«Менің әкем ең мықты» тақырыбында әскери — спорттық ойын
15 мамыр- Отбасы күні мерекесіне орай мектебімізде жоспар бойынша «Менің әкем ең мықты» тақырыбында әскери — спорттық ойын өтті. Барлығы 16 әке қатысып, команда бойынша бақ сынасты «Батпақтан кешіп өту», «Нысанаға граната лақтыру», «АК74 автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру», «Кім мерген», психологиялық жағдаяттар шешу,» Білек күшін сынау», «Оқты шашып, қайта жинау» сияқты кедергілер өтті.. Барлық қатысушы белсенді әкелерімізге алғыс білдіреміз. Іс-шараға жауапты, өткізген сынып жетекшілері :Акмуханбетова Б. А және Молдрахметова К. Б.












