Бүгін мектебімізде “Сенімен Болашақ” республикалық қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалымен бірлескен мектепішілік әкелер жиналысы «Бала бойындағы тұлғалық қасиеттерді қалыптастырудағы әкенің рөлі» тақырыбында өтті. Қазіргі жұмысбасты, отбасы қамы деп жүрген әкелерімізге отбасы тәрбиесі туралы Гульжан Жақсылыққызы әкелерге ой салды. Сонымен қатар қаламыздың беделді азаматы Хасенов Арман Сәбитбекұлы өз ойын ортаға салып, сөз сөйледі