Қостанай облысында 2024 жылдың ақпан -мамыр айлары аралағында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітап оқу бойынша “Оқы және Жең”атты бірінші облыстық онлайн байқауын өткізген болатын.Осы байқауға біздің “Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі”КММ 8 ”б” сынып оқушысы Бегалиева Асем қатысып,І- турдан IV-турға дейін жетіп, финалға өтіп, жеңімпаз атанды. Биылғы жыл Асем үшін жемісті болды.Қалалық ғылыми жобадан І-орын болды, ,олимпиада пәндерінен де жетістікке ие болды. Мектеп басшысы Ағатай А.Ә және мектеп әкімшілігі Асемнің ата-анасына, ғылыми жоба жетекшісі Ержігітова А.С, сынып жетекшісі Муратова Р.Д ,алғыс жариялайды. Жарайсың Асем, біз сен үшін қуаныштымыз, алдағы уақытта осындай биік асуларға жете беруіңе тілектеспіз!