Бастауыш сынып бірлестігінің ашық сабақтары





» Математика пәнінен 1 Б сыныбында «Есеп шығару» тақырыбында саяхат сабақ өткізілді. Ахметова ГД
0″А» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізілді Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақ ойын түрінде өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сынып тәрбиешісі Кушманова Ж.А
2 «А» сыныбында математика пәнінен «Көбейту амалының компоненттері» тақырыбында зерттеу сабығы өткізілді.Сабақта жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс-тәсілдер қолданылды.Сынып оқушылары әр тапсырманы мұқият орындап, белсенділік танытты.Сынып жетекшісі Абдирова А.Т
Цифрлық сауаттылық пәні мұғалімі Есетова Б.М 4 сыныптар арасында «Scratch бағдарламасында Бауырсақ ертегісін жасау тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Scratch бағдарламасында мультфильм жасай отырып оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру.
Іс-шара барысында «Ашық сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып,жұмыстың міндеттерімен таныстырып өтті,және оқушыларға бағалау ретінде «Тәтті кәмпиттер» таратылды. Кері байланыс ретінде QR код пайдаланды.
3″Ә» сыныбында математика пәнінен «Текше» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсатына жету барысында практикалық жұмыстар,ойлау қабілеттерін арттыруға арналған қызықты тапсырмалар,деңгейлік тапсырма орындап,оқушылар сабаққа белсене қатыса білді.
Сынып жетекшісі: Ж.Д.Шагаева






