Мектепішілік ата-аналар жиналысы






15.05.2024 күні мектеп қабырғасында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын арттыру. Баланың жағымды әдеттер мен құнды қасиеттерді бойына сіңіріп, өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Күн тәртібінде:
- 2023-2024 оқу жылының жылдық қорытындысы.
(Ағатай А.Ә., «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры).
- Мектеп оқушыларының формаларына қойылатын талаптар туралы.
(Бердібаева Н.Б. «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ» КММ әлеуметтік педагогы).
- Буллингтің алдын алуда ата-ананың рөлі.
(Маханбетжанова М.М. «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ» педагог-психологы)
(Каскырбаева Э.С. мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)






