 балл аралығында формативті бағалау қойылған.Бұл оқу тапсырмаларының 60 -100 % дейін орындайтынын, сабақта белсенді, өз жауаптарын негіздей алатынын көрсетеді.
5-8 сыныптарда көбіне 5-10 балл аралығында формативті бағалау қойылған. Бұл оқу тапсырмаларының 50 -100 % дейін орындайтынын, мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытатынын байқатады.
Электронды күнделікте барлық пәндер бойынша Бөлім бойынша жиынтық бағалау мен Тоқсандық жиынтық бағалау баллдары сәйкес келеді.
3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;
ПМПК ұсынысы бойынша жеке көзқараспен жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы бойынша оқуды қажет ететін оқушыларға көп көңіл бөлінеді. Мұндай балалардың саны жыл сайын артып келеді.
2021-2022 оқу жылында ПМПК ұсынысы бойынша жеке әдіспен жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы бойынша оқуға мұқтаж оқушылар саны- 15.
2022-2023 жылғы қыркүйекте осындай балалар -18.
Баланың оңтайлы дамуы үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатында осы оқушылармен оқу жылы бойына оларға психологиялық қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі, психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізіледі. Педагог-психолог психологиялық оңалту әдістерін және әртүрлі әдістемелерді қолданады, оқушылармен әңгімелесу, жеке психологиялық кеңестер, тренинг жаттығуларын жүргізеді. Мұғалімдер және ата-аналармен ұйымдастырылған жұмыс. «Инклюзивтік білім берудің құндылығы мен қағидаларын қоғам деңгейінде түсіндіріп тарату» мұғалімдер мен ата –аналарға арналған ұсыныс беріліп буклеттер таратылады.
Педагог-психолог ата-аналарды мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеудегі отбасының мүмкіндіктерімен таныстырады.
Осы санаттағы балаларға түзеу қолдау жұмыстары көрсетіледі. Әрбір оқушыға психологиялық-педагогикалық карта толтырылады, жеке жұмыс жоспары жасалады, психологиялық диагностиканың нәтижелері, мұғалімдер мен ата-аналарға ұсыныстар жасалады.
Пән мұғалімдері оқушылармен жұмыс істеуге арналған Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕҚБ) бар балаларға жеке папкаларды жүргізеді, онда балаларға арналған мінездемелері, ұсыныстары бар ПМПК қортындылары, ата-аналарға кеңес, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ тақырыбына сәйкес тапсырмалар , оқушының оқу деңгейіне бағытталған түрлі әзірлемелермен жасақталған.
Қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім беру ұйымдарының нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайларды, соның ішінде мүгедектерді шақыру түймесі мен лифтті жасады. Баспалдақтағы бірінші және соңғы сатылардың қарама-қарсы түсі бар подъезде және кіреберіс алаңында сырғанамайтын жабын бар, баспалдақта рельефті (тактильді) жолақ бар, қажетті жазулар бар, оның ішінде тұтқалардағы жапсырмалар бар. Брайль шрифтімен, тактильді ПВХ плиткалары, Брайль алфавиттік ретімен тактильді тақталар жинағы. Тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған балаларға арналған ванна бөлмесіндегі раковина мен дәретхана жабдықталды, кабинеттерге, оқу кабинеттеріне, кітапханаға кіретін есіктер кеңейтілді.
15. Оқу мерзіміне өлшемшарттар:
1)тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ білім алушыларының 3 жылдық жалпы саны:
| сыныптар | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | ||||||
| барлығы/қызы | сынып жиынтығы | сынып толымдылығы | барлығы/қызы | сынып жиынтығы | сынып толымдылығы | барлығы/қызы | сынып жиынтығы | сынып толымдылығы | |
| 1 | 111/50 | 4 | 27,7 | 102/57 | 4 | 25,5 | 104/58 | 4 | 26 |
| 2 | 89/44 | 4 | 22,5 | 111/52 | 4 | 27,7 | 98/54 | 4 | 24,5 |
| 3 | 99/50 | 4 | 24,7 | 95/48 | 4 | 23,7 | 109/48 | 4 | 27,2 |
| 4 | 95/44 | 4 | 23,7 | 108/54 | 4 | 27 | 98/47 | 4 | 24,5 |
| 1-4 | 394/198 | 16 | 24,6 | 416/211 | 16 | 26 | 409/207 | 16 | 25,5 |
| 5 | 100/52 | 4 | 25 | 111/61 | 4 | 27,7 | 131/69 | 5 | 26,2 |
| 6 | 100/49 | 4 | 25 | 105/54 | 4 | 26,2 | 110/60 | 4 | 27,5 |
| 7 | 96/55 | 4 | 24 | 103/47 | 4 | 25,7 | 111/57 | 4 | 27,7 |
| 8 | 108/63 | 4 | 27 | 108/64 | 4 | 27 | 108/49 | 4 | 27 |
| 9 | 100/57 | 4 | 25 | 101/56 | 4 | 25,2 | 112/68 | 4 | 28 |
| 5-9 | 506/282 | 20 | 25,3 | 528/282 | 20 | 26,4 | 572/303 | 21 | 27,2 |
| 10 | 26/21 | 1 | 26 | 27/19 | 1 | 27 | 25/19 | 1 | 25 |
| 11 | 26/19 | 1 | 26 | 26/21 | 1 | 26 | 28/19 | 1 | 28 |
| 10-11 | 52/40 | 2 | 26 | 53/40 | 2 | 26,5 | 53/38 | 2 | 26,2 |
| 952/520 | 38 | 25 | 997/533 | 38 | 26,2 | 1034/548 | 39 | 26,5 |
2022-2023 оқу жылының басында-997 білім алушы:
1-4 сыныптар -416, оның ішінде 211 қыз; 5-9 сыныптар – 528, оның ішінде 282 қыз; 10-11 сыныптар -53, оның ішінде 40 қыз.
Оқу деңгейлері бойынша сыныптардың орташа толымдылығы: 1-4 сыныптар-26; 5-9 сыныптар-26,4; 10-11 сыныптар-26,5
Сыныптар оқу деңгейлері бойынша жиынтықтар: 1-4-сыныптар 16 сыныптар-жиынтықтар; 5-9 сынып -21 сынып-жиынтықтар; 10-11 сыныптар – 2 сынып-жиынтықтар
Жалпы мектеп бойынша 39 -сынып-жиынтық. Оқушылардың жалпы саны 997 болса, сыныптың орташа толымдылығы 25,5 құрайды.
Мектептегі сабақтар екі ауысымда өткізіледі:
Бірінші ауысымда мен 574 білім алушы (22 сынып-жиынтық), оның ішінде: бастауыш білім — 1,4 сынып – 210 білім алушы( 8 сынып-жиынтық); негізгі орта білім – 7,8,9 сынып-364 білім алушы( 12 сынып-жиынтық); жалпы орта білім -10 — 11 сынып-53 оқушы (2 сынып-жиынтық).
Екінші ауысымда 423 білім алушы оқиды (17 сынып-жиынтық), оның ішінде: бастауыш білім 2,3 сынып -206 білім алушының (8 сынып-жиынтық); негізгі орта білім 5,6 сыныбы -217 білім алушының (9 сынып-жиынтық).
Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мынадай оқыту кезеңдері мен мерзімдері айқындалған:
1) бастауыш білім, 1-4 сынып (оқу мерзімі 4 жыл);
2) негізгі орта білім, 5-9 сынып (оқу мерзімі 5 жыл);
3) жалпы орта білім, 10-11 сынып (оқу мерзімі 2 жыл).
2)сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.
2022-2023 оқу жылы мерзімдері:
«Жалпы орта білім және негізгі орта, бастауыш білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қостанай облысы әкімдігі басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімі» ММ 2022 жылғы 24 тамыздағы №555 бұйрығы (сонымен қатар, ҚР Білім және министрінің 03.08.2022ж №348) негізінде оқу жылы ұйымдастырылды.
Оқу жылының ұзақтығы:1-сыныптарда – 35 апта, 2-11(12)- сыныптарда – 36 оқу аптасы
Каникул кезеңдері:
1-11 сыныптарда күзгі –7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз қоса алғанда); 1-сыныптардағы қосымша демалыс: 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпанды қоса алғанда).






