

Жаңа оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10 қосымшасы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсететін қағидаларына №64 қаулыға сәйкес әлеуметтік мәртебеге ие 152 оқушы мен тәрбиеленушілер тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.



Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2023 жылғы 7 наурыздағы №9 хаттамалық шешіміне, облыстық мәслихаттың 07.06.2023 жылғы №25 (Облыстың 1 сыныптарын тегін тамақтандыру бойынша) және 11.08.2023 жылғы №41 (Облыстың 2-4 сыныптарын тегін тамақтандыру бойынша) шешімдеріне сәйкес облыс әкімдеріне 2023-2024 оқу жылының басынан бастап облыс мектептерінің 1-4 сынып оқушыларын бір реттік тегін тамақпен қамтамасыз ету тапсырылған. Жоғарыда аталған негіздемеге сүйене отырып 2024-2025 оқу жылының 2 қыркүйегінен бастап 1-4 сынып оқушылары бір реттік тамақпен қамтылатылуда. 1 сынып бойынша – 95 оқушы, 2 сынып бойынша – 110 оқушы, 3 сынып бойынша – 99 оқушы, 4 сынып бойынша – 109 оқушы. Барлығы 413 оқушы.






