Тәрбие жұмысы

20.11.2023 ж 1-2 сыныптар арасында «Күзгі бояулар» тақырыбында қалалық көркем сөз байқауының мектепшілік кезеңі өтті. Жалпы байқауға 1-2 сыныптар арасынан 8 оқушы қатысты. Нәтижесінде 1″А»сынып оқушысы Абдибаева Нурсила және 2″В»сынып оқушысы Өтеміс Бақдаулет қалалық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

26.10.23 жыл. Мектебіміздегі мектепалды сыныптар мен шағын орталықта «Алтын күз» мерекесі өткізілді. Ата-аналардың көмегімен күз кереметтерінен жинақталған көрме ұйымдастырылды. Мерекеге тәрбиеленушілер қызығушылыкпен қатысып, көтеріңкі көңілмен тарады.

Күзгі көрме іс-шарасынан

«Күй күмбірі» үзіліс кезінде оқушылар күй тартып, күй тыңдайды.
«Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Шабыт» жобасы бойынша «Ұлттық мәдениет» көрмесі мектебімізде әр аптаның дүйсенбі-Ұлттық киім күні

Мектеп формасы

Сынып сағаттар

«Балбөбек» шағын орталығында ұйымдастырылған оқу тәрбие іс-әрекеттері барысынан

Біртұтас тәрбие жұмысына жылдық есеп 2025 оқу жылы

Біртұтас тәрбие жұиыстары бойынша жоспарлар

https://drive.google.com/drive/folders/1nttD7mTPcBKq6wOqq8eRn6xC2FzEAyVZ?usp=drive_link

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Шабыт”жобасы бойынша “ “Мектеп театры ”-ның жұмысы бойынша Театр және кино актеры “А.Байтұрсынұлы 150жыл” төм белгісінің иегері Әбдібек Марғұлан Назарұлымен кездесу

Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “ Міржақып мектебі-рухани өсудің ордасы” айлық жоспары бойынша. “әке жолы-ізгі жол” кеңесі және “Батыр”
ұлдар клубы жұмыс жоспар негізінде әкелер мен оқушылар арасында Волейбол ойыны
Өнегелі 15минут кітап оқу сәті

“Балбөбек” шағын орталығында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер барысы

Әкелер арасында “Асық ату” жарысы-2024ж

“Міржақыптың математика мектебі” зияткерлік ойыны-2024ж

“Оян Қазақ” желісі бойынша қойылымдар шеруі

“Ұлт мақтанышы-Бейімбет” атты әдеби сағат

“Суреттер сөйлейді” мақал-мәтелдерді табу айдарында іс-шара

Ізгілік сабақтары-2024ж

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде сауалнама

“Алаш ардақтысы” ғылыми- танымдық кездесуі-2024ж

Сынып сағаттар-2024ж

“Гәкку” қыздар клубында “Өнер тамған он саусақ Үзілмейтін ырысың” тақырыбында шебер-сынып

Суды үнемдеу челленджі

Ізгілік сабақтары

https://youtu.be/UnoHESmfI_U
https://www.youtube.com/watch?v=eSBvtaSTSfA

Соңғы қоңырау 23.05.2025 жыл

Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жұмыстар және жоспарларhttps://drive.google.com/drive/folders/1nttD7mTPcBKq6wOqq8eRn6xC2FzEAyVZ?usp=sharing

Абай мұрасы – мәңгілік өнеге ✨

Қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы мектеп оқушылары республикалық челленджге зор ықыласпен атсалысты.

Бұл игі шара – ұлы тұлғаның рухани қазынасын дәріптеп, оның өнегелі өмір жолына деген құрметтің айқын көрінісі.
Абайдың асыл сөздері мен даналығы әлі күнге дейін жастарды білімге құштарлыққа, биік адамгершілікке және Отанға деген шынайы сүйіспеншілікке жетелейді. 🇰🇿❤️

“Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған” – деген ұлы ақын мұрасы мәңгілік!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы Қазақстанның қаржы секторын түбегейлі жаңғыртуға бағытталған. Негізгі акцент – банктердің қаражатын нақты экономикаға тарту, цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыру және жаңа инвестициялық кезеңді бастау.

Бұл жерде үш стратегиялық бағыт айқын көрінеді:

  1. Банктердің экономикадағы рөлі Қазақстандық банктердің активтері жеткілікті, бірақ олардың басым бөлігі төмен тәуекелді қаржы құралдарына салынады.
    1. Цифрлық қаржы жүйесі
      Президент цифрлық теңгені кеңінен қолдануды, сонымен қатар цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құруды ұсынды. Криптоактивтерді стратегиялық резерв деңгейінде жинақтау – батыл әрі уақытылы шешім.
    2. Қауіпсіздік пен сенім
      Цифрландыру мүмкіндіктермен қатар тәуекелдер әкеледі. Онлайн-алаяқтықтың көбеюі – соның айқын дәлелі. Президенттің антифрод орталығы мен биометриялық жүйелерді енгізуді ерекше атап өтуі – дұрыс бағыт. Ендігі міндет – интеллектуалды киберқауіпсіздік жүйесін дамыту және заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеу.

Қазақстан қаржы нарығында жаңа кезең басталуда. Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін құру – елді өңірлік емес, жаһандық деңгейдегі цифрлық қаржы орталығына айналдыруға мүмкіндік береді. Бірақ мұның табысы банктердің белсенділігіне, мемлекеттің реформаларды сапалы іске асыруына және қоғамның цифрлық мәдениетіне байланысты болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңа стратегиялық міндетті айқындады – табиғатқа ұқыпты қарауды ұлттық идеологияның негізіне айналдыру. Бұл жай ғана экологиялық бастамалар туралы емес, елдің болашағын айқындайтын құндылықтық негіз қалыптастыру жөнінде сөз болып отыр.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы қазірдің өзінде қуатты қозғаушы күшке айналды: қысқа уақыт ішінде 860 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 4 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Миллиондаған азаматтар, әсіресе жастар белсенді қатысуда, бұл қоғамда жауапкершілік пен жасампаздық мәдениетін орнықтыруға ықпал етеді. Дегенмен мұндай игі істер бір реттік акциялармен шектелмеуі тиіс. Осы серпінді жүйелі түрде бекіту үшін мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық білім беру деңгейлерін қамтитын бірыңғай экологиялық ағарту стандарты енгізілуі қажет.

Экологиялық тәрбие тек білім беру ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Мұндай ұстанымсыз орнықты дамуды қамтамасыз ету мүмкін емес. Қазақстан табиғатты қорғау күнделікті өмір нормасына және ұлттық мақтанышқа айналған жасыл елге айналуға зор мүмкіндік иеленіп отыр.

Тарихта тұңғыш рет экология ұлттық идеология деңгейіне көтеріліп отыр. Бұл «жасыл вектор» дамудың өткінші үрдісі емес, қоғам санасының және мемлекеттік саясаттың тұрақты нормасы ретінде орнығуы тиіс дегенді білдіреді.

Отбасы күніне орай 5–7 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психологы Косбаева Айымжан Темирбековнамен «Саналы ата-ана болу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Әңгіме барысында ата-аналар балаларға көңіл бөлу, түсіністікпен қарау, отбасында қолдау көрсету маңыздылығын талқылап, сенімді қатынас орнатуға арналған пайдалы кеңестер алды.

2025 жылдың 9 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында Рудный қаласының Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының инспекторы аға лейтенант Жумагалиев Архат Жеңісұлы, аға лейтенант Қуаныш Медет Султангазинович 1-7 сынып мектеп оқушыларына «Жол қауіпсіздік ережелері» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Денсаулық және Отбасы күні

📅 9 қыркүйек – Тоғызқұмалақ күні

Ұлттық ойынымыз – Тоғызқұмалақ ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Ол зерделілікті, шыдамдылықты, ой ұшқырлығын арттырады.

Бұл күн 2021 жылдан бастап Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен ресми түрде аталып келеді.

✨ Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемге ортақ зияткерлік қазына!

📌 Эвакуациялық оқу-жаттығу іс-шарасы

Мектебімізде жоспарға сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын пысықтау мақсатында эвакуациялық оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.

Жаттығу барысында оқушылар мен педагогикалық ұжым дабыл белгісі берілгеннен кейін белгіленген тәртіп бойынша ғимараттан толық әрі уақтылы эвакуацияланды.

🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдай туындаған кезде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жылдам әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және мектеп ұжымының дайындық деңгейін арттыру.

Оқу-жаттығу жоспарға сай ұйымдастырылып, барлық қатысушылар тәртіп пен талаптарды толық орындады.

«Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – бала болашағының кепілі»

№1 мектепішілік ата-аналар жиналысы

17 қыркүйек 2025 жыл

Күн тәртібінде:

1.  Алғы сөз

           Мектеп директоры Ағатай Абзал Әміржанұлы

2.  Ата-аналар комитетінің трансформациясы

           Баяндамашы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы

3.  2024–2025 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асуы

          Баяндамашы: : Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы

4.  «ДосболLIKE» бағдарламасын орта білім беру ұйымдарында енгізу ерекшеліктері туралы, «Кітап оқитын ұлт» жобасы

         Баяндамашы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Парахатова Гуланар Рахатовна

5.  Ата-аналар комитетінің төрайымын сайлау. Ұйымдастыру және дауыс беру рәсімі

Мектеп директоры Ағатай Абзал Әміржанұлы

6.  Ата-аналардың ұсыныс-пікірлері

7.  Қорытынды сөз

Мектеп директоры Ағатай Абзал Әміржанұлы

«Ақ көгершін» ҚБ «Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Отбасылық — демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс- шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыра отырып, «Баланы тәрбиелеу мен дамытудағы әкенің рөлі» атты облыстық Әкелер слёті өтті. Слётке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы қатысты.

🌿 “Таза Қазақстан” акциясы – болашаққа жасалған қадам! 🌿

Бүгінгі таңда туған жердің табиғатын аялау – баршамыздың қасиетті борышымыз. Осы мақсатта ұйымдастырылған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясына мектебіміздің оқушылары мен Эко клубтың белсенді мүшелері үлкен үлес қосты.

Оқушылар табиғатты қорғаудың маңызын іс жүзінде көрсетіп, мектеп ауласын, көше бойын, жасыл желектерді қоқыстан тазартып, тазалық пен тәртіптің үлгісін танытты. Жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі өзгелерге өнеге болды. 🌍✨

Біз сенеміз: әрбір жасалған игі іс – еліміздің ертеңгі жарқын болашағына қосылған үлес. “Таза Қазақстан” акциясы – тек тазалық емес, жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың бірден-бір жолы. 🌱

«KUZ ART & FOOD FEST» көрме-жәрмеңкесі 🎨🍰
Күздің көркі мен шығармашылықтың үйлесімі!
Біздің оқушылар өз қолымен жасаған ерекше қолөнер бұйымдарын, дәмі тіл үйірер күзгі тағамдарын ұсынды. 💫
Бұл шара — өнер мен еңбектің, талғам мен шабыттың тоғысқан сәті болды! 🌻

KUZART #FoodFest #КүзгіЖәрмеңке #Шығармашылық #МектепӨмірі #ОқушыларЕңбегі

Республикалық «МІРЖАҚЫП ОҚУЛАРЫ» байқауы

📚 «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп кітапханасында 6 “А” сынып оқушыларына «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша ұсынылған 15 әдеби кітаптың атаулары таныстырылды.
Оқушыларға әр шығарманың мазмұны мен маңызы туралы ақпарат беріліп, қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгіме жүргізілді.

Біздің кітапханада аталған тізімдегі 8 әдеби шығарма бар, оларды кез келген оқушы алып оқуға мүмкіндік бар.
📖 Кітап – рухани байлықтың кілті!

АдалАзамат #КітапОқитынҰлт #МектепКітапханасы #ОқуМәдениеті #6Асыныбы

ҰСТАЗДАР КҮНІ

Міржақып Дулатұлының 140жылдығына орай қалалық ардагерлер кеңесі мүшелерімен жоспарлы кездесу.

Іс -шара барысында ардагерлерге Міржақып Дулатұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы таныстырылды. Мектебіміздегі Мірдақып Дулатұлына арналған мұражай көрмелерін таныстырылды. Заманауи жабдықталған оқу кабинеттері көрсетілді.

25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырған «Мәңгілік жаса, қыран елім-Қазақстаным!» атты іс -шара өткізілді.

25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырған «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз!» атты сурет байқауы өткізілді

Мектеп медбикесі Тажибаева Ж.К. мектеп оқушыларына “Темекі шекпейтін темекі өнімдерінін зияны мен кауіптілігі” тақырыбында дәріс оқыды.
Мақсаты:
📌Темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып,зиян әсерін ашу.
📌Салауатты өмір салтын қалыптастыру,жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
📌Оқушылардың өмірге,әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін,аурудың алдын-алуды үйрету,жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын,оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру,дамыту.

Бүгін мектебімізде ұлт ұраншысы, Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған облыстық ғылыми іс-тәжірибелік конференция өтті. Жалпы конференцияға облыс бойынша 99 жұмыс қабылданып, оның 41-і әділ қазылар алқасының оң бағасын алып, секциялық жұмыс барысында таныстырылды.

Педагогтар Міржақып Дулатұлының өмір жолы, шығармашылығы, ағартушылық қызметі және Алаш қозғалысындағы рөлі жөнінде тың баяндамалар ұсынды. Сонымен қатар, тұлғаның ұлттық сананы оятудағы еңбегі, «Оян, қазақ!» идеясының тарихи маңызы жан-жақты талқыланды.

Конференцияның пленарлық отырысына арнайы шақырумен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ-сі кешен басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы, Рудный қалалық құрмет тақтасының иегері, Рудный ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақын, қара сөз қаламгері Тілеуғабылов Жаңбыршы Тұқатұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің төрағасы, жазушы, алаштанушы, @atacreativehub баспасының бас редакторы Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, М. Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің оқытушысы Абдрахманова Райхана Казикановна қатысты.

Сонымен қатар, 2022 жылы мектебімізге Алаш зиялысының есімі берілген сәттен бастап, мектепте ұлы тұлғаның есімін дәріптеуге қала, облыс, республика деңгейінде ұйымдастырылған рухани-мәдени іс-шаралар жөнінде баяндалды. Солардың бірі – Абзал Әміржанұлының бастауымен 2023 жылы Міржақып Дулатұлының туған жеріне, Торғай өңіріне оқушылар мен педагогтарға экспедиция ұйымдастырылуы. Ағымдағы жылы мерейтой қарсаңында мектепте Міржақып Дулатұлының мұражайы ашылғаны аталып өтті.

Конференцияға қатысушылар ұлт мұрасы – ұлы тұлғаларды дәріптеу, олардың арман-мұратын бүгінгі ұрпақпен сабақтастырудың маңызын ерекше атап өтті. Осындай тағылымды іс-шаралар ел азаматтарының тарихи санасын кеңейтіп, өз елін, мәдениетін және мұрасын қадірлейтін азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Конференция соңында үздік жұмыс атанған қатысушылар облыстық білім басқармасының дипломымен марапатталды.

Міржақып Дулатұлының мұрасы – мәңгілік аманат!

МіржақыпДулатұлы #АлашҚайраткері #ҰлттықМұра #Білім #РуханиМәдениет #ҰрпаққаҮлгі #ҚазақӘдебиеті #ОянҚазақ #МектепІсШарасы #Қостанай #Мұражай #ТарихиСана #140Жыл #ҰлыТұлға #Педагогтар #ЖастарғаҮлгі

https://t.me/+toCssCDk2ccxYWUy

27 қараша – “Шабыт күні” аясындағы тағылымды кездесу!

Дүниежүзілік балалар күніне орай мектебімізде «Шабыт күні» жарияланып, оқушыларды табысқа жетелеу, жігерлендіру мақсатында ерекше кездесу ұйымдастырылды.

“Жетістікке апарар жол – қаһарманмен диалог”тақырыбында өткен кездесудің құрметті қонағы — кәсіпкер, “Toibastar Рудный” дүкендер желесінің негізін қалаушысы, 15-мектептің 2005-2006 жылғы түлегі Жалғасова Ақтоты Тұрғанбайқызы болды.

Кездесу барысында Ақтоты Тұрғанбайқызы мектеп кезіндегі арманынан бастап, бүгінде жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолымен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кәсіпкерлік, табыс, еңбекқорлық, шабыт туралы пайдалы кеңестер алды.

Бұл жүздесу — болашаққа сеніммен қарауға, армандарға ұмтылуға шабыт берді!

Шабыт алаңы — өз мектебіміз!
Табыс кілті — өз қолымызда!

mektepparlamenti