Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңі
2023 жылдың 20 қаңтар күні өткізілген 7-8 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне мектебімізден 7 оқушы қатысқан болатын. Нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7 «Б» сынып оқушысы Бегалиева Асем жүлделі ІІ орын (жетекшісі Ержигитова А.С.), 8 «Б» сынып оқушысы Ідірісова Айжан жүлделі ІІІ орын (жетекшісі: Каскырбаева Э.С.), орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 7 «А» сынып оқушысы Қожахмет Қарақат жүлделі ІІ орын (жетекшісі: Ромашева А.Х.), 8 «Ә» сынып оқушысы Ахметбекова Аружан жүлделі ІІ орынды (жетекшісі: Сабырбаева Т.К.) иеленді. Жеңімпаз оқушылар мен оқушыларды дайындаған жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!!!

2023 жылдың 31 қаңтар мен 03 ақпан күндері өткізілген 9-11 сыныптардың жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне мектебімізден 19 оқушы қатысқан болатын. Нәтижесінде, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9 «А» сынып оқушысы Каиржанова Аяжан мен 11 «А» сынып оқушысы Темиргалиева Аружан І орын (жетекшісі: Сагимбаева Ж.Т.), Қазақстан тарихы пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Куанышбаева Амина жүлделі ІІ орын (жетекшісі: Бейсенгалиева Ж.Г.), математика пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ергараева Салтанат жүлделі ІІ орын (жетекшісі: Кенбаева Ж.С.), биология пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Касенова Альбина жүлделі ІІІ орын (жетекшісі: Омиржанова С.Е.), география пәнінен 9 «В» сынып оқушысы Шаймерденова Лаура жүлделі ІІІ орынды (жетекшісі: Манарбек Е.Қ.) иеленді. Жеңімпаз оқушылар мен оқушыларды дайындаған жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!!!

Бастауыш 3-4 сыныптар арасында өткен пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінің нәтижесінде 3 ә сынып оқушысы Жәнібек Алихан -1 орын, жетекшісі Шагаева Ж.Д, 4б сынып оқушысы Жүзжасаров Жандаулет — 2 орын, жетекшісі Өміржан Т.Д. Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз.







