Бүгін «Білімді ұрпақ-ел болашағы» атты әдістемелік онкүндіктің жабылу салтанатты жиыны өтті. Шағын орталық, мектепалды , бастауыш сыныптардың оқушылары қамтылды. Онкүндіктің жоспары қазіргі заман талабына сай QR кодпен таратылып, күндер атаулы тақырыпқа бөлініп 41 іс- шара жоспарланды. Атап айтқанда 25 заманауи үлгідегі ашық сабақ,4 ата-анамен жұмыс, 2 көрме, 3 кезеңде мұғалімдерге арналған іс-шара, 3 тілде көркем сөз оқу сайысы, көркем жазу, эссе сайысы, 1спорттық іс- шара, 2 ертегілік қойылымдар, 2 зияткерлік сайыс, 1 жоба қорғау,1 ұлттық құндылығымызды дәріптеуге қазақтың шаш өрімдері. Салтанатты жиында 130 оқушы мараппатталды.Барлық ұстаздарға,тәрбиешілерге, оқушыларға, ата-аналарға үлкен рахмет!!!