Бастауыш сынып бірлестігінің мүшелері Молдрахметова К.Б., Салтенова Н.С., Оспанова С.А. білім жетілдіру курсынан алған тәжірибелерімен бөлісу мақсатында “Бастауыш сыныпта құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындатудың тиімді жолдары” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп алды даярлық тәрбиешілері арасында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып барысында құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар ұсынылып оқушының бойында білім, білік ,іскерлік дағдысын қалыптастыру жолдары практикалық жолмен көрсетілді. Шебер-сынып барысында жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылды, кері байланыс кезінде мұғалімдер ризашылықтарын білдірді.