Мектебімізде “Рудный қалалық емханасы” КМК СӨС медбикесі Кельник Т.Б 9- сынып оқушыларына “Энергетикалық сусындар зияны мен қауіптілігі” туралы дәріс өткізді. Дәріс мақсаты:жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына,энергетикалық сусындардын зияны мен қауіптілігін түсіндіру, одан аулақ болу жақтарын оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрене білу. Жиын барысында оқушыларымыз көкейтесті сұрақтарын қойып, арнайы маманнан жауап алды.