27 қараша – “Шабыт күні” аясындағы тағылымды кездесу!
Дүниежүзілік балалар күніне орай мектебімізде «Шабыт күні» жарияланып, оқушыларды табысқа жетелеу, жігерлендіру мақсатында ерекше кездесу ұйымдастырылды.
“Жетістікке апарар жол – қаһарманмен диалог”тақырыбында өткен кездесудің құрметті қонағы — кәсіпкер, “Toibastar Рудный” дүкендер желесінің негізін қалаушысы, 15-мектептің 2005-2006 жылғы түлегі Жалғасова Ақтоты Тұрғанбайқызы болды.
Кездесу барысында Ақтоты Тұрғанбайқызы мектеп кезіндегі арманынан бастап, бүгінде жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолымен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кәсіпкерлік, табыс, еңбекқорлық, шабыт туралы пайдалы кеңестер алды.
Бұл жүздесу — болашаққа сеніммен қарауға, армандарға ұмтылуға шабыт берді!
Шабыт алаңы — өз мектебіміз!
Табыс кілті — өз қолымызда!
mektepparlamenti







