Мектебімізде қысқы демалыс уақытында кәсіби біліктілікті жетілдіру курсынан өткен әріптестер шағын топтарға мұғалімдерді бөліп шебер-сыныптар өткізді. Бүгін 05 қаңтар 2023ж МИФ бірлестігі мүшелері Кенбаева Ж.С., Муратова Р.Д., Айтмуратова А.У. ұйымдастыруымен «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі- нәтижеге бағытталған білім беру негізі» тақырыбында МИФ; жаратылыстану және өнер бірлестіктері мұғалімдеріне шебер-сынып өткізілді. Шебер-сынып барысында мұғалімдерге «Ең жақсы мұғалім» бейнежазбасы көрсетілді. Топтарға бейнежазба бойынша жағдаяттық сұрақтар қойылды. Практикалық бөлімде «flippity»,»worwall», «zipgrade» оқу платформаларын қолданудың тиімділігі, қорытынды бөлімде «Жаңа формация мұғалімі» қандай болу керек? деген сұраққа жауап берілді. Әріптестердің өзара пікір алмасуы жүзеге асырылды.