Ашық есік күні

Мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтасты нығайту, ата-аналарға жаңартылған білім мазмұнының тиімділігін түсіндіру мақсатында мектебімізде 13-қаңтар күні 1-11 сынып ата-аналары үшін «Ашық есік күні» өтті. Балаларының мектептегі өмірімен жақынырақ танысуға ата-аналар қызығушылық танытты. Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме. Мектептегі баласының бір күндік өмірімен танысу, ата-аналардың ең басты мақсаты болды. Ашық есік күні барысында әрбір ата- ана қызықтырған сұрақтары бойынша қажетті мамандарға жолығып, пікірлері мен ұсыныстары тыңдалынды. Мектеп-халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін, жас жеткіншектер бойына сіңіретін орта. Ендеше, рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана–болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Бала тәрбиелеу — ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттің ең бастысы.






