2023 жылдың 6-7 наурызында Қостанай қаласында «Асық ату» және «Бес асық» облыстық ұлттық мектеп лигасы өтті. Біздің мектептің атынан қатысқан 18 оқушының , 12-і оқушысы «ЧЕМПИОН» атағына ие болды. Сонымен қатар жалпы командалық есепте 5-6 сынып оқушылары ұлдар-1 орын, 7-8 сыныптар ұлдар -1 орын, 9-11 сыныптар ұлдар -1 орын, 9-11 сыныптар қыз балалар-1 орын… Оқушыларымыз республикалық мектеп лигасына жолдама алды. Жетекшілері: Ғ.С.Бектенов және О.К.Кожахметов . Құттықтаймыз!