Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 78 жыл және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 31 жыл толуына орай ұйымдастырылған әскери- спорттық сайыс.
Облыстық «Батыр партасы» жобасын іске асыру барысында жоспарға сай бастауыш 3-4 сынып оқушылары «Майдангер ардагерге хат» тақырыбында өткен байқауға қатысып, ардагерлер ерлігімен танысып, деректерді пайдалана отырып, өздерінің таңқалыстарын білдіре отырып жазған жеңімпаздар бүгін мерекелік іс-шара аясында батыр партасына отырғызылды. Ергараева Гулнур, Каппарова Малика , Саламатов Саят, Какимжан Айым және Қожахмет Айсұлтан құттықтаймыз
9 мамыр жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара барысынан…
3 «В» сыныбында «Біз отанның сарбазы» «Ұлы жеңіс жасасын» атты тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Коспанова Л. Б
04.05.23 күні 5 «Ә» сыныбында 9 мамыр жеңіс күніне орай «Ерліктің нышаны — ерліктің белгісі» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Курсамбекова А.А.
4″б» сыныбында «Отан қорғаушылар» күніне орай Мен-елімнің ұланымын» атты сынып сағаты өтті.Сабақ оқушыларды елін сүйетін патриот болуға, ептілікке, батылдыққа тәрбиелейді.
3″Ә» сыныбында мереке қарсаңына орай «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға Отанын сүюге,ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік,отан сүйгіштік,ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын,елін қорғауға тәрбиелеу мақсатында. Сынып жетекшісі: Шагаева Ж.Д
3”а” сыныбында мерекеге орай сынып сағаты өткізілді.Сыныптың оқушылары батырларымыздың болашақ ұрпақтары екенін сезінді. Сынып жетекшісі Акмухамбетова Б.А
7-мамыр Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр Жеңіс күніне орай 2″Б» сынып оқушыларының мерекелік іс-шара өткізілді. Қыздар тобы құттықтау шағын концерт ұйымдастырды. сынып жетекшісі: Тустубаева А.А.
7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесінде мектебіміздің 10 сынып оқушылары қалалық іс-шараға өз үлестерін қосты…Оқушыларымыздың патриоттық сезімі шыңдала берсін. Жарайсыңдар!
Мерекеге орай «Елін қорғау-ерге серт» тақырыбында 2″В» сыбында тәрбие сағаты өткізілді. Батырлардың ерлік істеріне тағзым етуге,елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында. Шагаева Ж.Д