🎓МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бүгінгі күн бүкіл еліміздің мектеп түлектері үшін өте маңызды болды. Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ түлектері де мемлекеттік оқу орындарына тегін жолдама алды.
11 «А» сыныбының 85 пайызы грант иегерлері атанды, нақтылай айтқанда 27 оқушыдан 23-і өз мақсаттарына жетті.
Болашақ студенттерге алдағы уақыттағы жаңа қадамдарына жарқын бейне тілейміз. Ал келесі оқу жылының мектеп бітірушілеріне сәттілік жолдаймыз.
Армандар орындалады!






